кафедра меңгерушісі
РhD докторы
Телефон: +7 7212 356416
E-mail: kafprosses@mail.ru
Университет көшесі, 28, №1 ғимарат
Facebook, Instagram
Кафедра білікті заң көмегін көрсету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін сот, прокурорлық, құқық қорғау қызметі саласындағы кәсіби мамандарды дайындайды.
Дайындық барлық деңгейде жүргізіледі: бакалавриат, магистратура және докторантура. Кафедра қос диплом бағдарламасы бойынша оқытуды ұсынады.
Студенттер «Құқықтану» білім беру бағдарламасы аясында қылмыстық-құқықтық траектория бойынша, сондай-ақ мамандандырылған білім беру бағдарламасы аясында сотқа дейінгі тергеу, прокурорлық қадағалау және сот қызметі бағытында білім алуға мүмкіндік алады.
Студенттер азаматтық және қылмыстық құқық, азаматтық және қылмыстық іс жүргізу сияқты негізгі құқық салаларының міндетті кешенін оқиды. Кафедра қаржылық, салықтық экологиялық, деликтілік, еңбек, әлеуметтік, кәсіпкерлік құқық, меншік құқығы, сондай-ақ құқықтық конфликтология, криминология, жаза тағайындау теориясы мен практикасы, сот риторикасы, криминалистика, заңгерлік көмекті ұйымдастыру, адвокатура бойынша өзекті пәндерді зерделеуді ұсынады. Қосымша пәндер ретінде құқықтық логика мен этика, ювенология, заң психологиясы, сот медицинасы мен психиатрия негіздері, сот бухгалтериясы, құқықтық статистика оқытылады.
Кафедрада әртүрлі ғылыми қызығушылықтар жүзеге асырылады. Олар: қылмыстық-құқықтық цикл шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің біліктілігі және профилактикасы мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жастар ортасында экстремизмнің, есірткінің таралуының алдын алу, қылмыстық-атқару құқығын жетілдіру мәселелері, жазаларды тағайындау теориясы мен практикасы мәселелері. Сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу және криминалистикалық бағытта қылмыстық процесте жеке адам құқықтарын сақтау проблемалары, қылмыстық іс жүргізу шешімдерінің негізділігі мен уәждемесі, кәмелетке толмағандардың қатысуымен дәлелдеу, қылмыстық процесте арнайы білімдерді пайдалану, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, қылмыстық мінез-құлық және қылмыстық психология мәселелері зерделенеді.
Кафедра түлегі «А» және «Б» корпусының мемлекеттік қызметшісі, судья, прокурор, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) қызметкері, сот сарапшысы-криминалист, тергеуші, сот орындаушысы, пристав, құқық қорғау қызметі және сот төрелігі жүйесінің, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкері, заң кеңесшісі, адвокат, персонал жөніндегі менеджер бола алады.
Кафедрада криминалистика және сот сараптамасы оқу зертханасы, мультимедиялық аудиториялар, оқу және ғылыми әдебиеттер қоры бар.