Білім беру жобалары
«Инженерлік іс оқытушыларын педагогикалық даярлау» жобасы / 598506-EPP-1-2018-1-PT-EPPKA2-CBHE-JP ENTER
Жоба Erasmus+ бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Негізгі іс-қимыл: инновациялар және озық тәжірибелермен алмасу үшін ынтымақтастық.
Іс-қимыл түрі: жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру.
Жүзеге асыру мерзімі: 15.11.2018ж. - 14.11.2021ж.
Жоба серіктестері:
- Порту политехникалық институты, Португалия (жоба үйлестірушісі)
- Таллин технологиялар университеті, Эстония
- Дубнице-над-Вагомдағы Дубница технологиялық институты, Словакия
- Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университеті, Ресей
- Қазан ұлттық зерттеу технологиялық университеті, Ресей
- Тамбов мемлекеттік техникалық университеті, Ресей
- Дон мемлекеттік техникалық университеті, Ресей
- Вятск мемлекеттік университеті, Ресей
- «Болон клубы» білім беру саласындағы стратегиялық бастамалар агенттігі, Ресей
- Инженерлік білім беру қауымдастығы, Ресей
- Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Қазақстан
- Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан
- Қазақ инженерлік білім беру қауымдастығы, Қазақстан
Жобаның мақсаты:
- жоғары білікті инженер-педагогтарды даярлаудың тиімді әдістері саласындағы еуропалық тәжірибені талдау;
- электронды оқыту сияқты заманауи оқыту технологиялары негізінде ауыспалы модульдер жиынтығы бар инженерлік мамандықтар оқытушыларына арналған үш бағдарлама әзірлеу;
- инженерлік педагогикада жеке білім беру траекторияларын құру технологиясын әзірлеу;
- модульдерді іске асыруда және нәтижелерді таратуды қамтамасыз етуде халықаралық ынтымақтастық модельдерін әзірлеу;
- құқықтық қамтамасыз ету бойынша құжаттарды және желілік ынтымақтастық ережелерін әзірлеу;
- инженер-педагогтер игерген кәсіби құзыреттілікті бағалау критерийлерін және оқу бағдарламаларының сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу.
Жоба банері:
Сілтемелер: http://www.isep.ipp.pt/Page/ViewPage/ENTER
http://www.erasmus-enter.org/
https://info.ksu.kz/?page_id=12149
«Қазақстанда дуалды жүйені енгізу» жобасы / 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP KAZDUAL
Жоба Erasmus+ бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Негізгі іс-қимыл: инновациялар және озық тәжірибелермен алмасу үшін ынтымақтастық
Іс-қимыл түрі: жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру
Жоба түрі: құрылымдық
Жүзеге асыру мерзімі: 25.01.2021ж. - 24.01.2024ж.
Жоба серіктестері:
- М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан (жоба үйлестірушісі)
- Магдебургтегі Отто фон Герике университеті, Германия
- Аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты, Германия
- Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Орталық және Шығыс Еуропалық агенттіктер желісі, Германия
- Тироля жоғары педагогикалық мектебі, Австрия
- Таллин жоғары педагогикалық мектебі, Эстония
- Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан
- Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы уиверситеті, Қазақстан
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік, Қазақстан
- Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Қазақстан
- Электротехникалық колледж, Қазақстан.
Жобаның мақсаты - жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес студенттердің құзыретін жақсартатын, түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін арттыратын және жеке сектормен ынтымақтастықты нығайтатын Қазақстандағы дуалды жүйені бейімдеу.
Жобаның міндеттері:
- заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсыну/Қазақстанда дуалды білім беруді бейімдеу бойынша нормативтік құжаттар;
- студенттерге формалды білімді жұмыс орнында алған оқумен үйлестіре отырып, анағұрлым өзекті білім мен дағдылар алуға мүмкіндік беру;
- жұмыс берушілердің, жоғары оқу орындары мен студенттердің өнеркәсіптің түрлі салаларындағы әр түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қолдайтын дуалды жоғары білім беру моделін әзірлеу, сондай-ақ жоғары оқу орындарына дуалды білім беруді енгізу бойынша ұсынымдар беру;
- кәсіптік колледждердің бағдарламаларын жоғары оқу орындарына түсушілерге қойылатын талаптармен үйлестіру;
- жоғары оқу орындары мен компаниялардың дуалды оқытуды қолдауға және енгізуге қызығушылығын арттыру, студенттердің оқудан шығарылуын төмендету;
- дуалды білім беру мен кәсіптік оқытудың желілік және зерттеу орталығын құру.
Жоба банері:
Сілтемелер: https://instagram.com/kazdual?igshid=5rk1yqi5ph53
https://www.facebook.com/kazdual.kz