Молекулалық нанофотоника институты нанотехнологиялар, конденсияланған орта физикасы, химиялық физика саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін ҚарМУ ректорының 21.04.2008 жылғы №363 бұйрығымен ашылды.
Институт құрылымына 12 зертхана кіреді.
Басшысы: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Ибраев Н.Х., h-indexWebofScience – 8, ResearcherID: C-2957-2015, h-indexScopus – 7, AuthorID: 9333698600, ORCID ID: 0000-0002-5156-5015.
Байланыс деректері :+7 721235-65-09, imnph@mail.ksu.kz, niazibrayev@mail.ru
Негізгі ғылыми бағыты функционалды наноқұрылымды материалдардағы фотоиндукцияланған процестерді зерттеу.
Міндеттері:
– нанотехнологиялар, фотоника, күн энергетикасы, сенсорика және молекулалық электроника саласында іргелі және қоданбалы зерттеулер жүргізу;
– ғылыми қызмет бейіні бойынша мамандарды – бакалаврлар, магистрлер, PhD докторларын даярлау.
Ғылыми бағыттар:
–күрделі молекулалық жүйелер фотоникасы;
– наноплазмоника: наноқұрылымдар синтезі, плазмон-күшейтілген фотопроцестер және заманауи қолдану;
– нанокомпозиттік функционалдық материалдардағы электрондық қозу динамикасы;
– күн және сутегі энергетикасына арналған наноқұрылымдалған материалдар;
– кванттық электроника және оптикалық нанотехнологияларға арналған функционалдық элементтер;
– көміртекті және графендік кванттық нүктелерді синтездеу және зерттеу.
Институттың ғылыми зертханалары:
– электрондық процестер зертханасы;
– Раман–спектроскопия зертханасы;
– люминесценция кинетикасы зертханасы;
– импульстік фотолиз және магниттік әсерлер зертханасы;
– лазерлік спектроскопия зертханасы;
– фотовольтаика зертханасы;
– беттік физика зертханасы;
– органикалық наноқұрылымдар технологиясы зертханасы;
– химиялық синтез зертханасы;
– наноматериалдарды алу зертханасы;
– лазерлік абляция зертханасы;
– фотопроцестерді компьютерлік модельдеу зертханасы.
Ғылыми байланыстар:
Техас технологиялық университеті (USA);
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Russia);
Украинаның ҰҒА органикалық химия институты (Ukraine);
Орынбор мемлекеттік университеті (Russia);
Тарас Шевченко атындағы Ұлттық университет (Ukraine);
Санкт-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университеті (Russia);
Назарбаев университеті;
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;
Физика-техникалық институты, Алматы қ;
Полимерлік материалдар химиясы мен технологиясы институты, Алматы қ.;
Я. Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті (Belarus);
Томск мемлекеттік техникалық университеті (Russia);
Брайтон Университеті (UnitedKingdom).
Институт қызметкерлері:
№ п/п |
ТАӘ, лауазымы |
Ғылыми дәрежесі, атағы |
ORCID ID |
Web of Science (ResearcherID) |
Scopus AuthorID |
Research Gate |
Google Scholar |
Publons |
1 |
Ибраев Н.Х., директор |
Д.ф.-м.н., профессор |
||||||
2 |
Селиверстова Е.В., аға ғылыми қызметкер |
PhD докторы |
- |
|||||
3 |
Афанасьев Д.А., аға ғылыми қызметкер |
PhD докторы, қауымдастырылған профессор |
- |
|||||
4 |
Джанабекова Р.Х., кіші ғылыми қызметкер |
Магистр |
- |
- |
- |
- |
||
5 |
Темирбаева Д.А., кіші ғылыми қызметкер |
Магистр |
- |
- |
-
Ғылыми-технологиялық жабдық:
1. TCSPC SPC-150 дара фотондардың уақыт-корреляцияланған санау әдісімен пико- және наносекундты люминесценция кинетикасын өлшеу жүйесі, Germany);
2. Микро- және миллисекундтық уақыт ажыратымдылығы бар қатты және сұйық ортаның люминесценциясын зерттеуге арналған жоғары сезімтал спектрометр (Hamamatsu, Japan);
3. LP-980 импульсті фотолиз әдісімен өтпелі жұтылу кинетикасын өлшеуге арналған қондырғы (EdinburghInstr., UnitedKingdom);
4. Confotec MR520 сканерлейтін Раман тоғыстаушы микроскопы (SOL Instruments, Belarus);
5. Гармоникалар генераторлары бар LQ215 лазерлік кешенінің базасында мәжбүрлі сәулеленудің қасиеттерін зерттеуге арналған қондырғы (SolarLS, Belarus);
6. Фотопроцестердегі спиндік магниттік әсерлерді зерттеуге арналған лазерлік қондырғы;
7. Agilent Cary 300 спектрофотометрі (Agilent, USA );
8. Cary Eclips спектрофлуориметрі (Agilent, USA);
9. I-V Measurement system Solar Simulator CT50AAA фотовольтаиканы өлшеудің біріктірілген жүйесі (Photo Emission Tech., USA);
10. KSV NIMA Ленгмюр-Блоджетт моно- және мультиқабатын алуға арналған қондырғы (BiolinSci., Sweden);
11. Zetasizer Nano S90 нано- және микробөлшектердің өлшемдерін өлшейтін құрал (Malvern, UnitedKingdom);
12. Sorbi MS сусымалы және қатты үлгілердің меншікті бетін өлшеуге арналған кешен (Meta, Russia);
13. Вакуумда термиялық және магнетронды тұндыру әдістерімен жұқа үлдірлер алуға арналған технологиялық қондырғылар (Russia);
14. Инертті атмосферада наноматериалдар алуға арналған СПЕКС ГБ 03-2М қолғап боксы (Spectrosyst., Russia);
15. LQ215 және ЛТИ-411 лазерлер базасында лазерлік абляция әдісімен наноматериалдарды алуға арналған қондырғы;
16. Spin Coating VTC-200 (USA) және «Screen-printing» ATMA AT-25PA әдісімен жұқа үлдірлер алуға арналған қондырғылар (USA) и методом «Screen-printing» ATMA AT-25PA (Australia).
Іске асырылатын жобалар:
1. АР08856161 «Конденсирленген молекулалық орталардағы плазмон-күшейтілген фотофизикалық үдерістер» (2020-2022, ҚР БҒМ, халықаралық коллаборация, Украина ҰҒА Органикалық химия институты ( Украина), А.А. Ищенко – х.ғ.д., профессор, Украина ҰҒА корреспондент-мүшесі).
2. АР08052672 «Графенді кванттық нүктелерді синтездеу және фотопроцесстерді зерттеу» (2020-2022, ҚР БҒМ);
3. AP09259913 «Көміртекті кванттық нүктелер негізіндегі функционалдық наноматериалдар» (2021-2023, ҚР БҒМ).