Зертхана 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Бастапқы кезеңде жұмыстың негізгі бағыты қажетті функционалды ерекшеліктері бар ұшқышсыз ұшу аппараттарын жобалау және құрастыру болды.
Зертхана ұшқышсыз ұшу аппараттарының желісін жасады: планер, екі гексакоптер, квадрокоптер және жиналмалы квадрокоптер.
Осы құрылғыларды қолдана отырып, тарих факультетімен бірлескен зерттеулер жүзеге асырылды: Қызыл Кент ғибадатханасын зерттеу жобасы үшін буддисттік монастырдың фото-, бейнетүсірілімі жүргізілді.
2019 жылы зертхана құрамына студенттік жобалау-конструкторлық бюро қосылды, бұл зертхана қызметінің аясын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Басшысы: х.ғ.к. Л.А. Зиновьев
Байланыс деректері:+7 7016553611, lzinovyev@yandex.ru
Ғылыми бағыты автоматтандырылған және роботтандырылған қондырғылар мен аппараттарды әзірлеу және дайындау. Сонымен қатар зертханада биология-география факультетімен өсімдіктердің өсуіне магнит өрісінің әсерін зерттеу және гидропонды қондырғыларды автоматтандыру бойынша; физика-техникалық факультетімен – жылу оқшаулағыш материалдардың қасиеттерін зерттеу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Қарағанды политехникалық университетімен бірлесіп төмен вольтты жартылай разрядтың қасиеттерін зерттеу жүргізілуде.
Міндеттері:
–робот техникасында, ілеспе салалардағы автоматтандыруда зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу;
– ғылыми қызмет бейіні бойынша мамандарды – бакалаврларды, магистрлерді, PhD докторларын даярлау.
Зертхана қызметкерлері: