кафедра меңгерушісі
PhD докторы
қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 35-64-30
E-mail: modth1705@mail.ru
Университет көшесі, 28а, 2 ғимарат
Facebook, Instagram
Даталар және фактілер
Тарихы:
«Алгебра, математикалық логика және геометрия» кафедрасы 1997 жылы математика факультетінің «Жоғары алгебра» мен «Геометрия және топология» тәрізді екі іргелі кафедраның бірігуінен пайда болды.
Жоғары алгебра кафедрасы 1967 жылдың қыркүйегінде Қарағанды педагогикалық институтының (ҚарПИ) физика-математика факультетінде ашылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі ҚарПИ ректоры доцент С.Б. Баймурзин болды. 1972 жылдың наурызында ҚарПИ жоғары алгебра кафедрасының базасында ҚарМУ жоғары алгебра кафедрасы құрылды.
Кафедра жетекшілері: профессор Т.Ғ. Мұстафин, аға оқытушы Н.Т.Мочернюк, доцент Қ.Ж. Жетпісов, доцент Т.Х. Макажанова.
Профессор Т.Ғ. Мұстафин кафедра ұжымын құрумен қатар өзінің студенттері, болашақ оқытушылар Қ. Жетпісов, Т. Нұрмағамбетов, М. Церр, А.Р.Ешкеев, Е. Нұрхайдаровпен үлкен жұмыс жүргізді.
2013 – 2021 жылдар аралығында профессор Т.Ғ. Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасын профессор А.Р. Ешкеев басқарады. Т.Ғ. Мұстафиннің оқушысы А.Р. Ешкеев әлемдік логикалық қауымдастығында модельдер теориясының, атап айтқанда йонсон теориялары маманы ретінде танымал.
2021-2022 оқу жылында кафедра меңгерушісі болып қауымдастырылған профессор Қасыметова М.Т. қызмет атқарды.
2022 жылдың тамыз айынан бастап кафедра меңгерушісі болып қауымдастырылған профессор Медеубаев Н.Қ. тағайындалды.
2014 жылы профессор Т.Ғ. Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасына «Механика» бағыты бойынша мамандар дайындайтын механика кафедрасы қосылды. Механика кафедрасы 2004 жылы құрылған. Кафедра меңгерушісі қызметін техника ғылымдарының докторы К.А.Турсунов атқарды. Кейін «Механика» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура ашылды. 2021 жылдан бастап кафедрада «Робототехника және мехатроника» білім беру бағдарламасы ашылды.
Білім алушылар:
Механика – үлкен қолданбалы мәні бар, өте қызықты жаратылыстану ғылымдарының бірі болып табылады. Ол математика, физика, ақпараттық технологиялардың симбиозы болып табылады.
Робототехника – адам еңбегін алмастыра алатын және күрделі технологиялық процестерді автоматтандыратын роботтар мен жүйелерді әзірлеуге және жобалауға бағытталған ғылыми сала.
Мехатроника – механика мен электрониканың және компьютерлік компоненттердің қосындысына негізделген, жаңа механизмдерді, машиналар мен жүйелерді жобалау мен өндіруді қамтамасыз ете отырып, олардың функционалдық қозғалыстарын интеллектуалды басқаруға негізделген ғылым мен техника саласы болып табылады.
Бұл білім беру бағдарламалары талапкерлер арасында сұранысқа ие, сондықтан студенттер саны жыл сайын артып келеді.Кафедрада Қазақстанның түрлі аймақтарынан, атап айтқанда Астана, Алматы, Павлодар, Жезқазған, Шымкент, Қызылорда, Маңғыстаудан келген студенттер білім алады.
Оқытушылар:
Кафедра құрамына 17 оқытушы кіреді, олардың ішінде физика-математика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаттары, PhD докторлары, механика және математика магистрлары бар. Кафедра қызметкерлері арасында «Association for symbolic logic» (ASL) халықаралық символдық логика ассоциациясының мүшесі, «Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ең үздік оқытушысы» атағының иегері; Қарағанды университетінің еңбек сіңірген қызметкері атағына ие болған 4 оқытушы; «Қазақстан республикасының ғылымын дамытқаны үшін» төс белгісінің 2 иегері бар.
Кафедра оқытушылары математика және ақпараттық технологиялар, физика-техникалық, химия, экономика факультеттерінде сабақ береді.
Кафедра оқытушылары білім мен ғылымға жаңа технологияларды енгізу саласында зерттеулер жүргізеді, АҚШ, Франция, Англия, Швеция, Финляндия, Австрия, Польша, Қытай, Малайзия, Сербия, Босния және Герцеговинада өткен ірі халықаралық конференциялардың қатысушылары болып табылады. Кафедра оқытушылары Франция, Чехия, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Польша сияқты елдерде шетелдік тағылымдамадан өтті.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның білім беру бағдарламалары ҚР білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігінің ұлттық аккредетациясына ие. Сонымен қатар ұлттық рейтингтерде лайықты орындар алады: 2020 жылғы БСҚБТА рейтингі бойынша 6В05402-Механика білім беру бағдарламасы 2-орынды иеленді, 7М05409301-Механика – 2 орында (http://nkaoko.kz/item/8859).
Жұмысқа орналастыру:
Кафедра түлектері жұмыс берушілер арасында жақсы беделге ие. Жұмысқа орналастыру көрсеткіші 90%-ды құрайды.
Жобалар:
«Фрагменттер және олардың модельдер класы» тақырыбы бойынша «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» РМК гранттық қаржыландыру жобасы, 2019-2020 ж.ж.
«Фиброармирленген өздігінен тығыздалатын бетонның физикалық-механикалық және пайдалану сипаттамаларын кешенді бағалау, математикалық модельдеу арқылы бұйымдардың пайдалану төзімділігін жақсарту» тақырыбы бойынша ҚР БҒМ бюджеттік гранттық қаржыландыру жобасы, 2020-2022ж.ж.
«Косемантикалық кластар және олардың модельдерінің классы» тақырыбы бойынша ҚР БҒМ бюджеттік гранттық қаржыландыру жобасы, 2021-2023 ж.ж.
Серіктестер:
Кафедра Новосибирск мемлекеттік университетінің (Ресей) ғалымдарымен, РҒА СБ математика институтымен, Қазан, Красноярск, Иркутск, Омбы, Барнаул, Ұлан-Удэ университеттерімен белсенді жұмыс істейді.
Кафедра алыс шет елдерден Лион университетінің профессоры Бруно Пуазамен және оның француз әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста. Бұл ғылыми байланыстар, ең алдымен, Қарағанды модельдер теориясы мектебінің негізін қалаушы профессор Т.Ғ.Мұстафин және Бруно Пуаза тәрізді мамандардың бірі әлемдік деңгейдегі модельдер теориясы саласында қалыптастырған дәстүрлеріне негізделген. Б. Пуаза – ҚарМУ профессоры. Профессор Бруно Пуаза кафедра докторанттарының ғылыми кеңесшісі болды.
Кафедра қолданбалы математика институтымен (Қарағанды қ.) тығыз байланыста. Кафедра Алматы, Астана, Ресей, Франция, Чехия, Жапония және Оңтүстік Корея университеттерімен және ғылыми орталықтарымен байланыс орнатқан