кафедра меңгерушісі
әлеуметтану ғылымдарының кандидаты
доцент
Телефон: +7 7212 77-03-59
E-mail: socrab@mail.ru
Мұқанов көшесі, 1, № 8 ғимарат
Instagram
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтарды дайындауда алғашқы қатардан орын алады.
Кафедра 1990 жылы Қарағанды педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетінде тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі кафедрасы ретінде құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі қызметін п.ғ.к., доцент Т.Н.Олейникова атқарды.
1992 жылы тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі кафедрасы жаңадан ашылған әлеуметтік педагогика факультетінде әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы болып қайта құрылды. Алғашқыда п.ғ.к., доцент К.М. Туганбекова, одан кейін п.ғ.д. Ш.М. Мұхтарова (2009 ж.) кафедра меңгерушісі болды. Қазіргі уақытта кафедраны әл.ғ.к., доцент Б.Ж.Абдрашева басқарады (2013 ж. бастап).
Сол 1992 жылдан бастап кафедра «Әлеуметтік педагогика және психология» мамандығы бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыра бастады. Кафедра 050905 – «Әлеуметтік жұмыс» мамандығын 1993 жылдан бастап оқытады.
Кафедраның бастауында п.ғ.к., доцент А.Г. Трушин, п.ғ.к., доцент А.А. Орлов, педагог-практик Н.Н. Любощинская, п.ғ.к., доцент Т.Н. Олейникова, әл.ғ.к., доцент Б.Ж.Абдрашева, п.ғ.к., доцент Р.И.Бурганова, доцент Г.Г.Чернаялар тұрды.
2004-2005 оқу жылынан бастап Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде алғаш рет әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының бастамасымен, Қарағанды облысы мәдениет басқармасының қолдауымен және сұрауы бойынша 050906-«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы ашылды. 2002-2003 оқу жылында «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша, 2012 жылы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша магистратура ашылды.
2014 жылы кафедра «Философия және психология» факультетінің құрамына кірді.
Оқытушылар:
Кафедрада ғылым докторлары, кандидаттар, магистрлар жұмыс жасайды. Кафедрада республикалық мемлекеттік грант және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын алған оқытушылар жұмыс істейді. Атап айтсақ: п.ғ.д., профессор Ш.М.Мухтарова (2009 ж.), п. ғ. к., доцент М.Т.Баймуканова (2013 ж.), ә.ғ.к., доцент Б.Ж.Абдрашева (2014 ж.), п.ғ.к., доцент Ж.Х. Кендирбекова (2014 ж.).
Білім алушылар:
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасының мамандықтарына Қазақстанның басқа өңірлерінен («Серпін» бағдарламасы бойынша), сондай-ақ жақын шет елдерден (Өзбекстан, Моңғолия, Қытай) студенттер оқуға түседі.
«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері 11 жыл бойы республика бойынша пәндік олимпиадада көшбасшы атанып келеді. Болашақ бос уақытты ұйымдастыру мамандары және әлеуметтік педагогтар үнемі олимпиада жүлдегерлері атанып жүр. Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасында білім алып шығатын студенттердің жетістіктерін «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» байқауының нәтижесінен көруге болады.
Жұмысқа орналастыру:
Кафедраның барлық мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі жоғары көрсеткішке ие. Түлектеріміз Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратында, Қарағанды қ. әкімдігінде, Қарағанды обылысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де, Қарағанды қ. кеншілер мәдениет сарайында, Қарағанды қ. теміржолшылар мәдениет сарайында, Қарағанды обылысының білім басқармасында, және т.б. көптеген мекемелерде еңбек етуде.
Серіктестер:
Кафедра қызметі әлеуметтік қызметкерлерді, әлеуметтік педагогтарды, мәдени-тынығу жұмысының мамандарын кәсібилендірумен байланысты, түрлі жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен кең халықаралық байланыстарға ие. Олардың қатарында: И. Куза атындағы Университет (Румыния), Ресей мемлекеттік әлеуметтік университеті (Ресей), И.П.Шамякин атындағы Мозыр мемлекеттік педагогикалық университеті (Беларусь Республикасы), Сочи мемлекеттік университеті (Ресей), Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария), Балаларды қатыгездіктен қорғау Ұлттық Қоры.
Кафедра филиалы және тәжірибе базалары:
Кафедра филиалдары Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайының базасында, Қарағанды облысының даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған МӘМ-де, Қарағанды қаласының №68 мектеп-интернатында табысты жұмыс істейді: кафедра ұжымы осы мекемелердің қызметкерлерімен бірлесіп, студенттер мен магистранттарға кәсіби қызметке дайындықтың практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында семинарлар, тренингтер өткізеді. Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайының қызметкерлерімен бірге Қарқаралы ұлттық саябағында семинар-тренинг; қайырымдылық іс-шараларын өткізу, Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы бойынша МӘМ-ге қамқорлық көмек көрсету; Қарағанды қаласының №68 мектеп-интернатының базасында әлеуметтік-педагогикалық іс-шараларды; әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың өзекті мәселелері бойынша конференциялар мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру дәстүрге айналған.
«Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ-сі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қарағанды облысының мәдениет басқармасы, SOS балалар ауылы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, К.С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік Халықтар Достығы орденді орыс драма театры он жылдан астам уақыт бойы практикалық даярлықтың базалық ұйымдары болып келеді.
Жобалар:
Кафедра екі рет (2000 ж., 2009 ж.) TEMPUS халықаралық білім беру бағдарламалары жобаларының және басқа да бірқатар халықаралық ғылыми жобалардың, атап айтсақ: «Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту» (Қазақстан-Германия), «Қарағанды облысында әлеуметтік күтімнің заманауи жүйесін енгізу» (Қазақстан-Германия) және т.б, жобалардың қатысушысы.
Әлеуметтік жобалар:
Кафедраның жас оқытушыларының бастамасымен көптеген қайрымдылық шараларын, әлеуметтік, психологиялық, моральдық және материалдық көмекке мұқтаж түрлі санаттағы жандарға арналған акциялар ұйымдастырып үлгерген «GoodWay» еріктілер клубы құрылып, жұмыс істеуде.