кафедра меңгерушісі
доктор (PhD)
доцент
Телефон: +77 7212 770438
E-mail: foreign_lang@ksu.kz
Мұқанов көшесі, 1, 9-ғимарат, 218-кабинет
Facebook, Instagram
Білім беру бағдарламалары
6В01705 - Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын - неміс / француз / қытай): бакалавриат. Осы мамандық бойынша студенттер тілдік, шет тілді, үш тілді білім беру, Қазақстандағы шет тілдік оқытудың қазіргі жағдайы, орта білім берудің жаңартылған мазмұны, педагогикалық акмеология негіздері және шет тілдік білім беру және тәрбие жұмысының әдістемесі аясында инновациялық әдістер мен технологиялар бойынша білім алады. Түлектер білім беру бакалавры дәрежесіне ие болып, орта мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында шет тілдер мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілер; шет тілі курстарының оқытушылары; аудармашылар, оқу бөлімдерінде, біліктілікті арттыру институттарында маман ретінде жұмыс істей алатын болады.
7М01701901 - Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын - неміс / француз / қытай): магистратура. Бағдарлама терең ғылыми, тілдік және педагогикалық дайындыққа бағытталған. Түлектер педагогика ғылымдары бойынша магистр академиялық дәрежеге ие болып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жұмыс істей алады; шет тілдік дайындық саласындағы оқу үдерісін ұйымдастыра алады; ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеушілік қызметімен айналысады.
8D01702 - Шет тілі: екі шет тілі (ағылшын - неміс / француз / қытай): докторантура. Бағдарлама ғылыми, тілдік және педагогикалық дайындықтары бар жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеу секторы үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауға бағытталған. Түлектер PhD философия докторы академиялық дәрежесіне ие болады және университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады. Оқытушылар бейіні «ПОҚ бейіні – 2.12» нысанын қараңыз.