кафедра меңгерушісі
з.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 351664
E-mail: kafedratgp@inbox.ru
Университет көшесі, 28, №1 ғимарат
Facebook, Instagram
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының құрылу тарихын заң факультетінің тарихынан бөліп қарауға болмайды. 1978 жылы Мемлекет және құқық кафедрасы келесі екі кафедраға бөлінді: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы және мемлекеттік құқық және кеңестік құрылыс кафедрасы.
1978-1980 жылдар аралығында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасын заң ғылымдарының кандидаты, доцент В.А.Владимиров басқарды. 1980 жылдан 1981 жылға дейін М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде кандидаттық диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін кафедраны доцент Е.А.Поноженко басқарды. Ғылыми кадрларды нығайту және заңгерлердаярлау үшін университет басшылығы республиканың басқа жоғары оқу орындарынан мамандар шақырды. 1981 жылдан 1984 жылға дейін кафедраны басқару С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың түлегі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Т.А.Агдарбековке тапсырылды. 1984 жылдан 1994 жылға дейін кафедра меңгерушісі атақты академик С.З. Зимановтың шәкірті, жас ғалым Н.С. Ахметова болды. 1994-2019 жылдары кафедраны Д.И.Курский атындағы Саратов заң институтының түлегі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ш.Какимова басқарды.
2019 жылдан бастап PhD докторы, қауымдастырылған профессор К.С.Мусин басшылық жасауда.
Оқытушылар:
Бүгінгі таңда кафедрада 14 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде үш ғылым кандидаты, PhD докторы, магистрлер, республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері: з.ғ.к., профессор Н.С.Ахметова, з.ғ.д., профессор Г.З.Кожахметов, з.ғ.к., профессор А.В.Турлаев бар.
Білім алушылар:
Кафедрада 80 білім алушы мамандандырудан өтеді.
Жұмысқа орналастыру:
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 75%-ды құрайды.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның бағдарламалары БСҚТА ұлттық аккредиттеуден өткен және ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие: үш жыл ішінде 5В030100 – «Құқықтану» бағдарламасы БСҚТА рейтингінде 4-орынды иеленді
Серіктестер:
Кафедра Мемлекеттік басқару органдарымен, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Республикалық бюромен, Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Қарағанды облысы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ-мен ынтымақтастықта.
Жыл сайын Польша, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасынан халықаралық және мемлекеттік құқық саласындағы жетекші мамандар заң факультетінің студенттері мен оқытушылары үшін қонақ дәрістерін оқиды.
Академиялық ұтқырлық:
Польша, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасынан келген шетелдік профессорлар кафедраға салыстырмалы құқықтану мәселелері бойынша қонақ дәрістерін өткізеді.
Кафедра Вроцлав әкімшілік құқық және экономика университетінің (Польша) конституциялық құқық кафедрасының профессорларымен: құқық докторы Кристиан Цомплакпен және құқық докторы Артур Лавничакпен PhD докторларын бірлесіп даярлауды жүзеге асырады.
Жобалар:
Кафедраның ПОҚ бюджеттік бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді:
2009-2011 жж. - «Қазақстан Республикасындағы саяси жүйе мен нысандарды жетілдірудің конституциялық және теориялық-құқықтық мәселелері, жаһандық процестерді дамыту аспектісінде мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету»;
2012-2014 жж. - «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық және халықаралық-құқықтық мәселелері»;
2015-2017 жж. - «Қазақстанда және қазіргі әлемде ювеналды жүйенің қалыптасуы мен дамуында баланың конституциялық-құқықтық қорғалуы және құқықтарын қамтамасыз ету»;
2018-2019 жж. - «Ұлттық құқықтағы халықаралық сайлау стандарттарын сақтаудың конституциялық-құқықтық мәселелері».