кафедра меңгерушісі
химия ғылымдарының кандидаты
қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 34-19-40
E-mail: inorg.tech.chem@mail.ru
Мұқанов көшесі, 41, №6 ғимарат
Instagram
Білім беру бағдарламалары
6В01507 «Химия»: бакалавриат. Бағдарлама келесі модульдердегі пәндерді оқумен байланысты: қоғамдық сананы жаңғыртудың идеологиялық негіздері, әлеуметтік-саяси білім, ақпараттық-коммуникациялық, кәсіптік оқыту, іргелі оқыту, оқыту технологиясы, қашықтықтан оқыту технологиясы, ағылшын тілі. Бағдарлама үштілді, студенттерде кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқуға мүмкіндік бар. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алады және орта мектеп химия пәнінің мұғалімі және колледж оқытушысы ретінде жұмыс істей алады.
6В01508 «Химия-Биология»: бакалавриат. Бағдарлама келесі модульдердегі пәндерді оқумен байланысты: қоғамдық сананы жаңғыртудың идеологиялық негіздері, әлеуметтік-саяси білім, ақпараттық-коммуникациялық, кәсіптік оқыту, іргелі оқыту, оқыту технологиясы, қашықтықтан оқыту технологиясы, ағылшын тілі. Бағдарлама үштілді, студенттерде кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқуға мүмкіндік бар. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алады және орта мектепте химия-биология пәнінің мұғалімі және колледж оқытушысы ретінде жұмыс істей алады.
6В05306 «Химия және физика»: бакалавриат. Бағдарлама келесі модульдердегі пәндерді оқумен байланысты: қоғамдық сананы жаңғыртудың идеологиялық негіздері, әлеуметтік-саяси білім, ақпараттық-коммуникациялық, математикалық және жаратылыстану, іргелі оқыту, кәсіптік оқыту, ағылшын тілі. Студенттердің кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқуға мүмкіндігі бар. Түлектер жаратылыстану ғылымдары бойынша бакалавр дәрежесін алады және материалдық технолог, химиялық технолог, өнім сапасын бақылаушы, мектеп және колледж қызметкері ретінде жұмыс істей алады.
7М01501301 «Химия»: магистратура. Бағдарлама қоғамдық-гуманитарлық білімнің философиялық және тарихи аспектілері, кәсіби тілдер, ғылыми зерттеулер мен коммерцияландыру негіздері, химияны оқытудың әдістемесі мен заманауи технологиялары, қазіргі химияның өзекті мәселелері сияқты пәндерді оқумен байланысты. Магистранттардың кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқуға мүмкіндігі бар. Түлектер педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және университетте сабақ бере алады, ғылыми қызметпен айналысады, колледж оқытушысы және орта мектеп мұғалімі болып жұмыс істейді.
7М07109701 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»: магистратура. Бағдарлама әлеуметтік-гуманитарлық білімнің философиялық және тарихи аспектілері, кәсіби тілдер, минералды шикізатты өңдеудің заманауи технологиялары, бейорганикалық заттар мен материалдар технологиясының негіздері, қазіргі химияның негіздері сияқты пәндерді оқумен байланысты. Магистранттардың кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқуға мүмкіндігі бар. Түлектер техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алады және университетте сабақ бере алады, ғылыми қызметпен айналысады, университет оқытушысы, ғылыми қызметкер және химик-технолог болып жұмыс істейді.