Бұл университеттік білімнің екінші деңгейі.
Магистратурада даярлық жоғары білім беру базасында екі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар: ғылыми-педагогикалық және бейінді.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратурада оқу бағдарламасы 2 жылға немесе 120 ESTC-ке есептелген.
Алынған біліктілік бітіруші түлектерге жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында жұмыс істеуге, оқытумен және зерттеу қызметімен айналысуға мүмкіндік береді.
Бейіндік бағыт бойынша магистратурада оқу бағдарламасы 1,5 жылға немесе 90 ESTC-ке, сондай-ақ 1 жылға немесе 60 ESTC-ке есептелген.
Алынған біліктілік бітіруші түлектерге экономиканың түрлі салаларында менеджер болуға мүмкіндік береді.
Магистратурада оқу негізінен қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады, жекелеген пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
Магистратура бағдарламалары қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, күндізгі форматта меңгеріледі.
Магистратурадағы оқу жылы 2 семестрге бөлінеді. Әр семестр 15 аптадан тұрады. Семестр емтихандармен аяқталады. Семестрлер арасында каникул белгіленеді. Оқу жылы ішіндегі демалыстың жалпы ұзақтығы, бітіруші курсты қоспағанда, 7 аптаны құрайды.
Келесі оқу курсына өту үшін магистрант жылдық жеке оқу жоспарын толығымен орындап, барлық емтихан пәндері мен практикалары бойынша оң баға алуы қажет.
Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық, практикалық және зерттеу дайындығынан тұрады.
Оқу процесінде магистрант өзінің оқу траекториясын дербес қалыптастыруға, оқу пәндерін және магистрлік диссертацияның зерттеу бағытын таңдауға мүмкіндігі бар. Жетістіктері зор магистранттарға академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға және семестр бойы қазақстандық немесе шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндік беріледі.
Соңғы курста магистрант бітіру сынақтарынан өтеді. Бағдарламаны сәтті игерген жағдайда бітіруші түлек магистр дәрежесін алады. Ол оған жоғары оқу орнынан кейінгі білімді талап ететін барлық лауазымдарды атқаруға, сондай-ақ докторантураға түсуге құқық береді.
Академиялық күнтізбе
1 курс (қыс, 2 семестр) 2022-2023
2022-2023 оқу жылы
№ |
Кадрлар даярлау бағытының атауы |
Білім беру бағдарламаларының атауы |
7M01 Педагогикалық ғылымдар |
||
|
Педагогика және психология |
|
|
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы |
|
|
Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау |
|
|
Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған педагогтарды даярлау |
|
|
||
|
||
|
Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау |
|
|
||
|
||
|
||
|
||
|
||
|
Гуманитарлық пәндер бойынша педагогтарды даярлау |
|
|
Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау |
|
|
||
|
||
|
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау |
|
|
Арнайы педагогика бойынша мамандар даярлау |
|
7М02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
||
|
Гуманитарлық ғылымдар
|
|
|
||
|
Тілдер және әдебиет |
7М02301 - Шетел филологиясы |
|
7М02302 – Қолданбалы филология |
|
7M03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат |
||
|
Әлеуметтік ғылымдар
|
7М03101 - Әлеуметтану |
|
7М03102 - Саясаттану |
|
|
||
|
7М03104 - Психология |
|
|
7М03201 - Журналистика |
|
7M04 Бизнес, басқару және құқық |
||
|
Бизнес және басқару
|
7М04101 - Экономика |
|
7М04102 - Әлемдік экономика |
|
|
7М04103 - Мемлекеттік және жергілікті басқару |
|
|
7М04104 - Менеджмент |
|
|
7М04105 - Іскерлік әкімшіліктендіру |
|
|
7М04106 - Жобаларды басқару |
|
|
7М04107 - Есеп және аудит |
|
|
7М04108 – Мемлекеттік аудит |
|
|
7М04109 - Қаржы |
|
|
7М04110 - Экономикалық қауіпсіздік |
|
|
7М04111 - Маркетинг |
|
|
Құқық
|
7М04201 - Мемлекеттік билік және басқару органдарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету |
|
7М04202 - Бизнесті заңдық қамтамасыз ету |
|
|
7М04203 - Соттық-прокурорлық қызмет |
|
|
7М04204 - Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы ісқимыл (КЖҚ/ТҚ) мен экономикалық қауіпсіздік |
|
|
7М04205 – Жеке құқық |
|
7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика |
||
|
Биологиялық және сабақтас ғылымдар |
7М05101 - Биология |
|
||
|
Қоршаған орта |
7М05201 - Экология |
|
7М05202 – Экологиялық аналитика және биоэкономика |
|
|
Физикалық және химиялық ғылымдар |
7М05301 - Химия |
|
7М05302 - Физика |
|
|
7М05303 - Техникалық физика |
|
|
Математика және статистика |
7М05401 - Математика |
|
7М05402 - Механика |
|
7M06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
||
|
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
|
|
||
7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары |
||
|
Инженерия және инженерлік іс
|
7М07101 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы |
|
7М07102 - Химия және химиялық инжиниринг |
|
|
7М07103 - Мұнай химиясы |
|
|
7М07104 - Жылу энергетикасы |
|
|
7М07105 – Байланыс жүйелерінің электроникасы және телекоммуникациялық технологиялар |
|
|
7М07106 – Сапаны бақылау және диагностика аспаптары мен әдістері |
|
|
7М07107 – Көлік, көліктік техника және технологиялар |
|
|
7М07108 – Нанотехнология және наноматериалдар |
|
7M11 Қызмет көрсету |
||
|
Қызмет көрсету саласы |
7М11101 - Туризм |
|
Көлік қызметтері |
7М11301 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану |
|
7М11302 – Логистика (сала бойынша) |
|
|
Әлеуметтік қамсыздандыру |
7М11401 - Әлеуметтік жұмыс |