2021 жылдың 15 қарашасы мен 2021 жылдың 10 желтоқсаны аралығында экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясының Трапезников В.А. атындағы Басқару мәселелері институтының доценті (Ресей Федерациясы) Вечкинзова Елена Анатольевна экономика факультетінің білім алушыларына дәрістер курсын оқиды.
Курстың қысқаша мазмұны
Курстың мақсаты-экономика, технологиялық кәсіпкерлік және инновациялық жобаларды басқару саласында теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін қалыптастыру.
Курстан өткеннен кейін тыңдаушылар инновациялық экономика мен технологиялық кәсіпкерліктің жұмыс істеу ерекшелігін, инновациялық жобаларды әзірлеуді, іске асыруды және масштабтауды басқару әдістерін білетін болады, сондай-ақ бизнес-модельді таңдауды жүзеге асыра алады, Стартап нысанындағы жобалау қызметін жоспарлай алады, жобаның инвестициялық тартымдылығын бағалай алады.
Қосымша ақпарат алу үшін факультет деканатына хабарласыңыз.