кафедра меңгерушісі
биология ғылымдарының кандидаты
доцент
Телефон: +7 701 688-45-52
E-mail: a-auelbekova@mail.ru
Универстет көшесі 28, № 3 ғимарат
Facebook
Білім беру бағдарламалары
6В05102 Биотехнология: бакалавриат. Бағдарлама медициналық, тағамдық, экологиялық биотехнологияны зерттеумен байланысты. Оқу барысында студент биотехнологиялық процестің негізгі схемасын әзірлеуді, дәрілік заттарды өндіру жағдайларын оңтайландыруды, моноклоналды антиденелерді, гендік терапияны қолдану мүмкіндіктерін талдауды, әртүрлі сипаттағы мутагендік факторларды зерттеуді, геномдық, хромосомалық және гендік мутацияларды анықтауды, ауыл шаруашылығы көрсеткіштерін жақсарту үшін биотехнологиялық әдістерді қолдануды, маңызды биологиялық объектілерді сақтау әдістерін қолдануды үйренеді. Студент қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнеркәсібінде қолданылатын биотехнология әдістерін игереді.
Студенттер пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқи алады. Түлектер биотехнология бакалавры дәрежесін алып, биотехнологиялық және азық-түлік кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарында мамандар, зертханашылар, өндірістік зертханаларда технологтар, ауыл шаруашылығы саласындағы биотехнолог-селекционерлер, экологиялық қызметтер мен ұйымдарда мамандар болып жұмыс істей алады.
6B05201 Экология: бакалавриат.
Бағдарлама экологияның негізгі заңдылықтарын, теориялары мен тұжырымдамаларын зерттеумен байланысты. Оқу барысында студент биосфераға және қазіргі заманғы биосфералық процестерге антропогендік әсердің салдарын бағалауды, олардың тиімділігін эволюциялық тарихи процестермен байланыстыруды, қоршаған ортаның физикалық және географиялық сипаттамаларын талдау және болжау әдістерін қолдануды, «жасыл» экономиканың талаптарын ескере отырып экономикалық қызметтің жаңа аспектілерін жоспарлауды, ғылыми ақпаратты талдап, өсімдік қауымдастықтарын талдауды, гербарий материалымен жұмыс істеуді, қоршаған ортаға мониторинг жүргізуді үйренеді.
Студенттердің пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқуға мүмкіндігі бар. Түлектер экология бакалавры дәрежесін алып, өндіріс салалары бойынша эколог, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспектор, эколог-инженер, табиғатты қорғау ұйымдарының маманы, ғылыми-зерттеу орталықтарында және оқу орындарында эколог-зертханашы, менеджер-эколог болып жұмыс істей алады.