кафедра меңгерушісі
педагогика ғылымдарының кандидаты
Телефон: +7 (7212) 35-11-70
E-mail: o.svetla@mail.ru
Карбышев көшесі, 7, № 11 ғимарат
Білім беру бағдарламалары
6B01301-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі: бакалавриат. Бағдарлама бастауыш сынып мұғалімі қызметінің әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздерін зерделеумен байланысты. Оқу барысында студент оқу-тәрбие міндеттерін шешуге, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, психофизикалық, жеке ерекшеліктеріне және ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің нысандары мен әдістерін қолдануға; ғылыми зерттеулер жүргізуге; орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында бастауыш мектептің оқу пәндері бойынша сабақтарды жоспарлауға және өткізуге; білім алушыларда рефлексия дағдыларын дамытуға үйренеді. Студенттердің пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқуға мүмкіндігі бар.
Түлектер білім бакалавры дәрежесін алып, бастауыш сынып мұғалімі, мектеп директорының оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, бастауыш мектеп бойынша білім департаментінің әдіскері болып жұмыс істей алады.
7М01300301-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі: магистратура. Бағдарлама жоғары және орта кәсіптік білім беру жүйесі, ғылыми-зерттеу саласы үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Бітіруші педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және кез келген білім беру деңгейіндегі оқу орындарында менеджер лауазымын атқара алады және сабақ бере алады.
8D01301-Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі: докторантура. Оқу процесінде докторант психологиялық-педагогикалық цикл пәндерін оқытуды, заманауи педагогика мен психологияның жетістіктерін ескере отырып, әдістемелік сүйемелдеуді әзірлеуді және оқу үдерісіне енгізуді, психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды және жүргізуді, кәсіби қызметке инновацияларды ілгерілету және енгізу мақсатында барлық мүдделі кәсіптік қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл жасауды, білім мен ғылымның дамуын ескере отырып, басқарушылық қызметті жүзеге асыруды үйренеді. Докторантура түлектеріне PhD философия докторы дәрежесі беріледі, олар жоо-да, біліктілікті арттыру институттарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады.