кафедра меңгерушісі
экономика ғылымдарының кандидаты
доцент
Телефон: +7 7212 356302 внутр. 11-12
E-mail: elmira5as@mail.ru
Университет көшесі, 28
№1 ғимарат, 420 кабинет
Instagram
Кафедра бухгалтерлік есеп, аудит, мемлекеттік аудит, бағалау саласындағы мамандарды дайындайды. Қазақстан Республикасының кәсіптік стандарттарына cәйкес әзірленген, жұмыс берушілердің заманауи талаптарына, сондай-ақ жетекші шетелдік университеттердің тәжірибесін және тағылымдаманы ескере отырып кафедра үш бакалавриаттық және екі магистрлік бағдарламаны ұсынады.
Бағдарламалардың ерекшелігі - Еуропа университеттерімен қос дипломды білім алу, елегі ірі отандық және шетелдік компанияларда тәжірибеден және тағылымдамадан өту, университетте оқу процесінде тәжірибе жинақтау, түлектерді 100% жұмысқа орналастыру (оның ішінде отандық және шетелдік компанияларда).
Кафедраның барлық бағдарламалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі топтар оқытылады. Магистратурада кейбір негізгі пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
Студенттерге Қазақстан нарығында және шетелдің еңбек нарығында өзекті және тапшы мамандықтар бойынша сұранысқа ие білім беру бағдарламалары ұсынылады.
Кафедра халықаралық қаржылық есептілік стандарттары сияқты өзекті пәндерді оқытуды ұсынады. Атап айтсақ: Аудиттің халықаралық стандарттары; Қаржылық есеп; 1С бухгалтерлік есеп; Мемлекеттік сатып алулар; Сауда, туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, құрылыс, ауыл шаруашылығы саласындағы есеп; Басқару есебі; Мемлекеттік аудит; Мемлекеттік қаржылық бақылау; IT аудит; Бизнесті бағалау; Мүлікті бағалау; Жерді бағалау және жерді тіркеу; Машиналарды, жабдықтар мен көлік құралдарын бағалау; Сметалық іс; Жылжымайтын мүлікті техникалық қадағалау; Статистика және ұлттық шоттар жүйесі және т.б.
Кафедра ғылыми қызметпен белсенді айналысады, есеп және аудит, мемлекеттік аудит, әлеуметтік-экономикалық үдерістер, мүлікті бағалау саласында әртүрлі зерттеулер жүргізеді.
Кафедра университеттің цифрлық экономиканы зерттеу институтымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Институт қызметі шеңберінде кафедра студенттері мен магистранттары гранттық ғылыми жобаларды іске асыруға, ғылыми жұмыстар байқауларында және пәндік олимпиадаларда, алыс және жақын шетелдердің жетекші ғылыми журналдарында бірлескен мақалалар жариялауға мүмкіндіктері бар.
Кафедрада жыл сайын «Есеп және аудит», «Мемлекеттік аудит», «Бағалау» бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, магистранттар арасында бес олимпиада өткізеді, оның ішінде «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары», «Халықаралық аудит стандарттары», «Халықаралық бағалау стандарттары» атты қашықтықтан 3 халықаралық олимпиада, сонымен қатар профессор К.К.Каракесов атындағы бухгалтерлік есеп бойынша және 1С: Бухгалтерлік есеп бойынша екі аймақтық олимпиада ұйымдастырады.
Есеп және аудит кафедрасы бірнеше рет «Бухгалтерлік есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша республикалық пәндік олимпиаданы және «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарындағы студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша базалық университет болды.
Кафедра үнемі студенттердің, магистранттар мен кафедра оқытушыларының қатысуымен білім беру іс-шараларын, сонымен қатар студенттердің шығармашылық әлеуетін ашатын түрлі байқаулар, фестивальдар, көрмелер өткізеді.