2022 жылдың 13-14 ақпан аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, маркетинг кафедрасы, сондай-ақ цифрлық экономиканы зерттеу институты сіздерді «Туризм» мамандығы бойынша III Халықаралық қашықтық олимпиадасының жұмысына қатысуға шақырады.
Олимпиада келесі бағыттар бойынша өтеді:
11 ақпанға дейін Халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысуға ниет білдірген командалар ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына нысан бойынша өтінім жіберуі қажет: international_tourolimpiada@mail.ru. Бір оқу орнынан 2 командадан артық емес өтінім берілуі мүмкін.
I тур «Фотопроект» - әр команда өз қаласының/аймағының «бүкіл әлемді шарлап кететін», өзінің ерекшелігімен баурап алатын туристік объектілерінің 5-7 фотосуретін ұсынады, фотосуреттер және түсіндірме жазбасы бар мұрағат .rar/.zip. нысанында Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2022 жылдың 13 ақпанының 00:00 сағатына дейін ұйымдастыру комитетінің электронды мекенжайына жіберіледі: international_tourolimpiada@mail.ru.
II тур «Бейнеролик» – команданың сараптау комиссиясының қарауына жұмыстарды ұсынуы. Бейнеролик олимпиада бағыттары бойынша орындалуға тиіс, бейнежазба Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2022 жылдың 14 ақпанының 00:00 сағатына дейін ұйымдастыру комитетінің электронды мекенжайына жіберіледі: international_tourolimpiada@mail.ru.
Жұмысқа қойылатын негізгі талаптар Халықаралық қашықтық олимпиадасы туралы Ережеде көрсетілген.
Барлық сұрақтар бойынша байқаудың ұйымдастыру комитетіне электронды мекенжай бойынша international_tourolimpiada@mail.ru және де телефондар арқылы: +77078677878 (Гребенюк Дарья Дмитриевна), +77081506250 (Искакова Айгерим Тойболовна), +77015120348 (Ташенова Лариса Владимировна) хабарласуға болады.