ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлерін құттықтаймыз!

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлерін құттықтайды!
2021 жылдың 28 желтоқсанында «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды. Республикалық комиссияның шешімімен биылғы үшінші іріктеу легі қорытындысы бойынша 569 қазақстандыққа стипендия тағайындалды. Оның ішінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессорлық-оқытушылар құрамының арасынан 8 қызметкер әлемдік университеттердің академиялық рейтингі QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education бойынша, академиялық рейтингтерінің үздік 250 позициясына енген Ұлыбритания, Чехия, Израиль және Ресей елдерінің жетекші шетелдік университеттерінде тағылымдамадан өтуге арналған шәкіртақы жеңіп алды.
Әріптестерімізді шәкіртақы жеңіп алуларымен құттықтаймыз және тағылымдамадан сәтті өтуге тілектеспіз!