кафедра меңгерушісі
PhD докторы
доцент
Телефон: +7 72 12 770413
E-mail: kaf.fil2018@mail.ru
Мұқанов көшесі, 1, № 9 ғимарат
Instargam
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат 6В02303 «Шетел филологиясы». Бағдарлама лингвистика және әдебиеттану саласында бірнеше шет тілдерін терең оқытуды көздейді. Білім алушылардың пәндердің жартысын шет тілінде оқуға, сонымен қатар екінші шет тілі ретінде ағылшын, неміс, француз, қытай тілдерін меңгеруге мүмкіндігі бар. Үшінші тіл ретінде итальян тілі оқытылады. Бағдарламаға әдебиеті мен тілі оқытылып жатқан елдердің мәдениеті, шет тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі, стилистика, оқытылатын тілдің теориялық негіздері, мәдени қарым-қатынас негіздері, әртүрлі жанрдағы мәтіндерді интерпретациялау және талдау, лингвоелтану және тағы басқа пәндерді оқыту кіреді.
Бағдарламаны бітірушілер гуманитарлық ғылым бакалавры дәрежесін алады.
Магистратура 7М02305901 «Шетел филологиясы». Білім беру бағдарламасы шет тілінде білім берудің үздік технологияларын меңгерген жоғары дәрежедегі филолог-ізденушілерді, жоғары оқу орнының оқытушыларын дайындайды. Магистратурада оқу ғылыми-зерттеу жұмысын жазуда өз бетінше шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға, кәсіби дайындық деңгейін арттыруға бағытталаған. Оқыту кезеңінде магистрант тарих және философия ғылымдарының, жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы негіздерімен танысады.
Магистратура шеңберінде оқытылатын негізгі пәндер: «Лингвистика және әдебиеттанудағы кәсіби шетел терминологиясы», «Шетел филологиялық ілімдерінің қазіргі әдіснамасы», «Шетел тілі дискурсының когнитивтік негіздері» және тағы басқалар.
Магистратураны бітірушіге филолог-зерттеуші, редактор, баспагер, жоғары оқу орнының шет тілі және әдебиеті оқытушысы ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесі беріледі.