Қызмет бағыттары:
- ғылыми-білім беру қызметі: білім алушылардың зерттеу қызметін үйлестіру, докторлық, магистрлік диссертациялар, дипломдық және стартап жобалар шеңберінде қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- жарияланымдық қызмет: Scopus және Web of Science базасында, шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялар материалдарында индекстелетін монографиялар, сөздіктер, оқу-әдістемелік әдебиеттер, ғылыми мақалалар басып шығару;
- енгізу қызметі: кафедра филиалдары мен білім беру мекемелерінің базасында зерттеу нәтижелерін апробациялау, даярлаудың барлық деңгейлерінде (мектеп-колледж-жоо) зерттеулер мен білім беру процесін интеграциялау;
- инновациялық қызмет: ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру аясында бастамашыл және ғылыми жобаларды іске асыру;
- ұйымдастыру қызметі: шет тілінде білім беру мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу;
- кеңес беру қызметі:ғылыми зерттеу әдіснамасы бойынша білім алушыларға, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге ғылыми-консультациялық қолдау көрсету, зерттеулер жүргізу сапасына мониторинг жүргізу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын рецензиялау.
Ғылыми жобаларды іске асыру:
2021-2023 жж.: Қашықтықтан білім беру жағдайында пән мен тілді кіріктірілген оқытуды (CLIL) ресурстық қамтамасыз ету (ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Б.А. Жетпісбаева);
2021-2023 жж.: Шеттілдік білім беру контекстіндегі ұлттық бірегейліктің лингвокогнитивті және дискурсивті негіздері (ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Г.И. Исина);
2021-2023 жж.: Аралас оқыту бойынша педагогтердің біліктілігін арттырудағы фасилитаторлар: тиімділікті бағалау, құзыреттерді дамыту әдістемесі, векторлары (ғылыми жетекші: PhD Т.Ю. Шелестова).
Ұсынылатын қызметтер:
- Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледждерінде педагог кадрларды тілдік даярлаудың жаңа мазмұнын жобалау
- ғылыми-педагогикалық кадрларды үздіксіз тілдік даярлаудың оқу-әдістемелік базасын әзірлеу
- мектеп, колледж және жоғары оқу орындары шет тілдері оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын іске асыру
- мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш мектептер үшін қазақстандық үштілділік контексінде шет тілдерін ерте оқыту әдістемесін әзірлеу.