кафедра меңгерушісі
техника ғылымдарының кандидаты
қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 35-64-50
Университет көшесі, 28 А,
№ 2 ғимарат
Facebook Instagram
Білім беру бағдарламалары
6В07103-Жылу энергетикасы: бакалавриат. Бағдарлама энергетика өнеркәсібінің, жылу электр станцияларының технологиялық процестерін; өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдарды орталықтандырылған және автономды жылумен жабдықтау жүйелерін; энергия көздерін өндіру және тарату жүйелерін; жылу және жылу желілерін; су мен отынды дайындау жүйесін, өнім сапасын бақылау жүйесін, кәсіпорындарда сапа менеджменті жүйесін зерделеумен байланысты. Оқу барысында студент техникалық және адами факторларды ескере отырып, басқару принциптерін және әртүрлі жылу жүйелері параметрлерінің оңтайлы арақатынасын анықтайды және т.б. дағдыларды үйренеді. «6В07103-Жылу энергетикасы» білім беру бағдарламасының түлектері техника және технологиялар бакалавры дәрежесін алып, жылу-энергетика кәсіпорындарында (ЖЭО, МАЭС), өнеркәсіптік энергетика кәсіпорындарында (қазандық станциялары, жылу желілері), сондай-ақ жылыту, желдету, ыстық сумен жабдықтау және технологиялық бумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың барлық түрлерінде жұмыс істей алады.
6B11201-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қаіпсіздігі: бакалавриат. Бағдарлама индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік органдар, өндіріс және тұтыну салаларын қоса алғанда, экономиканың барлық салаларының кәсіпорындары үшін тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы міндеттерді зерделеумен байланысты. Оқу барысында студент техносферамен және қоршаған ортамен өзара әрекеттесу кезінде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуді үйренеді. Түлектер бакалавр дәрежесін алады және табиғатты бақылау, еңбек қорғау құралдары, құтқару техникасы саласында жұмыс істей алады, кәсіпорындар мен азаматтардың экономикалық қызметіне сараптама және аудит жүргізе алады, объектіні адам мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігі тұрғысынан іске асыруға рұқсат етілуіне баға бере алады.
7M07109801-Жылу энергетикасы: магистратура. Бағдарлама жылу энергетикасында ғылыми зерттеулер жүргізумен байланысты. Магистрант көп фазалы ортаның динамикасы мен жылу алмасуына, жылу технологиясына, жылу энергетикасындағы ақпараттық жүйелерге байланысты пәндерді оқиды. Оқу процесінде магистрант ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлауды және оның нәтижелерін бағалауды, ақпаратты практикада өңдеудің компьютерлік технологияларын қолдануды, жұмыс денелері мен салқындатқыштардың термодинамикалық қасиеттерін анықтау үшін теңдеулер мен анықтамалық мәліметтер базасын, ТЭУ процестері мен жылу тиімділігінің көрсеткіштерін термодинамикалық талдауда қолдануды үйренеді. Түлектер техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алады және университетте сабақ бере алады, зерттеу жұмыстарымен айналысады, жобалау саласында жұмыс істей алады.
8D05303 - Жылу физикасы және теориялық жылу: докторантура. Бағдарлама ғылыми зерттеулер жүргізумен және электр үнемдеу, жаңартылатын энергетиканың физикасы мен техникасын зерттеумен байланысты. Докторант заманауи гидро-газодинамиканың негізгі мәселелерін, разрядты-импульсті технологиялардың таңдаулы тарауларын зерттейді. Түлектер PhD докторы дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында сабақ берумен қатар ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады.