кафедра меңгерушісі
экономика ғылымдарының кандидаты
доцент
Телефон: +7 7212 77-01-30
E-mail: sagynysh.mambetova@ksu.kz
Университет көшесі, 28
№1 ғимарат, 421 кабинет
Instagram
Білім беру бағдарламалары
6B04101 «Менеджмент»: бакалавриат. Бағдарлама классикалық менеджмент пен өндірісті басқаруды зерттеумен байланысты. Инновациялық болып табылады. Бағдарламаның ерекшелігі - еуропалық жоғары оқу орындарында қос дипломды білім алу, еліміздің ірі компанияларында тәжірибеден немесе тағылымдамадан өтудің кең мүмкіндігі.
Оқу барысында студенттер Менеджмент, Тайм-менеджмент, Көшбасшылық психологиясы, Бренд-менеджмент, Персоналды басқару, Менеджмент теориясы мен практикасы, Кәсіпкерлік менеджмент, Менеджмент-консалтинг, Стратегиялық менеджмент, Басқарушылық шешімдерді әзірлеу, Креативті менеджмент, Инновациялық менеджмент, Әкімшілік менеджмент, Жобаларды басқару, Сапа менеджменті және басқа да көптеген өзекті пәндерді игереді.
Студент нарық пен оның құрылымына, ойын теориясына, басқару құралдары мен технологияларына, жобалық іс-әрекетке, сапаны бақылау құралдарына, есеп беру қызметіне және бизнес-жоспарларды әзірлеуге талдау жасауды үйренеді, ұйым қызметін жоспарлау мен басқаруда, ақпаратты жинау мен талдауда, жобаларды бағалау мен тиімді корпоративтік стратегияларды құрастыруда өз дағдыларын дамыта алады, сондай-ақ персоналмен жұмыс істеуді үйренеді: кадрлар еңбегін ынталандыру, орындаушылар қызметін ұйымдастыру және персоналды ынталандыру саясатын жүргізуді игереді.
Университет бітірген түлектер экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алады және экономиканың нақты секторында, қаржы-банк жүйесінде, бизнес пен кәсіпкерлікте менеджер болып қызмет атқара алады, өндіріс пен басқаруды дамытудың негізгі бағыттарын жоспарлауда, сондай-ақ өндіріс пен басқару құрылымын қалыптастыруда кәсіби функцияларды орындай алады.
6В04102 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»: бакалавриат. Бағдарлама мемлекеттік және жергілікті басқару ерекшеліктерін зерттеумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі - еуропалық жоғары оқу орындарында екі дипломды білім алу, көптілді топтарда оқу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мектебінде кәсіби курстардан өту мүмкіндігі болып табылады.
Оқу барысында студенттер Менеджмент, Экономиканы мемлекеттік реттеу, Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, Мемлекеттік сектордағы Менеджмент, Мемлекеттік басқару теориясы, Жергілікті менеджмент, Дағдарысқа қарсы менеджмент және басқа да көптеген өзекті пәндерді оқиды.
Оқу барысында студент басқармада аналитикалық зерттеулер жүргізуді, жергілікті жерлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды болжауды; нақты өңірдің тұрғындарымен «кері байланысты» ұйымдастыруды, мемлекеттік, салалық және аумақтық бағдарламалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін іске асыруды және бағалауды, билік органдары қызметінің нәтижелері бойынша басқару технологияларын қолдануды үйренеді.
Түлектер экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алып, Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен әкімшілігінде, ҚР Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде, экономика және қаржыны басқару органдарында, жергілікті басқару органдарында, ұлттық, мемлекеттік және жеке компанияларда, корпорацияларда, концерндерде маман болып жұмыс істей алады.
7М04107201 «Менеджмент»: магистратура. Бағдарлама басқару қызметін, менеджменттің теориялық және практикалық мәселелерін тереңдетіп зерттеумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі - еуропалық жоғары оқу орындарында қос дипломды білім алу, еліміздің ірі университеттері мен компанияларында іс-тәжірибеден немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі болып табылады; пәндердің бір бөлігі ағылшын тілінде оқытылады.
Оқу барысында магистранттар басқару жүйесіндегі инновация, өздік менеджмент, стратегиялық менеджмент, сатематикалық әдістер мен модельдер және т.б. өзекті пәндерді оқиды.
Оқу процесінде магистрант менеджменттің, экономика мен бизнестің қазіргі заманғы теориялық және практикалық проблемаларына ғылыми зерттеулер жүргізу, салалық, өңірлік және халықаралық нарықтарды талдау үшін экономикалық-математикалық және басқарушылық әдістерді қолдануды; нарықтық жағдайды талдау, жобаларды жоспарлау, басқару кешенінің жекелеген элементтері бойынша шешімдерді таңдау және бағалау бойынша басқарушылық шешімдер қабылдауды; компанияның стратегиясын, брэнд-менеджмент элементтерін қоса алғанда, оның өнім саясатының басымдықтарын қалыптастыруды; экономикалық пәндер бойынша сабақтар өткізу кезінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану; инновациялық басқару технологияларының әлемдік тәжірибесін отандық нарық жағдайларына бейімдеу шеңберінде теориялық проблемалардың шешімін табуды үйренеді.
Түлектер экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және кәсіпорын басшылары, экономиканың нақты секторындағы, қаржы-банк жүйесіндегі, бизнес пен кәсіпкерлікте менеджерлер болып жұмыс істей алады, өндіріс пен басқаруды дамытудың негізгі бағыттарын жоспарлауда, өндіріс пен басқару құрылымын қалыптастыруда кәсіби функцияларды орындай алады, жоғары оқу орындарында «Бизнес және басқару» бағыты бойынша оқытушылар; ҒЗИ ғылыми қызметкерлері бола алады.
7М04107101 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»: магистратура. Бағдарлама мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы өзекті мәселелерді, өңірлік экономиканың, мемлекеттің инновациялық қызметінің түйінді проблемаларын тереңдете зерделеумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі-еуропалық жоғары оқу орындарында қос дипломды білім алу, еліміздің ірі университеттері мен ұлттық компанияларында іс-тәжірибеден немесе тағылымдамадан өту мүмкіндігі; пәндердің бір бөлігі ағылшын тілінде оқытылады.
Оқу барысында магистранттар басқару жүйесіндегі инновация, басқарудағы ақпараттық технологиялар, мемлекеттік стратегиялық басқару және басқа да өзекті пәндерді оқиды.
Магистрант саланы басқарудың қазіргі заманғы теориялық және практикалық проблемаларына ғылыми зерттеулер жүргізуді; мемлекеттік қызметтерді қалыптастыру және іске асыру процестерін ұйымдастыруды және басқаруды; өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейлерде басқару саласындағы қызметті жедел, тактикалық және стратегиялық болжау, жобалау және жоспарлау әдістерін қолдануды; басқарушылық қызметтер нарығына жүйелі талдау жүргізуді және оның тиімді жұмыс істеуі үшін оның дамуын болжауды үйренеді; аймақтық және мемлекеттік деңгейде басқаруды талдау үшін экономикалық-математикалық әдістерді қолдану; экономикалық және пәнаралық пәндер бойынша сабақтар өткізу кезінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдануға дағдыланады.
Түлектер ғылым магистрі дәрежесін алып, ұлттық компаниялардың басшылары; мемлекеттік және жергілікті кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен әкімшілігінде, ҚР Үкіметінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінде, экономика мен қаржыны басқару органдарында, жергілікті басқару органдарында, ұлттық, мемлекеттік және жеке компанияларда, корпорациялардың концерндерінде, «Бизнес және басқару» бағыты бойынша жоғары оқу орындарында оқытушылар болып жұмыс істей алады; мемлекеттік басқаруды дамыту мәселелерін зерттеумен айналысатын ҒЗИ ғылыми қызметкерлері бола алады.