кафедра меңгерушісі
PhD, қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 356251
E-mail: zhanibek862010@mail.ru
Университет көшесі, 28, №1 ғимарат, 448 каб.
Instagram
Кафедра бизнес және басқару саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар дипломды мамандарды дайындайды, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады.
Кафедрада оқудың артықшылығы - қос дипломды білім беру аясында шетелдік жоғары оқу орнының екінші дипломын алу мүмкіндігі, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысу, инновациялық білім беру бағдарламалары аясында заманауи пәндерді оқу.
Студенттерге еңбек нарығында өзекті жаңа және тапшы мамандықтар бойынша кең бейінді мамандарды даярлауға бағытталған білім салаларының түйіскен жерінде болашағы бар пәнаралық білім беру бағдарламалары ұсынылады.
Кафедра келесі өзекті пәндерді зерделеуді ұсынады: фирма экономикасы, экономикалық талдау, цифрлық экономика, халықаралық бәсекеге қабілеттілік, сыртқы экономикалық қызметтегі тәуекелдер, қолданбалы бизнес, инновациялық кәсіпкерлік және стартаптар, жобаларды басқару, еңбекті ұйымдастыру, еңбекті нормалау, Foreign trade policy, Economу of the firm, International Trade and World Goods Markets, Еconomic policy, Globalization and regionalization, International trade in services.
Кафедрада Өзбекстан, Ресей, Германия, Әзірбайжан азаматтары білім алуда.
Кафедра жанында бизнес-зертхананы қамтитын жастар кәсіпкерлігі орталығы; коворкинг орталығы, қолданбалы экономика және бизнес кабинеті жұмыс істейді. Орталықтың жұмысы студенттердің «ENACTUS» халықаралық әлеуметтік және бизнес-жобалар бағдарламасына белсенді қатысуы мен жеңістерімен, хакатондардағы жеңістерімен, стартап-жобалар конкурстарымен, стартаптарды қаржыландырумен ерекшеленді.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің институционалдық негіздерін зерделеумен және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешумен, кәсіпкерлікті, инновацияларды дамытумен байланысты.