ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ


ФИЗИКО-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
 

ФИЗИКА ЖӘНЕ
НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ




ОМАРОВА
ГУЛЬДЕН СЕРИКОВНА

кафедра меңгерушісі
PhD докторы


Телефон: +7 7212 35-64-50
E-mail: serikov-timur@mail.ru
Университет көшесі, 28-үй,
№ 2 ғимарат

Даталар мен фактілер »

Білім беру бағдарламалары »

Мұғалімдердің профильдері »

Құжаттар »

Даталар мен фактілер

Тарихы:
Кафедра 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университеті құрылған кезде ұйымдастырылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі болып, Алматыдан ректор Е.А. Бөкетов шақырған Л.Ф. Ильина тағайындалды. Кафедраның академиялық дамуы оның әртүрлі атауларында көрініс тапты: жалпы физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасы, содан кейін жалпы физика, жылу физикасы кафедрасы, жалпы және теориялық физика кафедрасы, қазіргі уақытта физика және нанотехнологиялар кафедрасы деп аталады.
Әр жылдары кафедраны Ю.А. Сойников, С.С. Контаев, Т.А. Кунакбаев, Ю.Н. Антипов, М.К. Курманов, Т.М. Мукатов, А.Ж.Турмухамбетов, К.М.Арынгазин, А.О. Саулебеков, С.Е. Сакипова және А.С. Кудусов басқарды. Л.Ф.Ильина және А.Ж. Турмухамбетов физика факультетінің декандары болды; Ю.Н. Антипов ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, С.С. Контаев – оқытушылардың біліктілігін арттыру институтының ректоры болды. Кафедра оқытушылардың дамуына әрдайым қолайлы жағдай жасады. Кафедрада жұмыс істей жүріп, Ю.Н. Антипов, К.З. Альжанов, Г.А. Квецле, Ю.А. Сойников, С.С.Контаев, В.Е. Гладков, В.В. Брюханов, Г.В. Мельников, Т.Ж. Кунакбаев, К.К.Кусайынов, К.К. Мусенов, Г. . Ройзман, Н.М. Оспанов т.б. кандидаттық диссертацияларын қорғады.

Білім алушылар:
Кафедрада 150 студент білім алуда, олардың арасында мемлекеттік грант иегерлері, Қазақстанның басқа өңірлерінің өкілдері бар. Соңғы бес жыл ішінде кафедра студенттерінің контингенті 5 есе артты.

Жұмысқа орналастыру:
6В01504 «Физика-Информатика» және 6В01503 «Физика» бағдарламалары түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 100%-ды, 6В05304 «Физика» бағдарламасы түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 80%-ды құрайды.

Оқытушылар:
Кафедрада 22 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде: ғылым докторлары, кандидаттар, магистрлер, Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері.

Үш тілді білім беру бағдарламасы:
Кафедра қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде бір мезгілде оқытуды қарастыратын бағдарламалар әзірледі: 6В01504 «Физика-Информатика», 6В01503 «Физика», 6В05304 «Физика»

Диссертациялық кеңес:
2019 жылдан бастап кафедрада 6D060400 – Физика бағдарламасы бойынша PhD докторы дәрежесін беру үшін докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істейді. Кеңес төрағасы – профессор Н.Х. Ибраев.

Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның бағдарламалары БСҚТҚА ұлттық аккредиттеуден өткен және «Атамекен», АРТА, БСҚТҚА ұлттық рейтингтерінде лайықты орындарға ие.

Серіктестер:
«Органикалық жартылай өнімдер мен бояғыштар институты» мемлекеттік ғылыми орталығы (Ресей)
РҒА Кристаллография институты (Ресей)
Химия және полимерлік материалдар технологиясы институты, Алматы қ. (Қазақстан)
Беларусь ҰҒА Б.И. Степанов атындағы физика институты (Беларусь)
Украина ҰҒА Органикалық химия институты (Украина)
Калининград мемлекеттік техникалық университеті (Ресей)
Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университеті. (Қазақстан)
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті. (Ресей)
Томск мемлекеттік политехникалық ұлттық-зерттеу университеті (Ресей)
Тарас Шевченко атындағы ұлттық университет (Украина)
Орынбор мемлекеттік университеті (Ресей)
Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей)
Техас технологиялық университеті (АҚШ)
Томск мемлекеттік университеті (Ресей)
П.Н. Лебедев атындағы физикалық институт, РҒА (Ресей)
Физика-техникалық институты, Алматы қаласы (Қазақстан)
Лунд университетінің биохимия және құрылымдық биология орталығы (Швеция)
РҒА фотохимия орталығы (Ресей)
Брайтон университетінің фармацевтика және биомолекулалық ғылымдар мектебі (Ұлыбритания).

Зертханалық база:
Оқу зертханалары: физиканы оқыту әдістемесі; физикалық процестерді модельдеу; оптика және электромагнетизм.
Ғылыми-зерттеу зертханалары: фотопроцестерді компьютерлік модельдеу; төсем бетін плазмалық тазарту; жұқа қабыршақ технологиялары; химиялық синтез; наножүйелердегі электрондық процестер; люминесценция кинетикасы; наноматериалдар технологиялары; фотовольтаика; лазерлер физикасы; наноматериалдардың технологиялары мен спектроскопиясы; күн ұяшықтарын құрастыру; органикалық наноқұрылым технологиялары; импульсті фотолиз және магниттік әсерлер.
Студенттердің иелігінде информатика, бағдарламалау, сандық және аналогтық электрониканы оқуға арналған компьютерлік сыныптар бар.

https://science.karsu.uz/files/journals/4/articles/1269/62944e491ae66.html http://publications.lnu.edu.ua/journals/files/journals/1/articles/1371/submission/original/1371-2175-3-SM.html http://tpfk.ru/files/journals/1/articles/221/6291a23e1d36d.html https://uacd.uz/files/journals/1/articles/12/6294507f77107.html https://jrnls.ivet.edu.ua/files/journals/1/articles/747/6294511129235.html https://www.nzgajournal.org.nz/files/journals/1/articles/3612/629453d14bc51.html https://sebhau.edu.ly/journal/files/journals/6/articles/1915/6294556436aa8.html http://www.vjph.vn/files/journals/1/articles/679/submission/original/679-1219-4-SM.html http://uha.dp.ua/files/journals/1/articles/136/submission/136-1-264-1-2-20220530.html http://www.polsci-law.buu.ac.th/qa/-/situs-judi-online/index.htmlhttps://stce.nuce.edu.vn/files/journals/5/articles/2316/submission/2316-50-9628-1-2-20220530.html https://online.cput.ac.za/files/journals/6/articles/98/submission/98-61-102-1-2-20220530.html https://journal.tvu.edu.vn/files/journals/1/articles/889/submission/889-1-2966-1-2-20220530.html http://journal.ussh.vnu.edu.vn/files/journals/2/articles/994/submission/original/994-1162-3-SM.html http://jstic.ptit.edu.vn/files/journals/1/articles/561/submission/561-1-2183-1-2-20220530.html https://jcsce.vnu.edu.vn/files/journals/1/articles/377/submission/377-1-1835-1-2-20220530.html http://jst.ntt.edu.vn/files/journals/2/articles/298/submission/298-13-836-1-2-20220530.htmlhttps://stce.nuce.edu.vn/files/journals/5/articles/2320/submission/2320-50-9630-1-2-20220530.htmlhttps://vjde.vn/files/journals/1/articles/336/submission/336-1-361-1-2-20220530.htmlhttps://ictmag.vn/files/journals/9/articles/1039/submission/1039-62-5583-1-2-20220530.html http://e-majallah.ftu.ac.th/files/journals/4/articles/308/submission/original/308-597-7-SM.htmlhttps://huso-journal.sskru.ac.th/files/journals/3/articles/241/submission/241-25-1468-1-2-20220530.htmlhttps://www.econa.org.ua/files/journals/1/articles/2048/submission/original/2048-6565658006-3-SM.htmlhttps://stce.huce.edu.vn/files/journals/5/articles/2327/submission/2327-50-9730-1-2-20220530.htmlhttps://fass.dp.ua/files/journals/1/articles/117/submission/117-1-219-1-2-20220530.htmlhttps://eung.nung.edu.ua/files/journals/1/articles/384/629476a0bbaf8.htmlhttps://www.itit58.ru/files/journals/1/articles/430/62947777030a3.htmlhttp://ojs.kmutnb.ac.th/files/journals/6/articles/6117/submission/original/6117-16335-3-SM.htmlhttps://ruhm.es/files/journals/1/articles/856/629478a6f1206.htmlhttps://vjog.vn/files/journals/1/articles/1372/submission/1372-1-3113-1-2-20220530.htmlhttps://sci.chandra.ac.th/journal/files/journals/2/articles/40/submission/40-13-73-1-2-20220530.html http://journalgrad.ssru.ac.th/files/journals/16/articles/2760/submission/original/2760-5446-3-SM.htmlhttp://www.graduate.dusit.ac.th/journal/files/journals/1/articles/1148/submission/1148-1-3106-1-2-20220530.htmlhttps://recifaqui.faqui.edu.br/-/slot-online/http://jifactor.org/-/slot-online/https://fast5.ksu.kz/https://ojs.mbuslc.ac.th/files/journals/1/articles/81/6295c8606a892.html http://revista.irdcivil.com.br/files/journals/1/articles/20/6295d2df159f5.htmlhttps://jwt.su/files/journals/1/articles/1175/submission/1175-1-2833-1-2-20220531.htmlhttps://www.sjunijournals.ge/files/journals/3/articles/62/submission/62-25-111-1-2-20220531.htmlhttps://escsvfu.ru/files/journals/1/articles/24/6295d5cd02ee1.htmlhttps://altaisticsvfu.ru/files/journals/1/articles/52/6295d9a9f1fec.htmlhttps://uprav-uchet.ru/files/journals/1/articles/2157/6295dd81b85a8.htmlhttps://eras.mundis.pt/files/journals/1/articles/197/6295de5b23e69.htmlhttps://ref.ue.poznan.pl/files/journals/2/articles/147/6295df41adf95.htmlhttps://sociedadcientifica.org.py/files/journals/1/articles/247/6295e2c888b7e.html