кафедра меңгерушісі
филология ғылымдарының кандидаты
доцент
Телефон: +7 7212 770366
E-mail: phil_faculty@ksu.kz
Мұқанов көшесі, 1, № 8 ғимарат
Facebook
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Қазақ тіл білімі кафедрасының негізі 1938 жылы қаланған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Қ.К.Тұңғышбаев болды. Әр жылдары кафедраны ф.ғ.к., доцент Ф.Кенжебаева, ф.ғ.д., ф.ғ.к. доцент С.Р.Ыбыраев, ф.ғ.д., профессор Х.М.Нұрмұқанов, ф.ғ.д., профессор Ж.А.Жақыпов, ф.ғ.д., профессор Ш.Мажитаева басқарды. 2020-2021 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі – ф.ғ.к., доцент С.А. Кенжеғалиев.
Оқытушылар:
Бүгінгі күні кафедрада 13 оқытушы қызмет атқарады. Олардың ішінде филология ғылымдарының докторлары, кандидаттар, магистрлер, сондай-ақ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері (профессор Ш.Мажитаева мен доцент С.А. Кенжеғалиев) бар.
Білім алушылар:
Білім алушылардың контингенті тұрақты өсуде, үш жылдың ішінде бір жарым есе артты. Кафедра студенттері арасында Өзбекстан, Моңғолия, Қытай азаматтары, Қазақстанның өзге өңірлері өкілдері бар. Кафедра студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысады, Қытай университеті мен Қазақстанның ұлттық университеттерінде білім алуда.
Білім беру бағдарламалары:
2019-2020 оқу жылында 6В01702 «Қазақ және ағылшын тілдері» (бакалавриат) мамандығы ашылды.
Жұмысқа орналасу:
Кафедра түлектері университетті бітірген соң жұмысқа оңай орналасады, қызметте табысқа жеткендері көп. Түлектеріміздің жұмысқа орналасу көрсеткіші 80 %-дан асады.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық білім беру бағдарламалары ұлттық аккредиттеуден өткен және ұлттық рейтингілерде лайықты орындарға ие: «Филология» мамандығы алғашқы бестікке кірсе, «Атамекен» рейтингісі бойынша «Қазақ және ағылшын тілдері» мамандығы бірінші орын алды.
Серіктестер:
Кафедра шетелдік әріптестермен белсенді қарым-қатынаста. Профессорлық-оқытушылар құрамы түрлі халықаралық оқу орындарымен ғылыми байланыс жасайды, олардың ішінде Әлем тілдері университеті (Ташкент қ., Өзбекстан), Бонн университеті (Германия), Ресей Халықтар достығы университеті (РУДН, Москва, Ресей), Чинжянь, Іле университеттері (ҚХР) бар. Аталған жоғары оқу орындарымен бірлесіп филология магистрлері мен PhD докторанттар дайындау туралы келісімшарт жасалып, меморандумға қол қойылған.