2022 жылдың 17 қазанынан бастап 2022 жылдың 12 қарашасына дейін х.ғ.д., Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің (Ресей) профессоры Бабаев Евгений Вениаминович химия факультетінің білім алушыларына арналған дәрістер курсын оқиды.
Курстың қысқаша мазмұны
«Гетероциклдар химиясы» оқу пәнінің негізгі мақсаты фармакологиялық белсенд ігетероциклдердің реактивтілік қабілетіне базалық акцент жасап отырып, органикалық химия мен гетероциклдар химиясының базалық курсын толықтыратын гетероциклді жүйелердің реактивтілік қабілетінің ерекшелігі туралы заманауи түсініктер мен таныстыру болып табылады. Пәннің негізгі міндеттері:
- Гетероароматикалық пи-жүйелерінің үш түрге фундаменталды жіктелуі мен таныстыру және белгілі фактілер мен олардың реактивтілік механизмдерін түсіндіру үшін де, гетероциклдердің қатысуымен реакцияларды өзбетінше жоспарлау үшін де осы жіктеуді қолдану.
-Пайдаланылған реагенттердің полярлық типіне негізделген гетероциклдердің ретросинтезінің базалық тұжырымдамасымен танысу.
Курсқа фармакологиялық маңызды гетероциклдерді синтездеу әдістері енгізілген.
Қосымша ақпарат алу үшін факультет деканатына хабарласыңыз.