декан
PhD докторы
қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 356450
E-mail: a.k.zeinidenov@gmail.com
Университет көшесі, 28 А, № 2 ғимарат
Facebook, Instagram
Факультетте кәсіби қызмет саласында жоғары бейімділікке ие, білім беру, өнеркәсіп және бизнес салаларында табысты жұмыс істеуге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық және инженерлік кадрларды даярлау жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта факультет бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның 11 бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асырады. Факультет құрамына 4 кафедра кіреді: Физика және нанотехнология, профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылу физикасы, Көлік және логистикалық жүйелер, Радиофизика және электроника. 6D060400 – Физика бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру үшін диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Факультет түлектері мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында сабақ береді, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады, ғылыми орталықтар мен зертханалардың қызметкерлері болып жұмыс істейді.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы физиканың түрлі салаларында қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізеді. Көп деңгейлі білім беру бағдарламаларының портфелін жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулерді белсенді дамытатын жетекші ресейлік және шетелдік университет мектептерінің танымал модельдері біздің факультет үшін бағдар болып табылады. Кафедра докторанттарының ғылыми әзірлемелерге қатысу, факультеттің ҒЗИ-дың бірегей жабдықтарын пайдалану мүмкіндігі бар.
Факультетте физиканы оқыту әдістемесі бойынша бейіндік зертханалар мен сыныптар, нанотехнологиялар зертханасы, SMART-кабинет, гетерогенді ортадағы импульсті құбылыстар физикасының және машина жасау өндірісінің мамандандырылған кабинеттері бар. Студенттер заманауи оқу залдарының, ғылыми кітапхананың қызметтерін пайдалана алады.