кафедра меңгерушісі
физика-математика ғылымдарының кандидаты
Телефон: +7 (7212) 356430
E-mail: bitimsamat10@gmail.com
Университет көшесі, 28а, 2 ғимарат
Facebook
Білім беру бағдарламалары
6B05401 «Математика»: бакалавриат. Білім беру үдерісі барысында студент күнделікті мәселелерді шешудің математикалық есебін жасауды, әртүрлі формада (кестелер, диаграммалар, графиктер) берілген ақпараттар негізінде қорытынды жасауды, шеттік және экстремалдық есептердің математикалық моделін құруды, функцияларды және қатарлардың жинақтылығын зерттеу кезінде, шеттік және экстремалдық есептерді шешу кезінде дифференциалдық және интегралдық есептеулер тәсілдерін қолдануды үйренеді. Студенттердің кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқып үйренуіне мүмкіндіктері бар. Түлектер жаратылыстану бакалавры дәрежесін алады және мектептер мен колледждерде математика мұғалімі, математик-бағдарламашы болып жұмыс жасай алады.
6B01502.1 «Математика-Физика»: бакалавриат. Білім беру үдерісі барысында студент алған теориялық білімін қазіргі заман ғылымы мен білім беруді дамытудағы өзекті мәселелерімен еркін байланыстыруды, физикалық процестерді математикалық инструментарийдің көмегімен өз бетінше сипаттауды, жоғарғы математиканың негізгі теоремалары мен тұжырымдарын қолжетімді формада түсіндіруді, математикалық есептерді шешудің ең тиімді жолдарын таңдауды, физикалық құбылыстарды толық талдау үшін алған білімдерінің құрылымдалған тізбегін құруды үйренеді. Студенттердің кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқып үйренуіне мүмкіндіктері бар. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алады және мектептер мен колледждерде, репетиторлық орталықтарда сабақ бере алады.
7М01501001 «Математика»: магистратура. Білім беру үдерісі арқылы магистрант педагогикалық және ғылыми жаңалықтарды оқу процесіне енгізуді, ғылыми зерттеуді кәсіби деңгейде жүргізуді, кәсіби қызметте шығармашылық тәсілді пайдалануды, оқу материалын білім беруде жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін пайдалануды және т.б. үйренеді. Түлектер педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу институттарында, мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесі органдарында жұмыс істей алады.
7М05409201 «Математика»: магистратура. Білім беру үдерісі арқылы магистрант жуықтау теориясымен байланысты зерттеулерді талдауды, функцияның дифференциалдық қасиеттерін анықтауды, функционалдық кеңістіктердің арабайланысын анықтауды, әртүрлі облыстардағы жылуөткізгіштік теңдеулер үшін шеттік есептерді шешуді, Вольтеррдің екінші ретті сингулярлық интегралдық теңдеуін шешуді, оқу процесінде оқытылатын пәндердің теориялық негізін түсініп, оны ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалануды және т.с.с. үйренеді. Түлектер жаратылыстану ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу институттарында, жобалық, технологиялық және конструкторлық ұйымдарда, мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесі органдарында жұмыс істей алады.
8D05401 «Математика»: докторантура. Білім беру үдерісі барысында докторант интегралдық түрлендірулер және олардың қолданылу саласында, моделдер теориясында, шеттік есептер теориясында, функциялар теориясында зерттеудің заманауи тәсілдерін және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып, өз бетінше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйренеді. Диссертациясын қорғаған түлектер философия докторы (PhD) академиялық дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу институттарында, жобалық, технологиялық және конструкторлық ұйымдарда, мемлекеттік әкімшілік басқару жүйесі органдарында т.с.с. жұмыс істей алады.