«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ 2022 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарына ЖОО ішіндегі грантқа конкурс жариялайды.
2022 жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұсынылатын бағыттары:
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ ғылыми-зерттеу жұмыстарына ЖОО ішіндегі грант туралы ереже университет сайтында орналастырылып, декандарға жолданды.
Ережеге сәйкес ресімделген конкурстық өтінімдер Ғылым департаментінің бас маманы Ранова Г.А. (e-mail: gguullddeenn@mail.ru, 233 кабинет)электронды және қағаз нұсқада 24.12.2021 жылға дейін беріледі.