Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректорының 03.09.2013 жылғы бұйрығына сәйкес заң факультеті жанындағы «Мемлекеттік-құқықтық зерттеулер» зертханасы базасында құқықтық зерттеулер және мемлекеттану ғылыми-зерттеу институты ашылды.
Директоры: заң ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD), конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының доценті Балгимбекова Гульнара Укибаевна, ResearcherID: ABA-5126-2020, h-index Scopus – 3, AuthorID: 57194527166, ORCID ID: 0000-0003-4405-1339.
Байланыс деректері: 8(7212)35-64-14, nii_pravo2021@mail.ru, Gbalgimbekova@mail.ru
Негізгі ғылыми бағыты заң ғылымдары мен құқықтану саласындағы және мемлекеттің ұлттық-құқықтық жүйесі саласындағы іргелі ғылыми-теориялық, ғылыми-білім беру және қолданбалы зерттеулерді зерттеу.
Мақсаты: білім беруді инновациялық дамыту шеңберінде қазіргі жағдайда заң ғылымының дамуына ықпал ету.
Міндеттері:
- жаңа білімді құрудың, жаңа технологияларды игерудің, құқықтық ғылымды дамытудың маңызды бағыттары бойынша ғылыми мектептерді қалыптастыру мен дамытудың негізі ретінде іргелі және қолданбалы зерттеулерді басым дамыту;
- білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- заң саласындағы жоғары білім беруді қалыптастыру мен дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу және әзірлеу;
- білім беру және тәрбие міндеттерін шешуге ғылымның ықпалын күшейту жөніндегі жағдайларды қамтамасыз ету, заң ғылымының базистік, айқындаушы сипатын сақтау және нығайту;
- оқытылатын заң пәндерін жаңартудың басым міндеттерін шешу үшін жоғары мектептің ғылыми әлеуетін тиімді пайдалану және қажетті өзгерістерді жүргізу бойынша ұсыныстар енгізу.
Қызметі:
- тиісті мемлекеттік органдар ұсынатын заң жобаларына, заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына ғылыми, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және лингвистикалық сараптама әзірлеуге қатысу;
- мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша жекелеген заң жобаларына қорытындылар беру;
- жетекші ғылыми қызметкерлерге бекітіп және тағылымдамадан өткені туралы құжаттар бере отырып, заңтану саласындағы мамандар үшін «Құқықтық зерттеулер және мемлекеттану» ҒЗИ базасында ғылыми және ғылыми-практикалық тағылымдамаларды ұйымдастыру және өткізу;
- мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың тапсырысы бойынша ғылыми зерттеулерді орындау, оның ішінде оларды жүргізуге гранттар тарту;
- халықаралық, республикалық конкурстарға және ғылыми зерттеулердің басқа да бағдарламаларына қатысу;
- ғылыми ұйымдармен және басқа да заңды тұлғалармен, оның ішінде шетелдік ұйымдармен тікелей шығармашылық байланыстарды дамыту;
- отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
- ғылыми еңбектерді, мерзімді ғылыми басылымдарды басып шығаруға дайындау және ұсыну;
- электрондық тасымалдағыштарда оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, электрондық оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, дәрістер курстарын басып шығару;
- заң білімі мен ғылымын дамыту және заңнаманы және оны қолдану практикасын жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының қызметін біріктіруге ықпал ету.
Ғылыми байланыстар:
Вроцлав университеті (Польша)
Легница жоғары менеджерлік мектебі (Польша)
Халықаралық қатынастар мен байланыстар жоғары мектебі (Чехия)
Қаржы және басқару жоғары мектебі (Чехия)
Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік заң академиясы
(Қырғызстан)
Қырғыз-Ресей Славян университеті (Қырғызстан)
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей)
О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң академиясы (Ресей)
Әулие Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария)
Тюмень мемлекеттік университеті (Ресей)
Челябі мемлекеттік университеті (Ресей)
А. Мицкевич Университеті (Польша)
Институт қызметкерлері:
№ п/п |
ТАӘ, лауазымы |
Ғылыми дәрежесі, атағы |
ORCID ID |
Web of Science (ResearcherID) |
Scopus AuthorID |
Research Gate |
Google Scholar |
Publons |
1 |
Г.У. Балгимбекова, директор |
PhD докторы, доцент |
0000-0003-4405-1339 |
ABA-5126-2020 |
57194527166 |
- |
Gulnara Balgimbekova |
ABA-5126-2020 |
2 |
К.С. Мусилимова, аға ғылыми қызметкер |
З.ғ.к., профессор |
- |
- |
52209211199 |
- |
- |
- |
3 |
М.И. Билялова, ғылыми қызметкер |
PhD докторы, доцент |
0000-0002-3045-9774 |
- |
09216677 |
- |
- |
|
4 |
Г.Б. Абикенова, ғылыми қызметкер |
З.ғ.м. |
https://orcid.org/0000-0002-3550-8627 |
- |
56050421800 |
- |
- |
- |
5 |
Г.Т. Нурбекова, ғылыми қызметкер |
З.ғ.м. |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
6 |
А.К. Ыбырай, ғылыми қызметкер |
З.ғ.м. |
- |
- |
57215353227 |
- |
- |
- |
7 |
В.С. Исабекова, ғылыми қызметкер |
З.ғ.м. |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
8 |
И.Ж. Алиева, кіші ғылыми қызметкер |
З.ғ.м. |
- |
- |
- |
ID> |
– |
2017-12-30 |
Жобалар:
1. № 104-Ю «Қазақстанда және қазіргі әлемде ювеналды жүйенің қалыптасуы мен дамуында баланың конституциялық-құқықтық қорғалуы және құқықтарын қамтамасыз ету» іргелі гранттық тақырыбы (2015-2017 жж.);
2. Бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру тақырыбы, бағдарлама шифры Ф.0780, «Ұлттық құқықтағы халықаралық сайлау стандарттарын сақтаудың конституциялық-құқықтық мәселелері» (2018-2019 жж.).