Директорлар кеңесінің 24.12.2021 ж. шешімімен (№10 Хаттама) "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ 2020-2024 жылдарға (2022 жыл) арналған даму жоспарын нақтылау бекітілді(сәйкестендіргіш 14-990540002444-2020-017).
Директорлар кеңесінің 24.12.2021 ж. шешімімен (№10 Хаттама) университеттің үшінші миссиясын жүзеге асыру бөлігінде "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ 2020-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына өзгерістер енгізілді.
Директорлар кеңесінің 29.11.2021 ж. шешімімен (№9 Хаттама) "Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын жартыжылдық нақтылау (2021 жыл, 2 жартыжылдық нақтылау) бекітілді (сәйкестендіргіш14-990540002444-2020-016).
Директорлар кеңесінің 29.11.2021 ж. шешімімен (№9 Хаттама) "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының 2020 жылға іске асырылуын бағалау бекітілді. 2020 жылы "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылуын бағалау қанағаттанарлық деген шешім қабылданды.
Директорлар кеңесінің 10.11.2021 ж. шешімімен (№8 Хаттама) "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ Ішкі аудит қызметінің 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңге арналған Жылдық аудиторлық жоспары бекітілді.
«Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Компанияның 100% акциясын иеленетін және пайдаланатын (Жалғыз акционер) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 346 бұйрығымен «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 171 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның корпоративтік басқару кодексінде:1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Корпоративті басқару кодексі (бұдан әрі - Кодекс) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Қоғам) өз қызметі барысында Қоғам ішіндегі және басқа да мүдделі адамдармен қатынастарда басшылыққа алатын ережелер жиынтығы болып табылады.
Кодекс - «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген;50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«50. Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлар кіреді. Директорлар кеңесі мүшелерінің саны кемінде үш адамнан тұрады. Қоғамның Директорлар кеңесі құрамының кем дегенде отыз пайызы тәуелсіз директорлар болуға тиіс. Қабылданатын шешімдердің тәуелсіздігін Жалғыз акционерге әділ қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін тәуелсіз директорлардың саны жеткілікті болуы тиіс. Директорлар кеңесінің құрамы гендерлік теңгерімді сақтауы тиіс.Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері Қоғамды басқару немесе оның меншігі объективті ойлауды жүзеге асыруға кауіп төндіруі мүмкін қандай-да бір материалдық мүдделерге немесе қатынастарға байланыссыз болып табылады.Тәуелсіз және объективті шешімдер қабылдау үшін жеткілікті кәсіби дербестілікке ие, жекелеген акционерлердің, атқарушы органның және өзге де мүдделі тараптардық ықпалынан еркін адам тәуелсіз директор болып танылады.Тәуелсіз директорларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғам Жарғысына сәйкес белгіленеді.Тәуелсіз директорлар мүдделер қақтығысы болуы мүмкін мәселелерді (қаржылық және қаржылық емес есептілікті дайындау, оған қатысты мүдделілік бар мәмілелерді жасау, Басқарма құрамына үміткерлерді жылжыту, Басқарма мүшелеріне сыйақы белгілеу) талқылауға белсенді түрде қатысады. Тәуелсіз директорларды Директорлар кеңесінің негізгі - аудит, тағайындау және сыйақылар комитеттерінің төрағалары сайлайды, басқа комитеттерде олар төраға ретінде сайланады.Тәуелсіз директор тәуелсіздік мәртебесінің жоғалту ықтималдығын және мұндай жағдайлар болған жағдайда, Директорлар кеңесінің төрағасына алдын-ала хабарландыруды қадағалайды. Директорлар кеңесі мүшесінің тәуелсіздігіне ықпал ететін мән-жайлар болған жағдайда, Директорлар кеңесінің төрағасы дереу осы ақпаратты тиісті шешім қабылдау үшін акционерлердің назарына жеткізеді».мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:«56-1. Директорлар кеңесінің мүшелері - тәуелсіз директорлармен шартты Басқарма Төрағасы - Ректор (Президент - Ректор) жасайды».
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында Қоғамның 100% акциялар пакеті бар (Жалғыз акционер):
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2021 жылғы № 328 бұйрығымен «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 шілдедегі №322 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілді:
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) директорлар кеңесінің сандық құрамы 8 (сегіз) адам болып белгіленсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамында
«
Дәуленов Мирас Мұхтарұлы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі; |
Ерғалиев Қуаныш Асылханұлы | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі; |
Күмісбеков Айбек Күмісбекұлы | «B2C» ЖШС директоры, тәуелсіз директор. |
Директорлар кеңесінің 03.06.2021 ж. шешімімен (№5 Хаттама) "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті"КЕАҚ Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Ішкі аудит қызметінің және корпоративтік хатшысының өзін-өзі бағалау нәтижелері бекітілді.
Директорлар кеңесінің 03.06.2021 ж. шешімімен (№5 Хаттама) "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ-ның 2020 жылғы жылдық есебі бекітілді.
Директорлар кеңесінің 03.06.2021 ж. шешімімен (№5 Хаттама) 2020 жылға "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КЕАҚ даму жоспарының орындалуы туралы есеп бекітілді (идентификатор 14-990540002444-2020-010).
Директорлар кеңесінің 03.06.2021 жылғы шешіміне сәйкес (№5 Хаттама) Директорлар кеңесінің төрағасы қайта сайланды.
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Жалғыз акционер Директорлар кеңесінің қазіргі құрамына өзгерістер енгізгенге дейінгі мерзімге Бексұлтанов Құдайберген Бексұлтанұлы сайланды
Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті "КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында қоғамның 100% акциялар пакеті бар (жалғыз акционер):
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 28.05.2021 жылғы № 247-1 бұйрығымен»:
1. «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - қоғам) 2020 жылға жылдық қаржылық есептілігі бекітілді.
2. Қоғамның 2020 жылғы 223 713 196,28 теңге (екі жүз жиырма үш миллион жеті жүз он үш мың бір жүз тоқсан алты теңге жиырма сегіз тиын) мөлшеріндегі таза табысы қоғамның билігінде қалды.
3. 2020 жыл ішінде акционердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне өтініштері келіп түспегені анықталды.
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында Қоғамның 100% акциялар пакеті бар (Жалғыз акционер):
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27.04.2021 жылғы № 183 бұйрығымен «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 шілдедегі №322 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілді.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамында:
«
Тойбаев Амангелді Сағынбайұлы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы (келісім бойынша) |
Жәйжұманова Әсемгул Абайқызы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасының басшысы (келісім бойынша) |
Директорлар кеңесінің 23.04.2021 ж. шешімімен (№4 Хаттама) 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ 2020-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын орындау қанағаттанарлық деп танылды.
Директорлар кеңесінің 23.04.2021 ж. шешімімен (№4 Хаттама) 2020 жылға «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның жылдық қаржылық есептілігі алдын ала бекітілді және өткен қаржы жылына таза табысты бөлу бойынша ұсыныстар енгізілді
Директорлар кеңесінің 23.04.2021 ж. шешімімен (№4 Хаттама) 2021 жылы «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын жартыжылдық нақтылау бекітілді.
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында Қоғамның 100% акциялар пакеті бар (Жалғыз акционер):
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 19.04.2021 жылғы № 171 бұйрығымен коммерциялық емес акционерлік қоғамның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы корпоративтік басқару Кодексі бекітілді.
«Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Жалғыз акционер) қабылдаған шешім туралы хабарлайды, оның иелігінде және пайдалануында Қоғамның 100% акциялар пакеті бар:
«Аудиторлық ұйымды анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 11.03.2021 жылғы № 103 бұйрығымен «GG-Audit Consulting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік Қоғамының 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым болып анықталды.
№ | Корпоративтік оқиғалар | Мерзімі |
1 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ 2020 жылға арналған аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау туралы мәселені жалғыз акционердің қарауына шығару. | 2021 жылғы ақпан |
2 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-тың 2020 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту. | наурыз 2021 |
3 | Өткен қаржы жылы үшін кірісті бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу | наурыз 2021 |
4 | 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ 2020-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарының орындалуы туралы есепті бекіту | сәуір 2021 |
5 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының 2021 жылғы бөлігіндегі жартыжылдық нақтылауын бекіту. | сәуір 2021 қазан 2021 |
6 | Бірыңғай операторға «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған бекітілген нақтыланған даму жоспарын бағыттау. | бекітілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде |
7 | Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Ішкі аудит қызметінің және Корпоративтік хатшының бағалауы | сәуір 2021 |
8 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ 2020 жылға арналған аудиттелген қаржылық есептілігін бекіту | мамыр 2021 |
9 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті бекіту | маусым 2021 |
10 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ 2020 жылға арналған жылдық аудиттелген қаржылық есептілігін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жариялау. | 2021 жылғы 31 тамыздан кешіктірмей |
11 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында 2020 жылдың қорытындысы бойынша Басқарма мүшелерінің сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты жариялау | 2021 жылғы 31 тамыздан кешіктірмей |
12 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-тың 2020 жылға арналған жылдық есебін корпоративтік веб-сайтта жариялау | мамыр 2021 |
13 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның Жылдық аудиторлық жоспарын бекіту | қазан 2021 |
14 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның 2020-2024 жылдарға арналған 2022 жылдың бөлігінде даму жоспарын жыл сайын нақтылауды бекіту | 2021 жылғы 25 қазаннан кешіктірмей |
15 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ-ның бірыңғай операторға 2020-2024 жылдарға арналған бекітілген жыл сайынғы даму жоспарын нақтылау бағыты | бекітілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде |
16 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің және/немесе Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы хабарлама | туындауына қарай, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде |
17 | «Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ өзге де маңызды корпоративтік оқиғалар туралы хабарламасы | туындауына қарай, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде |