кафедра меңгерушісі
PhD докторы
Телефон: +7 7212 35-64-50
E-mail: serikov-timur@mail.ru
Университет көшесі, 28-үй,
№ 2 ғимарат
Білім беру бағдарламалары
6В01503 «Физика»: бакалавриат. Бағдарлама үш тілді болып табылады және физика саласында теориялық білімі бар, орта оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесін меңгерген бакалаврларды педагогикалық даярлаумен байланысты. Оқу барысында студент физика мен математиканың негізгі бөлімдерін, аса күрделі есептерді шешуді, кәсіби ағылшын тілін үйренеді. Студенттерге «Technique of translation of physical terms», «Физиканы оқыту әдістемесі», «Мектеп экспериментінің техникасы», «Nuclear and elementary-particle physics», «School physics work shop» сияқты өзекті пәндерді оқу ұсынылады. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алады және мектептерде, колледждерде физика пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істей алады.
6В01504 «Физика-Информатика»: бакалавриат. Бағдарлама екі бейінді және үш тілді болып табылады. Ол физика және информатика саласында теориялық білімі бар, орта оқу орындарында физика және информатика пәндерін оқыту әдістемесін меңгерген бакалаврларды педагогикалық даярлаумен байланысты. Оқу барысында студент физика, информатика және математиканың негізгі бөлімдерін, күрделілігі жоғары есептерді шешуді, бағдарламалау тілдерін, кәсіби ағылшын тілін үйренеді. Студенттерге «Web-technology, Web-programming and internet technologies», «Object-oriented programming», «Физиканы оқыту әдістемесі», «Информатиканы оқыту әдістемесі», «Methodology of organization and holding of demonstration experiment in secondary school» сияқты өзекті пәндерді оқу ұсынылады. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алып, мектептер мен колледждерде физика және информатика пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істей алады.
6В05304 «Физика»: бакалавриат. Бағдарлама үш тілді және физиканы зерттеумен байланысты. Студенттер табиғат құбылыстарын байқауға, зерттеуге және модельдеуге үйренеді. Оларға «Наноматериалдарды зерттеудегі компьютерлік модельдеу», «Рентгендік спектроскопия арқылы заттарды құрылымдық талдау», «Наноқұрылымдарды зерттеудің оптикалық әдістері», «Молекулалық спектроскопия», «Лазерлер физикасы» сияқты өзекті пәндерді зерделеу ұсынылады. Түлектер жаратылыстану ғылымдарының бакалавры дәрежесін алып, ғылыми орталықтардың, жоғары оқу орындарының лаборанттары мен инженерлері болып жұмыс істей алады.
7М015001101 «Физика»: магистратура. Бағдарлама ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Магистрант физиканы оқытудың заманауи технологияларын, қазіргі физиканың теориялық және практикалық мәселелерін зерттейді. Оқу жоспарына «Қолданбалы физикадағы инноватика», «Қазіргі физиканың өзекті мәселелері», «Жаратылыстану-ғылыми пәндерді оқытудағы заманауи педагогикалық технологиялар», «Физикадағы кәсіби шетелдік терминология», «Нанотехнология саласындағы компьютерлік әдістер» сияқты өзекті пәндер кіреді. Түлектер білім магистрі дәрежесін алып, жоғары оқу орнында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады, мектептерде, колледждерде физика пәні мұғалімдері, ғылыми орталықтардың қызметкерлері, білім департаменттерінің мамандары болып жұмыс істей алады.
7М01501101 «Физика»: магистратура. Бағдарлама ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Магистранттарға «Сканерлейтін микроскопия әдістері», «Бір кристалдарды құрылымдық талдау», «Ядролық магниттік-резонанстық спектроскопия», «Заттағы физикалық процестерді және олардың қасиеттерін компьютерлік модельдеу», «Конденсацияланған ортадағы электрондық процестер» сияқты өзекті пәндерді зерделеу ұсынылады. Магистранттар пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқуға мүмкіндік алады. Түлектер жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алып, жоғары оқу орнында жұмыс істей алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады, ғылыми орталықтарда, жоғары оқу орындарында инженер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істей алады.
8D05302 «Физика»: докторантура. Бағдарлама физика саласындағы ғылыми-педагогикалық кадрларды, зерттеушілерді даярлауға бағытталған. Докторанттарға «Сканерлеуші зондтық микроскопия», «Наноқұрылымдарды алу және зерттеу әдістері», «Функционалдық наноматериалдар: алу, қасиеттері, қолданылуы», «Наноқұрылымдар мен наноматериалдарды зерттеудің оптикалық және микроскопиялық әдістері», «Наноплазмоника» сияқты өзекті пәндерді зерделеу ұсынылады. Түлектер PhD философия докторы дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады, ғылыми-зерттеу институттарында, орталықтарда, зертханаларда, конструкторлық және жобалау бюроларында жұмыс істей алады.