декан
география ғылымдарының кандидаты
доцент
Телефон: +7 72 12 35 61 52
E-mail: bgf-olimp@mail.ru
Университет көшесі, 28/3,
№ 3 ғимарат
Instagram
Биология факультеті – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі ең көне факультеттердің бірі. 1972 жылы тарихы 1952 жылы басталатын педагогикалық институттың жаратылыстану факультетінің негізінде құрылды. 1972 жылы Педагогикалық институттың жаратылыстану ғылымдары факультетінің негізінде ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда факультет биология, география, экология, биотехнология, ауыл шаруашылығы және медицина ғылымдарының әртүрлі салаларының мамандарын біріктіреді.
Факультеттің міндеті – классикалық білім беру құндылықтарын сақтай отырып, инновациялық технологияларды қолдану негізінде биологиялық, географиялық және экологиялық ғылымдар саласында жоғары сапалы білім беру және аймақтың болашағы үшін жауапкершілікті алуға қабілетті жаңа буын мамандарын даярлау.
Факультетте 60 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде ғылым докторлары мен кандидаттары, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық атағының, Білім және ғылым министрлігінің таланты жас ғалымдарына арналған мемлекеттік стипендияларының иегерлері және т.б. бар.
Факультет кафедраларында 900-ден астам студент, магистрант пен докторант оқиды, факультет қабырғасынан жыл сайын 200-ге жуық маман бітіріп шығады. Факультетте Биотехнология және экомониторинг зерттеу паркіне біріктірілген бес зерттеу зертханасы бар. Сабақтар мамандандырылған зертханалар мен кабинеттерде, Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптарда, интерактивті мультимедиалық жабдықтары бар дәріс аудиторияларында өтеді. Факультеттің Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Табиғат мұражайында оқу-дала базасы, түрлі гербарий қоры бар.