кафедра меңгерушісі
химия ғылымдарының кандидаты
доцент
Телефон: +7 7212 34-19-40
E-mail: kafedra_organiki@mail.ru
Мұқанов көшесі, 41, №6 ғимарат
Білім беру бағдарламалары
6B05303 «Химия және химиялық инженерия»: бакалавриат. Бағдарлама химия мен технологиялық процестерді өнеркәсіптік ауқымда, сонымен қатар мұнай-газ ісінің негізінде жатқан химиялық және технологиялық процестерді: дайындау, мұнай мен мұнай өнімдерін қайталама өңдеу, заманауи химиялық процестерді зерттеумен байланысты. Түлектер инженерия және технологиялар бакалавры дәрежесін алады және органикалық заттар, полимерлер, бояулар мен лактар өндірісі, мұнай, газ және көмір, көмірсутектерді қайта өңдейтін кәсіпорындарда технолог, инженер болып жұмыс істей алады.
6B07202 «Фармацевтикалық инженерия және нанотехнологиялар»: бакалавриат. Бағдарлама дәрі-дәрмектерді зерттеумен, әзірлеумен, өндірумен және нарықтық зерттеулермен байланысты. Студенттер дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру, стандарттау, сертификаттау және лицензиялау саласындағы заманауи маманға қажет білім, білік және дағдыларды игереді. Түлектер инженерия және технологиялар бакалавры дәрежесін алады және фармацевтикалық өндірісте, стандарттау, сертификаттау және лицензиялау органдарында, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын кәсіпорындарда технолог, инженер ретінде жұмыс істей алады.
6B07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»: бакалавриат. Бағдарлама дәрі-дәрмек өндірісінің технологиялық процестерін зерттеуге байланысты. Студенттер дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру, стандарттау, сертификаттау және лицензиялау саласындағы заманауи маманға қажет білім, білік және дағдыларды игереді. Түлектер инженерия және технологиялар бакалавры дәрежесін алады және фармацевтикалық өндірісте, стандарттау, сертификаттау және лицензиялау органдарында, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын кәсіпорындарда технолог, инженер ретінде жұмыс істей алады.
7M07109703 «Химия және химиялық инженерия»: магистратура. Бағдарлама мұнай мен газды өңдеудің заманауи технологиялары, арнайы полимерлі материалдар, органикалық заттарды, тұрмыстық және техникалық өнімдерді синтездеу саласындағы білікті мамандарды дайындауға бағытталған. Магистранттар ғылыми зерттеулер жүргізуді үйренеді, химия өнеркәсібінің маңызды салаларының инновациялық даму мәселелерін шеше алады. Магистратураны бітіргендер техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алады және университетте сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады, органикалық заттар, полимерлер, бояулар мен лактар өндіретін кәсіпорындарда технолог, инженер болып жұмыс істей алады. Мұнай, газ және көмірді, көмірсутектерді өңдеуде, сонымен қатар бейіні бойынша жоғары оқу орындарында, колледждерде оқытушы болып жұмыс істей алады.
7М07109702 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»: магистратура. Бағдарлама органикалық заттардың заманауи химиялық технологиясы саласындағы ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлауға бағытталған, олар полимерлі материалдар, мұнай мен газ өндіру, тау-кен өндірісінде қалдықсыз, экологиялық таза химиялық технологияларды құруға бағытталады. Магистратураны бітіргендер техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алады және университетте сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады, органикалық заттар, полимерлер, бояулар мен лактар өндіретін кәсіпорындарда технолог, инженер болып жұмыс істей алады. Мұнай, газ және көмірді, көмірсутектерді өңдеуде, сонымен қатар бейіні бойынша жоғары оқу орындарында, колледждерде оқытушы болып жұмыс істей алады.