Әдеп жөніндегі кеңес еңбек тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, корпоративтік әдеп кодексін, университеттің академиялық адалдық қағидаларын сақтау мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Академиялық, лауазымдық, еңбек құқықтарыңыз бұзылған, ұжымда жанжалдар туындаған жағдайларда Кеңеске жүгіне аласыз. Жазбаша өтінішті университеттің Кеңсесі , office@ksu.kz корпоративтік e-mail-ы арқылы немесе сайттағы «Кері байланыс» бөліміне (Ректор, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор блогы, ) кіру арқылы беруге болады.
Кеңес құрамына университеттің кәсіподақ төрағасы, студенттер өкілдері, Заң басқармасының бастығы, персоналды басқару және әкімшілік-басқару персоналының өкілдері кіреді. Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор.
Кеңес құрамы университеттің Басқарма төрағасы – ректорының бұйрығымен бекітіледі.
Кеңес қажеттілікке қарай шақырылады.
1. М.Ж. Сыздыков – Басқарма мүшесі, әлеуметтік - мәдени даму жөніндегі проректор, Кеңестің төрағасы.
2. Т.З. Жүсіпбек – Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор;
3. А.С. Молдабаев – Басқарма мүшесі, әкімшілік-шаруашылық қызмет жөніндегі проректордың міндетін атқарушы;
4. С.А. Смаилова – академиялық жұмыс департаменті директорының міндетін атқарушы;
5. А.Т. Төлеубеков – қызметкерлерді басқару басқармасының басшысы;
6. В.И. Олейник – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы;
7. Ш.Т. Байкенжина – заң басқармасы басшысының міндетін атқарушы;
8. С.С. Қасымов – ғылым департаментінің директоры;
9. М.К. Жунусова – кәсіподақ комитетінің төрайымы;
10. А.С. Рахимов – философия және психология факультетінің магистранты;
11. Н.С. Жумжумаев – заң басқармасының заңгер маманы, Кеңестің хатшысы.