кафедра меңгерушісі
РhD докторы
доцент
Телефон: +7 7212 351664
Университет көшесі, 28, №1 ғимарат
Facebook, Instagram
Білім беру бағдарламалары
6В04203 «Халықаралық құқық»: бакалавриат. Бағдарлама халықаралық және ұлттық құқық саласында жоғары білікті мамандарды даярлаумен байланысты. Оқу барысында студенттер заңгерлік білім мен құзыреттілікке ие болады, құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың жоғары деңгейін, тілдік дағдыларды және IT - дағдыларды меңгереді. Кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
Түлектер халықаралық құқық бакалавры дәрежесін алады және ҚР министрліктері мен агенттіктерінде, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, халықаралық құқық саласында заңгер-консультант, мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастық департаменттерінде маман ретінде, ҚР адвокаттары, құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері, тергеушілер; сақтандыру саласындағы, инвестициялар, бағалы қағаздар саласындағы талдаушылар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде консалтингтік агенттіктердің, сақтандыру, аудиторлық және инвестициялық компаниялардың, қаржы ұйымдарының және т.б. заңгерлері болып жұмыс істей алады.
7М04207801 «Мемлекеттік билік және басқару органдарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету»: магистратура. Бағдарлама жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың құқықтық саласы үшін басқарушы және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған. Екі оқу бағдарламасы ұсынылады: бір жылдық бейіндік және екі жылдық ғылыми-педагогикалық.
Оқу процесінде магистрант құқық саласында ғылыми зерттеу жүргізуге, нормативтік және нормативтік емес сипаттағы құжаттарға, құқықтық актілерге заңдық сараптама жүргізуге; заң қызметінің нақты салаларында білікті заң қорытындылары мен консультациялар беруге; ғылыми атқарымдар мен шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, заң құбылыстары мен процестері туралы білім жүйесін түсіндіруге; заң пәндерін оқытуға үйренеді.
Оқу жоспарына ғылымның тарихы мен философиясы, жоғары мектеп педагогикасы, басқару психологиясы, педагогикалық практика, шет тілі (кәсіби), ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, қазіргі әлемдегі инновациялар мен адам құқықтары, құқықтық зерттеулер әдіснамасы, атқарушы билік органдарының қызметі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының заңдық табиғаты, әкімшілік-деликтілік және процестік-атқару құқығы, мемлекеттік органдардың құқық шығармашылығы қызметі, азаматтық қоғам институттарын дамыту проблемалары, Қазақстан Республикасының конституциялық нормаларындағы азаматтық институтын жүйелі талдау сияқты пәндер енгізілген.
Түлектер құқық магистрі (бейінді бағыт) немесе заң ғылымдарының магистрі (ғылыми-педагогикалық бағыт) дәрежесін алады, мемлекеттік биліктің құқық қорғау, сот, атқарушы және өкілді органдарында және басқаруда; адвокатурада; нотариатта; қаржы мекемелерінде; сақтандыру және аудиторлық компанияларда жұмыс істей алады. Магистратураның ғылыми-педагогикалық бағытын бітіргендер ЖОО-да сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса алады.
8D04201 «Құқықтану»: докторантура. Бағдарлама ғылыми және педагогикалық академиялық орта үшін жоғары білікті кадрлар даярлауға бағытталған. Оқыту үдерісінде докторант құқықтану саласындағы теориялық және қолданбалы мәселелердің жай-күйіне сыни, тұжырымдамалық талдау жасауды, құқықтық саладағы заңдылықтарды анықтауды, заңнамалық және құқық қолдану тәжірбиесін жетілдіру жөнінде ғылыми негізделген және эмпирикалық тексерілген болжамдар мен ұсыныстар ұсынуды, қолданыстағы заңнаманы және құқық нормаларын іске асыру жөніндегі қызметті доктриналық талдау мен түсіндіруді жүзеге асыруды, сондай-ақ құқықтық актілердің тұжырымдамалары мен жобаларын әзірлеуді үйренеді.
Докторант келесі пәндерді оқиды: «Академиялық хат», «Ғылыми зерттеудің әдістері», «Кратология: билік туралы ғылым», «Қазақстан Республикасында азаматтық құқық доктринасының дамуы», «Қылмыстық саясатты іске асыру мәселелері», «Қазіргі кезеңдегі атқарушы билік органдарының қызметін реформалау мәселелері», «Конституциялық заңнаманы реформалау мәселелері» (ағылшынша).
Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алып, жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу институттарында жұмыс істей алады.