ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ


Математика және ақпараттық технологиялар факультеті
 

ҚОЛДАНБАЛЫ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ
ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ




КЕЛЬДИБЕКОВА
АЛИЯ БОЛАТОВНА


кафедра меңгерушісі
PhD докторы
қауымдастырылған профессор


Телефон: +7 7212 35-64-30
E-mail: Keldibekova_a_b@mail.ru
Университет көшесі, 28а, 2 ғимарат
Facebook, Instagram

Даталар мен фактілер »

Білім беру бағдарламалары »

Мұғалімдердің профильдері »

Құжаттар »

Білім беру бағдарламалары

6В01505 – Информатика: бакалавриат. Бағдарлама педагогика, психология, білім беру және ақпараттық технологиялар негіздерін оқумен байланысты. Оқу процесінде студенттер білім беру бағдарламасына сәйкес мектеп информатикасын оқыту процесін жүзеге асыруды, информатиканы оқытудың инновациялық тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдалануды; оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи құралдарын қолдануды; оқушылардың өзіндік жұмысын және сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін меңгеруді үйренеді. Студенттердің пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқу мүмкіндігі бар. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алады және әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істей алады.

6В01506 - Информатика, АКТ және робототехника: бакалавриат. Бағдарлама педагогикалық ғылым, информатика және АКТ, білім беру робототехникасын оқытуға бағытталған. Оқу барысында студент информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және робототехника саласында педагогикалық және қолданбалы білім алады, педагогикалық қызметті жүзеге асыру дағдыларын игереді. Түлектер білім бакалавры дәрежесін алады және әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде информатика және АКТ мұғалімдері, робототехника үйірмелерінің жетекшілері болып жұмыс істей алады.

6В06101 – Информатика: бакалавриат. Бағдарлама математика мен қолданбалы информатиканы, алгоритмдеу мен бағдарламалауды, IT-технологияларды оқытумен байланысты, алынған дағдыларды ғылым мен бизнестің түрлі салаларында қолданбалы есептерді шешу үшін тәжірибелік түрде қолдануға бағытталған. Оқу барысында студент қолданбалы есептерді шешу үшін қолданбалы математика және информатика саласында білім алады. Түлектер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр дәрежесін алады және математик-бағдарламашы, қолданбалы бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуші, деректер қорын басқару жөніндегі маман, жүйелік аналитик, жүйе және желі әкімшісі ретінде жұмыс істей алады.

6В06103 - Ақпараттық жүйелер: бакалавриат. Бағдарлама жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерін, ақпараттық жүйелердің деректер қорын құру технологияларын, IT-саланың негізгі бағыттарының технологияларын, робототехника мен ақпараттық қауіпсіздікті оқытумен байланысты. Оқу барысында студент ақпараттық жүйелерді әзірлеу және басқару, компьютерлік желілерді жобалау, әртүрлі бағыттағы бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу және енгізу дағдыларына ие болады. Студенттер пәндердің бір бөлігін ағылшын тілінде оқи алады. Түлектер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр дәрежесін алады және бағдарламашы, деректер қоры мен ақпараттық жүйелерді құрушы, контент менеджері, жүйе және желі әкімшісі, бағдарламалық жасақтаманы тестілеуші, бизнес-аналитик, бағдарламалық жасақтама маманы ретінде жұмыс істей алады.

6В06104 - Математикалық және компьютерлік модельдеу: бакалавриат. Бағдарлама математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу математикасы, математика және жүйелік бағдарламалау әдістерін, тиімдестіру және басқару алгоритмдері саласындағы әдістерін оқытуға, қолданбалы математика есептерін модельдеуге бағытталған. Оқу процесінде студент қолданбалы математика және информатика, ғылыми-технологиялық процестерді математикалық модельдеу, компьютерлік модельдеу әдістерін қолдануды, әртүрлі тілдерді қолдана отырып бағдарламалауды, роботтандырылған жүйелерді модельдеуді, үлкен деректерге талдау жүргізуді үйренеді. Түлектер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр дәрежесін алады және математик-бағдарламашы, жүйелік аналитик, жүйе және желі әкімшісі, визуализатор, компьютерлік дизайнер ретінде жұмыс істей алады.

7M01501201 Информатика: магистратура. Бағдарлама ғылыми зерттеулер жүргізуге, білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға, оқу процесін мониторингілеу мен басқаруды жүзеге асыруға қабілетті магистрлерді даярлауға бағытталған. Оқу процесінде магистрант жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару технологияларын, инноватика технологияларын, цифрлық білім беру ресурстарын жобалау мен әзірлеуді оқиды, IT саласында педагогикалық технологиялар мен оқытудың инновациялық әдістерін қолдана алады. Бітіруші түлектер педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алып, жоо-да сабақ бере алады, зерттеу қызметімен айналысады, орта сынып мұғалімі, колледж оқытушысы, білім саласындағы менеджер лауазымдарында жұмыс істей алады.

7М06109401 «Информатика»: магистратура. Бағдарлама ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті, қолданбалы математиканың, информатика мен компьютерлік технологиялардың әртүрлі салаларында іргелі және қолданбалы білімі, ғылыми-педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін зерттеу дағдылары бар магистрлерді даярлауға бағытталған. Оқу барысында магистрант әртүрлі күрделі техникалық жүйелердің математикалық модельдерін құру және зерттеу технологияларын, формализацияланған тәжірибелік есептерді шешу үшін алгоритмдер мен бағдарламаларды әзірлеу әдістерін оқиды. Түлектер техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алады және университетте сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, информатика бакалавры үшін қарастырылған лауазымдарда жұмыс істей алады.

7М06109402 Ақпараттық жүйелер және технологиялар: магистратура. Бағдарлама ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті, IT және сандық технологиялар саласында іргелі және қолданбалы білімі, ҚР цифрландыру жағдайында ғылыми-педагогикалық, кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін зерттеу дағдылары бар магистрлерді даярлауға бағытталған. Оқу барысында магистрант зерттеу жүргізуді, бағдарламалық инженерия технологияларын, ақпараттық жүйелерді математикалық, ақпараттық және бағдарламалық жасақтаманы жобалау әдістерін, құралдары мен технологияларын, пайдаланушылардың сұраныстарын, пәндік модельдердің талдауы негізінде бағдарламалық өнім компоненттерінің және ақпараттық жүйелердің талаптары мен сипаттамаларын әзірлеу әдістерін үйренеді. Түлектер техникалық ғылымдар магистрі дәрежесіне ие болады және университетте сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, бағдарламашы, дизайнер, программалық қамтамасыз ету инженері және тестілеуші, бағдарламалық жасақтама сәулетшісі, жүйелік талдаушы, орта сынып мұғалімі, колледж және университет оқытушысы болып жұмыс істей алады.

8D01103 - Сандық педагогика: докторантура. Бағдарлама сандық білім беру технологиялары мен сандық педагогика саласындағы ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін меңгерген мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу процесінде докторант сандық педагогика, психология, АКТ және информатика жетістіктерін ескере отырып, білім беру үдерісінде әдістемелік қолдауды әзірлеу технологиялары мен қолдану әдістерін оқиды. Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алып, жоғары оқу орнында сабақ бере алады, зерттеу қызметімен айналысады, мемлекеттік басқару ұйымдарында, білім департаменттерінде, қосымша білім беру мекемелерінде, ғылыми қызметкер, жоба жетекшісі, бас маман, сарапшы, зерттеуші ретінде жұмыс істей алады.

https://science.karsu.uz/files/journals/4/articles/1269/62944e491ae66.html http://publications.lnu.edu.ua/journals/files/journals/1/articles/1371/submission/original/1371-2175-3-SM.html http://tpfk.ru/files/journals/1/articles/221/6291a23e1d36d.html https://uacd.uz/files/journals/1/articles/12/6294507f77107.html https://jrnls.ivet.edu.ua/files/journals/1/articles/747/6294511129235.html https://www.nzgajournal.org.nz/files/journals/1/articles/3612/629453d14bc51.html https://sebhau.edu.ly/journal/files/journals/6/articles/1915/6294556436aa8.html http://www.vjph.vn/files/journals/1/articles/679/submission/original/679-1219-4-SM.html http://uha.dp.ua/files/journals/1/articles/136/submission/136-1-264-1-2-20220530.html http://www.polsci-law.buu.ac.th/qa/-/situs-judi-online/index.htmlhttps://stce.nuce.edu.vn/files/journals/5/articles/2316/submission/2316-50-9628-1-2-20220530.html https://online.cput.ac.za/files/journals/6/articles/98/submission/98-61-102-1-2-20220530.html https://journal.tvu.edu.vn/files/journals/1/articles/889/submission/889-1-2966-1-2-20220530.html http://journal.ussh.vnu.edu.vn/files/journals/2/articles/994/submission/original/994-1162-3-SM.html http://jstic.ptit.edu.vn/files/journals/1/articles/561/submission/561-1-2183-1-2-20220530.html https://jcsce.vnu.edu.vn/files/journals/1/articles/377/submission/377-1-1835-1-2-20220530.html http://jst.ntt.edu.vn/files/journals/2/articles/298/submission/298-13-836-1-2-20220530.htmlhttps://stce.nuce.edu.vn/files/journals/5/articles/2320/submission/2320-50-9630-1-2-20220530.htmlhttps://vjde.vn/files/journals/1/articles/336/submission/336-1-361-1-2-20220530.htmlhttps://ictmag.vn/files/journals/9/articles/1039/submission/1039-62-5583-1-2-20220530.html http://e-majallah.ftu.ac.th/files/journals/4/articles/308/submission/original/308-597-7-SM.htmlhttps://huso-journal.sskru.ac.th/files/journals/3/articles/241/submission/241-25-1468-1-2-20220530.htmlhttps://www.econa.org.ua/files/journals/1/articles/2048/submission/original/2048-6565658006-3-SM.htmlhttps://stce.huce.edu.vn/files/journals/5/articles/2327/submission/2327-50-9730-1-2-20220530.htmlhttps://fass.dp.ua/files/journals/1/articles/117/submission/117-1-219-1-2-20220530.htmlhttps://eung.nung.edu.ua/files/journals/1/articles/384/629476a0bbaf8.htmlhttps://www.itit58.ru/files/journals/1/articles/430/62947777030a3.htmlhttp://ojs.kmutnb.ac.th/files/journals/6/articles/6117/submission/original/6117-16335-3-SM.htmlhttps://ruhm.es/files/journals/1/articles/856/629478a6f1206.htmlhttps://vjog.vn/files/journals/1/articles/1372/submission/1372-1-3113-1-2-20220530.htmlhttps://sci.chandra.ac.th/journal/files/journals/2/articles/40/submission/40-13-73-1-2-20220530.html http://journalgrad.ssru.ac.th/files/journals/16/articles/2760/submission/original/2760-5446-3-SM.htmlhttp://www.graduate.dusit.ac.th/journal/files/journals/1/articles/1148/submission/1148-1-3106-1-2-20220530.htmlhttps://recifaqui.faqui.edu.br/-/slot-online/http://jifactor.org/-/slot-online/https://fast5.ksu.kz/https://ojs.mbuslc.ac.th/files/journals/1/articles/81/6295c8606a892.html http://revista.irdcivil.com.br/files/journals/1/articles/20/6295d2df159f5.htmlhttps://jwt.su/files/journals/1/articles/1175/submission/1175-1-2833-1-2-20220531.htmlhttps://www.sjunijournals.ge/files/journals/3/articles/62/submission/62-25-111-1-2-20220531.htmlhttps://escsvfu.ru/files/journals/1/articles/24/6295d5cd02ee1.htmlhttps://altaisticsvfu.ru/files/journals/1/articles/52/6295d9a9f1fec.htmlhttps://uprav-uchet.ru/files/journals/1/articles/2157/6295dd81b85a8.htmlhttps://eras.mundis.pt/files/journals/1/articles/197/6295de5b23e69.htmlhttps://ref.ue.poznan.pl/files/journals/2/articles/147/6295df41adf95.htmlhttps://sociedadcientifica.org.py/files/journals/1/articles/247/6295e2c888b7e.html