кафедра меңгерушісі
РhD докторы
Телефон: +7 7212 356416
E-mail: kafprosses@mail.ru
Университет көшесі, 28, №1 ғимарат
Facebook, Instagram
Даталар мен фактілер
Тарихы:
1977 жылы үш кафедра құрылды: мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, азаматтық құқық және процесс, қылмыстық құқық және процесс. Қылмыстық құқық және процесс кафедрасының алғашқы меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты, доцент, кейіннен көрнекті қырғыз ғалым-заңгері, заң ғылымдарының докторы, профессор болған К.Ш. Құрманов болды.
Әр жылдары кафедраны з.ғ.к., профессор, И.К.Попов, з.ғ.к., профессор X.C.Құсниденов, з.ғ.к., доцент В.И.Куликов, з.ғ.к., доцент Л.П.Ижнина, з.ғ.к., доцент С.Балтабаев, з.ғ.к., доцент А.Ж.Машабаев басқарған.
К.К.Кусниденовтің меңгерушілік еткен кезінде (1981-1986 жж.) қылмыстық құқық және процесс кафедрасында үлкен өзгерістер болды: кафедраның ғылыми және әдістемелік базасы әзірленді және жетілдірілді, көптеген оқытушылар еліміздің ірі жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, аспирантурада оқыды.
1991 жылы қылмыстық құқық және процесс кафедрасы екі дербес кафедраға айналды: қылмыстық құқық және криминология және қылмыстық процесс және криминалистика кафедраларына бөлінді. Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі болып з.ғ.к., доцент Қ.Ж.Балтабаев, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының меңгерушісі болып з.ғ.к., доцент К.В.Ким тағайындалды.
Кафедрада з.ғ.к., доцент А.Н.Ағыбаев, з.ғ.к., доцент Б.Ж.Жунусов, з.ғ.к., доцент Н.О.Дулатбеков, з.ғ.к., доцент Р.Т.Нуртаев, з.ғ.к., доцент А.В.Попов, м.ғ.к., доцент М.А.Сон, з.ғ.к., доцент Г.Ж.Сулейменова, з.ғ.д., профессор А.Кудрявцева қызмет атқарды.
2019 жылы қылмыстық құқық және криминология кафедрасы мен қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминалистика кафедрасы болып біріктірілді.
Оқытушылар:
Бүгінгі таңда кафедрада 16 оқытушы жұмыс істейді, олардың арасында заң ғылымдарының кандидаттары, магистрлер, республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері бар.
Білім алушылар:
Кафедрада 80 адам мамандандырудан өтеді, олардың арасында мемлекеттік білім грантының иегерлері, Қазақстанның түрлі өңірлерінің өкілдері, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Израиль азаматтары бар.
Жұмысқа орналастыру:
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 75%-ды құрайды.
Инновациолық бағдарламалар:
6В04204 - «Соттық және прокурорлық қызмет» (бакалавриат);
7М04207803 - «Соттық -прокурорлық қызмет» (магистратура);
7М04207804 - «Қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздік» (магистратура).
Қос диплом бағдарламасы:
Магистратура арналған қылмыстық кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және экономикалық қауіпсіздік бағдарламасы. Бағдарлама инновациялық және қос дипломды болып табылады: «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетімен (Ресей) бірлесіп іске асырылады. Оқу мерзімі 2 жыл, ғылыми-педагогикалық бағыт ұсынылады. Бағдарлама заңсыз кірістер мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласы үшін басқарушы және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.
Диссертациалық кеңес:
6D030100-Құқықтану бағдарламасы аясында докторлық диссертацияларды қорғау бойынша.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедра бағдарламалары БСҚТА ұлттық аккредиттеуден өткен және ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие: 2019 және 2020 жылдары магистратура бағдарламалары арасында БСҚТА рейтингінде бірінші орынды; докторантура бағдарламалары арасында АРТА рейтингісінде 3 және 2-орынды иеленді.
Жобалар:
2019-2020 жж. - Ташкент қаласындағы БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен «Сот төрелігі үшін білім беру» бастамашыл жобасы, білім беру модульдерін талқылау бойынша семинарларға қатысушылар;
АЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық желілік институттың және Росфинмониторинг жанындағы финмониторингтің халықаралық оқу-әдістемелік орталығының жобасы, жұмыс тобының мүшелері, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін.
2020 ж. - «Жастар арасында діни экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимылдың теориясы мен практикасы» ЖОО арасындағы грант.
Л.К.Аренова - қылмыстық мінез-құлықты психологиялық бейіндеу маманы, 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін.
Серіктестер:
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан);
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Қазақстан);
О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университеті (Ресей);
«Одесса теңіз академиясы» ұлттық университеті (Украина);
Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей);
Ресей мемлекеттік сот төрелігі академиясының Солтүстік-Батыс филиалы (Ресей).