кафедра меңгерушісі
экономика ғылымдарының кандидаты
қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 356398
E-mail: financy_f@mail.ru
Университет көшесі, 28
№ 1 ғимарат, 441 кабинет
Оқу бағдарламалары
6В04109 «Қаржы»: бакалавриат. Аталған оқу бағдарламасы шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қаржыны ұйымдастырудың, реттеудің, басқарудың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын; ұлттық экономиканың даму үрдістерін, қазіргі заманғы цифрлық қаржы технологияларын зерделеумен байланысты.
Оқу бағдарламасы аясында студенттер келесі маңызды пәндерді оқиды: Қаржылық тәуекелдерді басқару, Банктік тәуекелдерді басқару, Қаржылық менеджмент, Салықтық басқару, Салықтық әкімшілдендіру, Қаржылық басқарудағы ақпараттық жүйелер, Интернет-банкинг және т.б.
Оқу барысында студент жоспарлауды, болжауды, реттеуді, басқаруды және қаржыны ұйымдастыруды, бақылауды, микро және макро деңгейлерде ақша-несие және фискалдық саясатты жүзеге асыру негіздерін үйренеді. Өндірістік практика барысында студент банк мекемесінің қаржылық жағдайын талдау, кәсіпорындардағы бюджеттеу дағдыларын игереді.
Аталған мамандық бойынша түлектер бизнес және басқару бакалавры дәрежесін алып, қаржы мамандары, банк секторының қаржы директоры, түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы сарапшылары болып жұмыс істей алады.
7М4107401 «Қаржы:» магистратура. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - ресейлік жоғары оқу орындарының қатысуымен қос диплом алу мүмкіндігі, еліміздің ірі университеттері мен компанияларында іс-тәжірибеден немесе тағылымдамадан өту; пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқу мүмкіндігі.
Оқу бағдарламасы аясында магистранттар келесі маңызды пәндерді оқиды: Қаржылық мониторинг, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, Қаржылық менеджмент (ілгерілемелі курс), Қаржы жүйесінің қаізргі өзекті мәселелері (ағылшын тілінде), Мемлекеттік қаржыны басқарудағы ақпараттық технологиялар (ағылшын тілінде) және т.б.
Оқу үдерісіндее магистрант қаржы-ақшалай реттеу саласындағы қазіргі заманғы теориялық және практикалық мәселелерге ғылыми-практикалық зерттеу жүргізуді, қаржыны басқаруда экономикалық-математикалық әдістерді қолдануды, кәсіпорындардың, қаржы органдары мен сақтандыру ұйымдарының, ипотекалық, лизингтік, факторингтік, брокерлік, инвестициялық компаниялардың, ломбардтардың, несиелік серіктестіктердің консультациялық қызметін жүргізуді және талдауды үйренеді.
Аталған мамандық бойынша түлектер экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алып, жоғары оқу орнында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады, республикалық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік қаржы органдарында, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде маман, банк және қаржы мекемелерінде бөлім басшысы болып жұмыс істей алады.