кафедра меңгерушісі
PhD докторы
Телефон: +7 7212 35-64-50
E-mail: serikov-timur@mail.ru
Университет көшесі, 28-үй,
№ 2 ғимарат
Кафедра бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша педагогикалық және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындайды. Кафедраның студенттері мен магистранттары бес траектория бойынша білім алуға мүмкіндік алады: «Нанотехнология», «Спектроскопия», «Физика», «Физика-Информатика» және «Математика». Оқыту бағдарламасына «Technique of translation of physical terms», «Физиканы оқыту әдістемесі», «Мектеп экспериментінің техникасы», «Nuclear and elementary-particle physics», «School physics work shop» және «Наноплазмоника» сияқты өзекті пәндер кіреді. Кафедра үштілді топтарда оқытуды ұсынады.
Кафедра түлектері жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде сабақ бере алады, зертханалар мен ғылыми-зерттеу институттарында инженер болып жұмыс істей алады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары наноматериалдар мен нанотехнологияларды зерттеумен байланысты. Кафедрада инновациялық материалдар мен технологияларды әзірлеу бойынша іргелі-қолданбалы зерттеулер жүргізіледі. Кафедрада молекулалық нанофотоника институты және экология және техникалық физика мәселелері институты жұмыс істейді. Институт қызметкерлері докторанттар мен сыртқы серіктестердің қатысуымен іргелі, қолданбалы, шарттық жобаларды жүзеге асырады.