кафедра меңгерушісі
РhD докторы
доцент
Телефон: +7 7212 351664
Университет көшесі, 28, №1 ғимарат
Facebook, Instagram
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Кафедра 1975 жылы мемлекеттік құқық және кеңестік құрылыс кафедрасының негізінде құрылған. 1992 жылы ол конституциялық және халықаралық құқық кафедрасы болып өзгертілді. Әр жылдары кафедраны кәсіби заңгер-ғалымдар басқарды. Атап айтсақ: з.ғ.к., доцент З.Я.Безганс (1972-1980 жж.), з.ғ.к., доцент А.С.Матвеенков (1980-1984 жж.), з.ғ.к., доцент В.Н.Прокопенко (1984-1987 жж.), з.ғ.к., доцент Е.К.Көбеев (1987-1993 жж.), з.ғ.к., доцент М.М.Құлыбеков (1993-1996 жж.), з.ғ.к., доцент С.К.Амандықова (1996-1999 жж.), аға оқытушы Н.П.Старожилова (1999-2000 жж.), з.ғ.к., доцент Л.С.Жақаева (2000-2002 жж.), з.ғ.д., профессор С.К.Амандықова (2002-2013 жж.), з.ғ.к., доцент А.Божқараұлы (2013-2019 жж.), PhD, доцент Г.У.Балгимбекова (2019-2020 ж.ж.), PhD, доцент М.Н. Абыласимов (2020 ж.).
Оқытушылар:
Бүгінгі таңда кафедрада құқықтану, халықаралық құқық, кедендік құқық саласында біліктілігі бар 18 оқытушы жұмыс істейді. Кафедра құрамына ғылым кандидаттары, PhD докторлары, магистрлер, республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері, практикалық қызметкерлер кіреді.
Білім алушылар:
Қазіргі таңда кафедрада «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» бағдарламалары бойынша 82 студент мамандандырудан өтуде, оның ішінде мемлекеттік білім грантының иегерлері, Қазақстанның түрлі өңірлерінен өкілдер, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей азаматтары бар.
Жұмысқа орналастыру:
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 75%-ды құрайды.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның бағдарламалары БСҚТА ұлттық аккредиттеуден өткен және ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие: соңғы үш жыл бойы 5В030200- Халықаралық құқық бағдарламасы БСҚТА рейтингісінде 3-орында келеді.
Серіктестер:
Кафедра Вроцлав университетімен (Польша) және Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Қырғыз мемлекеттік заң академиясымен бірлесіп 8D04207801 - Құқықтану бағдарламасы бойынша философия докторларын (PhD) даярлауды жүзеге асырады.
Жыл сайын Болгария, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Польша және Өзбекстанның халықаралық және мемлекеттік құқық саласындағы жетекші мамандары заң факультетінің студенттері мен оқытушылары үшін қонақ дәрістерін оқиды.
Кафедра мемлекеттік басқару органдарымен, адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Республикалық Бюромен, Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастықта.
Академиялық ұтқырлық:
6В04203 - Халықаралық құқық бағдарламасының студенттері Карлов университетінде (Чехия), Вильнюс университетінде (Литва) білімдерін жетілдіре алады.
Жобалар:
Кафедрада бюджеттік бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулер жүзеге асырылады:
2009-2011 жж. - «Қазақстан Республикасындағы саяси жүйе мен нысандарды жетілдірудің конституциялық және теориялық-құқықтық мәселелері, жаһандық процестердің дамуы тұрғысындағы мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету»;
2012-2014 жж. - «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық және халықаралық-құқықтық мәселелері»;
2015-2017 жж. - «Қазақстанда және қазіргі әлемде ювеналды жүйенің қалыптасуы мен дамуында баланың конституциялық-құқықтық қорғалуы және құқықтарын қамтамасыз ету»;
2018-2019 жж. - «Ұлттық құқықтағы халықаралық сайлау стандарттарын сақтаудың конституциялық-құқықтық мәселелері».
Түлектер:
Бүгінгі таңда кафедраның көптеген түлектері ҚР Президентінің аппаратында, ҚР Парламентінің аппаратында, ҚР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР Әділет министрлігінде, ҚР Жоғарғы сотында, ҚР Бас прокуратурасында, барлық деңгейдегі әкімдіктер мен мәслихаттар аппаратында, сот және өзге де құқық қорғау органдарында қызмет етеді.