кафедра меңгерушісі
экономика ғылымдарының кандидаты
қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 356398
E-mail: financy_f@mail.ru
Университет көшесі, 28
№ 1 ғимарат, 441 кабинет
Даталар мен фактілер
Тарихы:
«Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді даярлау 1972 жылы ҚарМУ құрылған сәттен бастап жүзеге асырылады.
1974 жылдың 30 қыркүйегінде «Қаржы және несие» кафедрасы ашылды, оның негізін қалаушы, алғашқы меңгерушісі э.ғ.к., доцент Орманбаев Алтай Жұмабайұлы болды. Доцент А.Ж.Орманбаев 1972 жылға дейін ҚазМУ философия-экономика факультетінің «Салалық экономика» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді және 1972 жылы республикадағы екінші Қарағанды мемлекеттік университетінің ашылуына байланысты Қазақ КСР Жоғары және орта арнайы білім беру министрлігінен ҚарМУ ректоры Е.А. Бөкетовке көмекке жіберілді. 1963 жылы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
Кафедра меңгерушілері э.ғ.д., профессор А.Ж.Орманбаев, э.ғ.к., доцент Б.К.Қажыкаримов, э.ғ.к., доцент С.М.Өмірбаев, э.ғ.к., доцент Г.А.Татиева, э.ғ.к., доцент А.С.Дәрібекова, э.ғ.к., профессор Л.С.Көмекбаева болды. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Е.Т.Ақбаев.
Әр жылдары ҚарМУ экономика факультетінің декандары «Қаржы» кафедрасының өкілдерінен болды. Олар: э.ғ.д., профессор А.Ж.Орманбаев, э.ғ.к., доцент Б.К.Қажыкаримов, э.ғ.к., доцент С.М.Өмірбаев, э.ғ.д., «Қаржы» кафедрасының профессоры Б.С.Есенгельдин. «Қаржы» мамандығының түлегі Ж.С.Хусаинова қазіргі уақытта факультет деканы.
050509 - Қаржы мамандығы бойынша мамандарды қазақ тілінде дайындау 2004 жылдан бастап жүзеге асырылады. 5В050900 – Қаржы мамандығы бойынша бакалаврларды даярлау 2010 жылдан бастап қазақ және орыс тілдерінде жалпы, орта кәсіптік білім базасында күндізгі оқу нысаны бойынша және орта кәсіптік білім және жоғары білім базасында сырттай оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады.
«Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға оқуға қабылдау 1996 жылдан бастап жүргізіледі. Оқу мерзімі: ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша - 2 жыл, бейіндік бағыт бойынша -1 жыл. 6М050900/7М4107401 – Қаржы (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша) мамандығының түлектері 6М050900/7М4107401.01 - Қаржы мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алады; бейіндік бағыт бойынша – 6М050900 – Қаржы мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алады.
Оқытушылар:
Қазіргі уақытта кафедрада ғылым докторы, кандидат және магистр ғылыми дәрежелері бар 13 штаттық оқытушы жұмыс істейді.
Академиялық ұтқырлық және тағылымдама:
2018 жылдың 24-26 қыркүйегінде э.ғ.к., профессор Л.С.Көмекбаева және э.ғ.к., доцент Н.А.Лисова ғылыми тағылымдама аясында кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Халықаралық желілік институтқа (Ресей) барып қайтты. Оқытушылар А.Т.Жансейітов және Г.Р.Топшахова Coursera халықаралық білім беру платформасында оқыды. «Болашақ" мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Қаржы» кафедрасынан А.Т.Жансейітов Манчестер университетінің (Ұлыбритания) магистратурасында оқыды және 2017 жылы оны табысты аяқтады, бүгінгі күні «Қаржы» кафедрасында жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Польша Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы келісім аясында Катовицадағы экономикалық университетте кафедра докторанты Т.А.Ақанаева білім алуда.
Білім алушылар:
Кафедрада оқуға түскен студенттер саны – 228, олардың ішінде Ресей, Өзбекістан, Әзірбайжан елдерінің азаматтары бар.
Жұмысқа орналастыру:
Бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші - 86%, магистратура-100%.
Қос диплом бағдарламасы:
7М04107401 – «Қаржы» (Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ) – «Экономикалық қауіпсіздік» (МИФИ, Мәскеу қ.) бағдарламасы.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық бағдарламалары ұлттық аккредиттеуден өтіп, ұлттық рейтингте лайықты орындарға ие: «Атамекен» рейтингісінде 5В050900/6В04109 –«Қаржы» бағдарламасы 2018 жылы – 23-орын, 2019 жылы – 24-орын, 2020 жылы – 35-орында.