ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Әкімшілік қызметтер



Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар орталығы

Орталық ақпараттық жүйелерді енгізуді жүзеге асырады, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді, желілік және серверлік инфрақұрылымды қолдауды жүзеге асырады, компьютерлік және көшіру техникасының жөндеу-профилактикалық жұмыстарын жүргізеді, мультимедиялық жабдықтың, IP-телефонияның, WI-FI желісінің, университет сайты мен порталдарының жұмысын сүйемелдейді.

Университеттің цифрлық экожүйесі аясында бағдарламалық модульдерді әзірлеу, компьютерлік техника мен мультимедиялық жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қолдау, Интернет желісіне қолжетімділік мәселелері бойынша Орталыққа жүгіне аласыздар. Орталық стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.

Орталықты

Владислав Анатольевич Карабасов басқарады.

Орталыққа көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 103 кабинет, тел.: +77212 90-02-70, ішкі 1010, e-mail: citit@buketov.edu.kz
диспетчерлік қызмет тел.: + 7 7212 90-02-70, ішкі 1102.


Әкімшілік-шаруашылық департаменті

Департамент университет инфрақұрылымының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді, университеттің үй-жайлары мен аумақтарының үнемі тазалануын, университет нысандарының жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.

Департамент құрылымына университеттің асханалары мен буфеттерінің жұмысын қамтамасыз ететін қоғамдық тамақтану комбинаты кіреді.

Департаменттің штаттық құрамына оқу ғимараттарының коменданттары, электриктер, сантехниктер, ағаш ұсталары, тазалаушылар, қоймашылар, аспаздар, ас үй жұмыскерлері кіреді.

Университеттің құрылымдық бөлімшелері департамент қызметкерлерінің техникалық қолдауын алу үшін өз қажеттіліктері туралы өтініш білдіре алады.

Департамент университеттің Басқарма Төрағасы – Ректорына бағынады.

Департаментті

Мейрам Искандирович Баданов басқарады.

Департаментке көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 120 кабинет тел.: +7 7212 35-60-87, e-mail: buketov.edu.kz


Әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент

Департамент университеттің студенттер қауымымен жұмысты ұйымдастырады және мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді. Университет студенттерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге, олардың шығармашылық, спорттық, азаматтық әлеуетін дамытуға ықпал етеді, Студенттер үйлерінде бос уақытты және тұруды ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

Департамент құрамына Жастар саясаты басқармасы, Студенттер сарайы, Студенттер үйлері, Университет тарихы музейі, денсаулық сақтау пункті, психологиялық қызмет кіреді.

Білім алушылар әлеуметтік сипаттағы мәселелер, әлеуметтік жобаларға қатысу, өзін-өзі басқару құрылымдарының жұмысы, еріктілер қозғалысы, студенттік құрылыс жасақтары, бос уақытты ұйымдастыру клубтары, студенттер үйлерінде тұру мәселелері бойынша Департаментке жүгіне алады.

Департамент әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректорға бағынады.

Департаментті

Маргулан Уалиевич Туяков басқарады.

Департаментке көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 104 кабинет тел.:+7 7212 35-64-14, e-mail: vospitanie_buketov@mail.ru


Әскери жұмылдыру және азаматтық қорғаныс бөлімі

Әскери жұмылдыру және азаматтық қорғаныс бөлімі білім алушылар мен қызметкерлер қатарынан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алуды жүргізеді. Бөлім азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Бөлімге Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне әскерге шақыруды кейінге қалдыру, Қазақстан Республикасының қорғаныс істері жөніндегі аумақтық бөлімдеріне ұсыну үшін №3 нысан бойынша анықтама алу мәселелері, әскери есепке алуға байланысты өзге де мәселелер бойынша жүгіне аласыздар.

Бөлім Ректор аппаратыныңбасшысынабағынады.

Бөлімді

Иван Оралұлы Ақпанов басқарады.

Бөлімге көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 122 каб. тел.: +7 72 12 35-65-22, e-mail: vmigo@buketov.edu.kz


Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы – БҚҚО

Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы университетте мемлекеттік қызметтер мен университет қызметтерін көрсету үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмыс істейді.

Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс атқарады. Бұл білім алушылар мен қызметкерлердің анықтамалар мен құжаттар алу кезіндегі уақытын үнемдейді.

Сіз «e.gov.kz электрондық үкімет» порталында қарастырылған мемлекеттік қызметтерді және соған байланысты кеңестер алу үшін Орталыққа жүгіне аласыздар. Атап айтқанда, университет жатақханасынан орын алуға өтінім бере аласыздар; университет ғимараттарына электронды рұқсаттаманы тіркете; түрлі құжаттар мен анықтамаларды сұрата аласыздар.

БҚҚО сайтына өту

Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы академиялық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады.

Орталықты

Татьяна Вячеславовна Микляева басқарады.

Орталыққа көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, бірінші қабаттағы холл тел.: +7 72 12 90-02-70, ішкі 1081, +7 7212 79-39-96


Бухгалтерия

Бухгалтерия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес бухгалтерлік және салық есебін жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады.

Бухгалтерияға жалақыны есептеу, стипендия, оқу ақысын төлеу және студенттер үйінде тұру, іссапар шығындарын төлеу мәселелері бойынша жүгіне аласыз.

Бухгалтерия қаржы директорына бағынады.

Бухгалтерияны

Раушан Өміртайқызы Жақыпова басқарады.

Көрсетілген байланыстар бойынша бухгалтерияға хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 204 кабинет тел.: +7 7212 35-64-23 е-mail: raushan.zhakupova@buketov.edu.kz


Баспа

Баспа университеттің ғылыми басылымдарына, конференция жинақтарына, кітаптарға түзету енгізеді, олардың баспа МемСт-қа сәйкестігін қамтамасыз етеді, кітап және басқа полиграфиялық өнімдердің дизайнын әзірлейді.

Баспаның баспаханасы әртүрлі полиграфиялық қызметтер түрін, баспа басылымдардың барлық түрлерін, техникалық редакциялауды жүзеге асырып, бланктік өнімдерді басады, сонымен қатар суреттер мен құжаттарға сканерлеу, ламинация, түптеу түрлерін орындайды.

Толығырақ Баспа келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

- қара-ақ түсті басып шығару және көшіру жасау: 15 теңгеден бастап

-түрлі түсті басып шығару және көшіру жасау: 65 теңгеден бастап

- ламинация: 75 теңгеден бастап

- фольгамен өрнектеу: 160 теңгеден бастап

- қатты мұқабада түптеу: 550 теңгеден бастап

- қатты мұқабада евротүптеу: 510 теңгеден бастап

- қатты мұқабада термотүптеу: 280 теңгеден бастап

- техникалық редакциялау: 230 теңгеден бастап

- түйіндемені техникалық өңдеу: 350 теңгеден бастап

- құттықтау қағаздарын жасау: 690 теңгеден бастап

- өнім дизайны: 5800 теңгеден бастап

- мәтінге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түзету енгізу: 1350 теңгеден бастап


Баспаны

Виктория Михайловна Кобина басқарады.

Баспа келесі мекенжайда орналасқан: 100024, Қарағанды қ., Университет к-сі, 28, бас ғимарат (№ 1 оқу корпусы), № 102-кабинет және Студенттер сарайы ғимаратында. Тел.: +7 212 35-63-16, e-mail izdаt-kbu@mail.ru .

Жұмыс тәртібі: дүйсенбі–жұма 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.


Білім сапасын мониторингілеу бөлімі

Бөлім білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылу сапасына мониторинг жүргізеді, сапаны бағалаудың әдістемелік құралдарын әзірлейді, білім беру процесіне қатысушылардың қанағаттанушылықтарын талдайды, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын аттестаттауды және университеттің білім алушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындығын ұйымдастырады. Бөлім университеттің басшылығы мен алқалы органдарын мамандар даярлау сапасының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады.

Факультеттер оқытушыларды аттестаттауға дайындау кезінде ұйымдастырушылық қолдаужәне білім алушылардың жетістіктерін сырттай бағалау, білім алушылардың, оқытушылардың, жұмыс берушілердің үлгерімі мен әлеуметтік сауалнамалары нәтижелері туралы талдамалық мәліметтер алу үшін Бөлімге жүгіне алады.

Бөлім стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.

Бөлімді педагогика ғылымдарының кандидаты

Айбаршын Жұмкеқызы Болатова басқарады.

Бөлімге көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 220 кабинет тел.: +7 72 12 35-62-03, e-mail: monitoring@ksu.kz


Баспасөз қызметі

Баспасөз қызметі ақпараттандыруды жүзеге асырады, қоғаммен байланысты қамтамасыз етеді, университеттің имиджін қалыптастырады.

Баспасөз қызметіне сайтта, әлеуметтік желілерде, университеттің «Жастар әлемі. Мир молодёжи» газетінде ақпарат орналастыру мәселелері бойынша, сондай-ақ брифингтер мен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру үшін хабарласа аласыздар.

Баспасөз қызметі Ректор аппаратының басшысына бағынады.

Баспасөз қызметіне

Могай Светлана Григорьевна басшылық етеді.

Баспасөз қызметіне көрсетілген байланыстар арқылы және сайттағы «Кері байланыс» қосымша беті арқылы хабарласуға болады.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 112 кабинет, тел.: +7 72 12 35-12-41, e-mail: press.buketov.edu.kz


Ғылыми кітапхана

Ғылыми кітапханада оқу және ғылыми әдебиеттің, мерзімді басылымдардың кітап және электрондық қоры бар. Ғылыми кітапхананың құрамына 8 каталог залы, 12 оқу залы, 8 электрондық ресурстар залы, сирек кітаптар залы, 8 әдебиет беру қызметі, сақтау орны кіреді.

Ғылыми кітапхана қызметінің жүйесіне әдебиет беру, дереккөздерді цифрландыру, белгілі бір тақырып бойынша дереккөздер, ғылымды қажетсінетін дерекқорлардан жоғары рейтингті журналдар іздеуге кеңес беру кіреді.

Оқырман картасын, электронды кітапханада жұмыс істеу паролін, қажетті оқулықтар мен оқу әдебиеттерін алу үшін ғылыми кітапханаға хабарласа аласыздар.

Ғылыми кітапхана академиялық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады.

Ғылыми кітапхананы

Гаухар Қуанышқызы Әбдіғұлова басқарады.

Қарағанды университеті ғылыми кітапханасының сайтына өту

Ғылыми кітапханаға көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.

Байланыс: Ғылыми кітапхананың бас кеңсесі Университет көшесі, 28 мекенжайында орналасқан, № 308 кабинет тел.: +7 7212 35-64-47, e-mail: library@mail.ksu.kz


Ғылым департаменті

Басқарма университеттің ғылыми қызметін ұйымдастырады, ғылыми орталықтар мен зертханалардың жұмысына жетекшілік етеді, ғылыми инфрақұрылымның дамуына ықпал жасайды, ғылыми зерттеулерді коллаборациялау, бірлескен жобаларды іске асыру, ғылыми өнімдерді коммерцияландыру және оларды нарықта ілгерілету үшін серіктестер іздеуді жүзеге асырады.

Басқармаға ғылыми жобалар мен конференцияларға қатысу, ғылыми конкурстарға өтінімдер дайындау, патенттерді ресімдеу, зияткерлік меншік объектілерін мемлекеттік тіркеу, ғылыми өнімдерді коммерцияландыру және оларды сатып алу мәселелері бойынша жүгіне аласыздар.

Басқарманың құрамына ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру үшін бизнес-тұжырымдамаларды, бизнес-жоспарларды және басқа да құжаттарды әзірлеуге көмектесетін «Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы» Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы (осы Кеңсенің қосымша бетіне сілтеме) кіреді.

Басқарма университеттің Жас ғалымдар кеңесініңжұмысына жетекшілік етеді.

Басқарма ғылыми жұмыс жөніндегі проректорға бағынады.

Басқарманы физика-математика ғылымдарының кандидаты

Серік Сағымбекұлы Қасымов басқарады.

Басқармаға көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 233 және 206 кабинеттер, тел.: +7 72 12 35-64-93, e-mail: science.@buketov.edu.kz


Жобалық Өзгерістер кеңсесі

Кеңсе 2021 жылдың 5 қаңтарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынымы бойынша құрылған. Ол адами капиталды, КеАҚ жарғылық мүмкіндіктерін, жобалық менеджментті іске асырудағы озық тәжірибені тиімді пайдалану арқылы университеттің стратегиялық трансформациясына жәрдемдеседі. Кеңсе стратегиялық маңызы бар ішкі жобаларды іске асыру кезінде құрылған жобалық топтардың жұмысын қалыптастырады және үйлестіреді.

Ішкі жоба туралы ақпарат шығады

Жобалық топтардың құрамы туралы ақпарат шығады

Факультеттер Кеңсеге университеттің стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған ішкі жобаларды әзірлеу туралы ұсыныстарымен жүгіне алады.

Кеңсе стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.

Кеңсені филология ғылымдарының кандидаты

Дмитрий Викторович Дьяков басқарады.

Кеңсеге көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, № 207 кабинет тел. +7 7212 35-63-64, e-mail: office.transformation@buketov.edu.kz

Кеңсенің тұсаукесерін көру


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасы

Басқарма магистратурадағы және PhD докторантурадағы оқу процесін және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, диссертациялық кеңестердің жұмысын үйлестіреді. Білім алушылардың тағылымдамаларын ұйымдастыру, бірлескен және екі дипломды білім беру бағдарламаларын, білім беру жобаларын, консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру мәселелері бойынша шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Басқармаға магистратурада және докторантурада оқу, жоғары оқу орнынан кейінгі даярлық саласындағы институтаралық ынтымақтастық, жоғары оқу орнынан кейінгі даярлаудың бірлескен/екі дипломды бағдарламаларына, тағылымдамаларға қатысу мәселелері бойынша жүгіне аласыздар.

Басқарма ғылыми жұмыс жөніндегі проректорға бағынады.

Басқарманы физика-математика ғылымдарының докторы

Светлана Геннадьевна Карстина басқарады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасына көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыз.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 224 кабинет тел.: +7 7212 35-62-03, е-mail: skarstina@mail.ru


Жастар саясаты басқармасы

Жастар саясаты басқармасы Студенттік Парламент, факультеттердің Жастар ісі жөніндегі комитеттері, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдігі, «Қазақстан Студенттер альянсы»республикалық студенттік ұйымының өкілдігі, Дебат клубы, шығармашылық және спорт клубтары сияқты студенттік өзін-өзі басқару органдарын дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.

Білім алушылар өзін-өзі басқару органдары мен ойын-сауықклубтарының жұмысына қатысуға, студенттік бастамаларды ілгерілетуге, сондай-ақ туындаған мәселелерді шешуге байланысты мәселелер бойынша Басқармаға жүгіне алады.

Басқарманы

Арман Нұрмаханұлы Жорабеков басқарады.

Жастар саясаты басқармасына көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 104 кабинет тел.: +7 72 12 35-64-14 е-mail: buketov_jsb@mail.ru


Заң басқармасы

Заң басқармасы университет қызметін құқықтық қамтамасыз етумен айналысады. Басқарманың жұмысы университеттің сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардағы құқықтары мен заңды мүдделерін құқықтық қорғаумен, шарттық және талап-арыз жұмыстарын ұйымдастырумен байланысты.

Басқармаға құқықтық ақпарат алу, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, заңгерлік кеңес алу үшін жүгіне аласыздар.

Заң басқармасы Ректор аппаратының басшысына бағынады.

Басқарманы

Василий Иванович Олейник басқарады.

Заң басқармасына көрсетілген байланыстар бойынша хабарласуға болады.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 231 кабинет тел: +7 72 12 35-63-39, e-mail: oleynik56@internet.ru


Кеңсе

Кеңсе сыртқы және ішкі құжаттаманың жедел логистикасын, университетке келіп түсетін сыртқы сұраныстардың (сұрау хаттардың) орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Кеңсе құрылымына университет архиві мен аудармашылар қызметі кіреді.

Кеңсеге университет басшылығына жолданатын жазбаша өтініштер, мақсатты хат-хабарлар алу, университет архивіне атаулы сұраныстар алу мәселелері бойынша хабарласа аласыздар.

Кеңсе Ректор аппаратының басшысына бағынады.

Кеңсені

Әкімжанова Күлзия Маманқызы басқарады.

Кеңсеге көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 227 кабинет, телефон/факс: +7 7212 35-63-98, e-mail: office@ksu.kz


Қашықтықтан білім беру орталығы

Орталық қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастырушылық және әдістемелік жағынан қолдауды қамтамасыз етеді.

Сіз қашықтықтан оқытудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі, idl.ksu.kz порталының жұмысы, сондай-ақ электрондық оқу басылымдарын құрастыруды техникалық қолдау мәселелері бойынша Орталыққа жүгіне аласыз.

Орталық академиялық жұмыс жөніндегі проректорға бағынады.

Орталықты

Жетімекова Гаухар Жеңісқызы басқарады.

Орталыққа көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 212 кабинет, тел.: +7 7212 35-63-71, е-mail: idl@mail.ksu.kz


Қабылдау комиссиясы

Қабылдау комиссиясы талапкерлермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады, бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламаларына қабылдау науқанын жүргізеді, Ұлттық тестілеу орталығымен, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен түсу емтихандарын өткізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

Талапкерлер университетке түсу ережелері, құжаттарды тапсыру мерзімі мен тәртібі, ҰБТ пәндері бойынша дайындық курстарынан өту туралы кеңес алу үшін Қабылдау комиссиясына жүгіне алады.

Қабылдау комиссиясы тұрақты негізде жұмыс істейді, «Талапкер» ақпараттық порталы («Талапкер») бар.

Қабылдау комиссиясының жұмысын жауапты хатшы

Барикова Алёна Рудольфовна ұйымдастырады.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Университет к-сі, 28, бас корпус, № 111, 109 кабинеттер тел.: +7 7212 35-64-05, +7 7212 90-02-70 (ішкі нөмірлер 5001, 5003) e-mail: priemka@ksu.kz, Instagram: priemka_buketov.ksu.


Маркетинг және рекрутинг басқармасы

Басқарма талапкерлер мен басқа да стейкхолдерлерді тартуға бағытталған маркетингтің заманауи әдістерін енгізуге ықпал етеді; ішкі және сыртқы ортада университеттің имиджін ілгерілетеді; білім беру қызметтері саласында отандық және шетелдік рекрутингтік агенттіктермен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.

Факультеттер талапкерлер тартудың тиімді әдістерін енгізуге және университет беделінің нығаюына қатысты, сондай-ақ университеттің Instagram әлеуметтік желісінде өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат орналастыру туралы бастамаларымен Басқармаға жүгіне алады.

Басқарма стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.

Басқарманы экономика ғылымдарының кандидаты

Азамат Алдашұлы Дүйсембаев басқарады.

Басқармаға көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 310 кабинет тел.: +7 7212 35-63-17, е-mail: mir.department@gmail.com


Мемлекеттік сатып алу бөлімі

Бөлім мемлекеттік сатып алудың www.goszakup.gov.kz. web-порталы арқылы университеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

Бөлім қаржы директорына бағынады.

Бөлімді

Татьяна Александровна Круглякова басқарады.

Бөлімге көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 211кабинет тел.: +7 7212 35-65-26, e-mail: office@ksu.kz


Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы өңір ұйымдарындағы бос орындар мониторингін жүзеге асырады және Мансап аптасын, жұмыс берушілердің презентацияларын өткізеді. Орталық жұмыс берушілер туралы деректер банкін қалыптастырады және бітіруші курстың білім алушылары туралы сауалнамалық ақпаратты жүйелейді.

Білім алушылар жұмысқа орналасу, түйіндеме дайындау, жұмыс берушімен сұхбаттан өту үшін психологиялық тренингтерге қатысу мәселелері бойынша Орталыққа жүгіне алады.

Жұмыс берушілер өз ұйымдарына маман немесе тағылымдамадан өтуші іздеу үшін Орталыққа жүгіне алады, бітіруші курстың білім алушылары үшін мастер-класс өткізу туралы өтінім бере алады.

Орталық бетіне өту

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы оқу-әдістемелік басқарманың құрамына кіреді.

Орталықты

Гүлжан Скендірқызы Тишмағанбетова басқарады.

Мансап және жұмысқа орналастыру орталығына көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 113 кабинет тел.: +7 7212 31-22-99, e-mail: ckt_kargu@list.ru. Біздің Instagram аккаунтымыз: buketov_work


Оқу-әдістемелік басқарма

Оқу-әдістемелік басқарма бакалавриаттағы оқу процесін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды, білім беру инновацияларын енгізеді, білім беру бағдарламаларын жобалауға жәрдемдеседі, студенттер контингентінің қозғалысын тіркейді.

Басқарма құрамына Студенттермен жұмыс жасау қызметі, Сабақ кестесін жасау қызметі, Іс-тәжірибе бөлімі, Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы кіреді.

Білім алушылар білім беру бағдарламасына қайта қабылдау және ауысу, академиялық демалыс беру, стипендия тағайындау, стипендиялық бағдарламаларға және бос білім беру гранттарының конкурсына қатысу, іс-тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша Басқармаға жүгіне алады.

Оқытушылар педагогикалық жүктемені бөлу, сабақ кестесін құру мәселелері бойынша Басқармаға жүгіне алады.

Басқарма академиялық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады.

Басқарманы биология ғылымдарының кандидаты

Светлана Викторовна Гаголина басқарады.

Басқармаға көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 219 кабинет тел.: +7 7212 35-64-92, + 7 7212 35-64-94 (Оқу бөлімі), e-mail: umu@ksu.kz; № 217 кабинет, тел.: +7 7212 35-65-76 (Студенттермен жұмыс жасау қызметі); № 113 кабинет, тел.: +7 7212 31-22-99 (Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы, Іс-тәжірибе бөлімі).


Персоналды басқару басқармасы

Персоналды басқару қызметі университеттің кадрлық саясатын жүзеге асырады, қызметкерлерді таңдау жұмысын жүргізеді, олардың қызметін бағалауды ұйымдастырады, қызметкерлер контингентінің қозғалысы туралы құжаттарды рәсімдеуді қамтамасыз етеді.

Персоналды басқаруға жұмысқа орналасу, жұмыстан босату, мансаптық өсу, ішкі аттестаттау және конкурстық іріктеу мәселелері бойынша жүгіне аласыздар.

Персоналды басқару басқармасы Ректор аппаратының басшысына бағынады.

Басқарманы

Әсия Төлегенқызы Қалиева басқарады.

Персоналды басқару қызметіне көрсетілген байланыстар арқылы және сайттағы «кері байланыс» қосымша беті арқылы хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 228 кабинет тел.: +7 72 12 35-63-96 е-mail: buketov_up@mail.ru


Ректор аппараты

Ректор аппараты Басқарма Төрағасы – Ректордың басқарушылық шешімдері мен тапсырмаларын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, орындаушылық тәртіпті бақылауды жүзеге асырады, университет қызметкерлерімен өзара іс-қимыл процесінде ректордың ресми ұстанымын білдіреді.

Ректор аппаратын

Серік Қарбайұлы Қалқаманов басқарады.

Ректор аппаратының басшысы Кеңсе, Архив, Баспасөз қызметінің, Қызметкерлерді басқару, Заң басқармасының, Әскери жұмылдыру және азаматтық қорғаныс бөлімінің, Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бөлімінің жұмысына жетекшілік етеді.

Басшылықтың жедел шешімін талап ететін немесе Аппарат басшысының тікелей бағынысындағы қызметтердің жұмысына қатысты мәселелер бойынша Ректор аппаратына жүгінуге болады.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 225 кабинет, тел.: +7 7212 35-62-06, e-mail: serik.kalkamanov@mail.ksu.kz.


Стратегиялық даму басқармасы

Басқарма университеттің стратегиясын әзірлеуді жүзеге асырады, білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді қамтамасыз етеді, университеттің WURQS және QSEECA әлемдік рейтингтерінде ілгерілеуіне ықпал етеді.

Сіз аккредиттеу, сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуі, сондай-ақ WURQS және QSEECA әлемдік рейтингісіне қатысу мәселелері бойынша Стратегиялық даму басқармасына жүгіне аласыз.

Басқарма стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.

Басқарманы философия ғылымдарының кандидаты

Аринова Ольга Тастанбекқызы басқарады.

Басқармаға көрсетілген байланыстар арқылы хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 226 кабинет, тел.: +7 7212 35-64-90, e-mail: zh.mart@mail.ru


«Студенттер үйі» қызметі

Қызмет Студенттер үйінде тұрумен байланысты тұрмыстық мәселелерді шешуде студенттерге көмек көрсетеді.

Егер сіз Студенттер үйінің бірінде тұрсаңыз, Қызметке жүгіне аласыз.

Қызметті

Жұман Бақытұлы Бектас басқарады.

Студенттер үйінде тұруға орын алу үшін БҚҚО порталына online режимде өтінім беріңіз(БҚҚО-ға сілтеме).

Студенттер үйі туралы көбірек білу

Қызметке көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28/4, «Жастар орталығы» коворкинг-орталығы, тел.: +7 702 1664562, е-mail: zbektas@mail.ru - Бектас Бақытұлы; +7 708 5251707, е-mail: ak_niet-95@mail.ru - Ақниет Сағынтайұлы.


Студенттер сарайы

Студенттер сарайы білім алушылардың шығармашылық және бос уақытын өткізу орталығы болып табылады. Онда 500 орындық концерт залы, жоғарғы және төменгі фойесі, дайындық бөлмелері, хореографиялық зал, костюм бөлмесі, дыбыс жазу студиясы бар. Сарайда университеттің шығармашылық ұжымдарының («Шығармашылық ұжымдар» қосымша бетіне сілтеме) дайындықтары мен қойылымдары, көрмелер, жәрмеңкелер мен шығармашылық жұмыстардың тұсаукесерлері, конкурстар мен фестивальдар, мерекелік іс-шаралар өтеді.

Студенттер сарайында «Дүйсенбі – Жұма» аралығында 9.00-ден 18.00-ге дейін және 18.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтін шығармашылық клубтарды ұйымдастырушылардың кеңсесі орналасқан.

Студенттер сарайын педагогика ғылымдарының кандидаты

Кира Георгиевна Гаркуша басқарады.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат тел: 35-64-24, e-mail: ksu.ds@mail.ru, Instagram @ksu_ds.

Студенттер сарайының қызметі туралы көбірек ақпаратты университеттің YouTubе каналы арқылы алуға болады:

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ГИМНІ

Академик Е.А. Бөкетовтің 90 жылдығына арналған спектакль

Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған концерт (2020 жыл)

2020 жылғы Қарағанды университеті түлектеріне арналған бейне-құттықтау

Тәуелсіздік күніне концерт

8-наурызға арналған концерт

Наурыз мейрамы құтты болсын

Бос уақытты өткізу бағдарламасы Керемет серуен, немесе Қарағанды, туған күніңмен! 2021ж.10 ақпан

«Жаңа жыл» концерті

Кадр сыртындағы әлем 2020


Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімі

Бөлім еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жағдайларын бақылауды жүзеге асырады, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде кіріспе нұсқама өткізеді.

Бөлім Ректор аппаратының басшысына бағынады.

Бөлімді

Талғат Кәрбозұлы Жекебаев басқарады.

Байланыс: Университет көшесі, 28, № 124 кабинет тел.: + 77212 35-65-04, e-mail: otbiot@mail.ru


Тіркеуші кеңсе

Кеңсе білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді жүзеге асырады, білім алушылардың жеке оқу жоспарларының орындалуын бақылайды, білім алушылардың оқу жетістіктерінің есебін жүргізеді, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастырады, емтихан ведомостары мен транскриптерін ресімдейді.

Кеңсеге ресми және бейресми оқыту нәтижелерін қайта есепке алу, апелляция өткізу, жеке оқу жоспарларын, білім алушылардың академиялық рейтингісін қалыптастыру мәселелері бойынша жүгінуге болады.

Кеңсе академиялық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады.

Кеңсені физика-математика ғылымдарының кандидаты

Эльмира Қуанарқызы Мусенова басқарады.

Тіркеуші кеңсеге көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 214 кабинет тел: +7 7212 35-65-24, е-mail: regoff@buketov.edu.kz


Халықаралық ынтымақтастық басқармасы

Басқарма білім беру саласында шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты ұйымдастырады, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысушыларға ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді, қызметкерлер мен білім алушылардың халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысуына жәрдемдеседі.

Факультеттер Басқармаға ынтымақтастық туралы шарттар жасасу, қонақ дәрісшілерді шақыру, академиялық алмасу бағдарламаларына және халықаралық жобаларға қатысу туралы бастамаларымен жүгіне алады.

Әлеуетті серіктестер ынтымақтастық туралы ұсыныстарды ілгерілету, университет басшылығымен ресми кездесулер ұйымдастыру үшін Басқармаға жүгіне алады.

Шетелдік азаматтар визалық мәселелерді шешу кезінде ұйымдастырушылық және консультациялық көмек алу үшін Басқармаға жүгіне алады.

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.

Басқарманы химия ғылымдарының кандидаты

Елена Викторовна Минаева басқарады.

Басқармаға көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 222 кабинет тел.: +7 7212 35-60-35, e-mail: icd.buketov.university@gmail.com


Экономикалық жоспарлау бөлімі

Бөлім университеттің қаржылық-шаруашылық қызметін жоспарлауды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін жасайды, ақылы қызмет құнын есептеуді жүзеге асырады.

Бөлім қаржы директорына бағынады.

Бөлімді

Замира Елешевна Акылбаева басқарады.

Бөлімге көрсетілген байланыстар бойынша хабарласа аласыздар.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 208 кабинет тел.: +7 7212 35-63-86, е-mail: office@ksu.kz


https://science.karsu.uz/files/journals/4/articles/1269/62944e491ae66.html http://publications.lnu.edu.ua/journals/files/journals/1/articles/1371/submission/original/1371-2175-3-SM.html http://tpfk.ru/files/journals/1/articles/221/6291a23e1d36d.html https://uacd.uz/files/journals/1/articles/12/6294507f77107.html https://jrnls.ivet.edu.ua/files/journals/1/articles/747/6294511129235.html https://www.nzgajournal.org.nz/files/journals/1/articles/3612/629453d14bc51.html https://sebhau.edu.ly/journal/files/journals/6/articles/1915/6294556436aa8.html http://www.vjph.vn/files/journals/1/articles/679/submission/original/679-1219-4-SM.html http://uha.dp.ua/files/journals/1/articles/136/submission/136-1-264-1-2-20220530.html http://www.polsci-law.buu.ac.th/qa/-/situs-judi-online/index.htmlhttps://stce.nuce.edu.vn/files/journals/5/articles/2316/submission/2316-50-9628-1-2-20220530.html https://online.cput.ac.za/files/journals/6/articles/98/submission/98-61-102-1-2-20220530.html https://journal.tvu.edu.vn/files/journals/1/articles/889/submission/889-1-2966-1-2-20220530.html http://journal.ussh.vnu.edu.vn/files/journals/2/articles/994/submission/original/994-1162-3-SM.html http://jstic.ptit.edu.vn/files/journals/1/articles/561/submission/561-1-2183-1-2-20220530.html https://jcsce.vnu.edu.vn/files/journals/1/articles/377/submission/377-1-1835-1-2-20220530.html http://jst.ntt.edu.vn/files/journals/2/articles/298/submission/298-13-836-1-2-20220530.htmlhttps://stce.nuce.edu.vn/files/journals/5/articles/2320/submission/2320-50-9630-1-2-20220530.htmlhttps://vjde.vn/files/journals/1/articles/336/submission/336-1-361-1-2-20220530.htmlhttps://ictmag.vn/files/journals/9/articles/1039/submission/1039-62-5583-1-2-20220530.html http://e-majallah.ftu.ac.th/files/journals/4/articles/308/submission/original/308-597-7-SM.htmlhttps://huso-journal.sskru.ac.th/files/journals/3/articles/241/submission/241-25-1468-1-2-20220530.htmlhttps://www.econa.org.ua/files/journals/1/articles/2048/submission/original/2048-6565658006-3-SM.htmlhttps://stce.huce.edu.vn/files/journals/5/articles/2327/submission/2327-50-9730-1-2-20220530.htmlhttps://fass.dp.ua/files/journals/1/articles/117/submission/117-1-219-1-2-20220530.htmlhttps://eung.nung.edu.ua/files/journals/1/articles/384/629476a0bbaf8.htmlhttps://www.itit58.ru/files/journals/1/articles/430/62947777030a3.htmlhttp://ojs.kmutnb.ac.th/files/journals/6/articles/6117/submission/original/6117-16335-3-SM.htmlhttps://ruhm.es/files/journals/1/articles/856/629478a6f1206.htmlhttps://vjog.vn/files/journals/1/articles/1372/submission/1372-1-3113-1-2-20220530.htmlhttps://sci.chandra.ac.th/journal/files/journals/2/articles/40/submission/40-13-73-1-2-20220530.html http://journalgrad.ssru.ac.th/files/journals/16/articles/2760/submission/original/2760-5446-3-SM.htmlhttp://www.graduate.dusit.ac.th/journal/files/journals/1/articles/1148/submission/1148-1-3106-1-2-20220530.htmlhttps://recifaqui.faqui.edu.br/-/slot-online/http://jifactor.org/-/slot-online/https://fast5.ksu.kz/https://ojs.mbuslc.ac.th/files/journals/1/articles/81/6295c8606a892.html http://revista.irdcivil.com.br/files/journals/1/articles/20/6295d2df159f5.htmlhttps://jwt.su/files/journals/1/articles/1175/submission/1175-1-2833-1-2-20220531.htmlhttps://www.sjunijournals.ge/files/journals/3/articles/62/submission/62-25-111-1-2-20220531.htmlhttps://escsvfu.ru/files/journals/1/articles/24/6295d5cd02ee1.htmlhttps://altaisticsvfu.ru/files/journals/1/articles/52/6295d9a9f1fec.htmlhttps://uprav-uchet.ru/files/journals/1/articles/2157/6295dd81b85a8.htmlhttps://eras.mundis.pt/files/journals/1/articles/197/6295de5b23e69.htmlhttps://ref.ue.poznan.pl/files/journals/2/articles/147/6295df41adf95.htmlhttps://sociedadcientifica.org.py/files/journals/1/articles/247/6295e2c888b7e.html