Өзектілігі:Қоғамда жаңа үрдістер мен трендтердің пайда болуы қандай да бір қызметті ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін, тиісінше ғылыми-практикалық негіздерді, оның ішінде кадрларды даярлау процесін, яғни студент жастарды оқыту мен тәрбиелеуді зерделеуді талап етеді. Біздің елімізде еріктілік азаматтық ұстанымның, патриотизмнің және ізгіліктің жаңа түрі ретінде, сонымен қатар бұл студенттерге түрлі бағыттарда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бүкіл әлемде волонтерлік жастарды әлеуметтік міндеттерді шешуге тартудың неғұрлым тартымды және тиімді нысаны болып табылады, белгілі бір тәжірибе жинақталған, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалармен студенттердің волонтерлік қызметін ұйымдастыру бойынша ғылыми негізделген ережелер мен практикасы бар. Қазіргі уақытта, ғалымдар мен қоғамның елеулі қызығушылығына қарамастан, еріктілер қозғалысы қызметінің ғылыми-әдістемелік жағы жеткіліксіз қаралды. Еріктілердің жұмыспен қамтылуы туралы қолда бар статистикалық ақпарат фрагменттік сипатқа ие және Қазақстан Республикасы бойынша көрсеткіштерді сапалы салыстыруды жүргізуге, сондай-ақ олардың еңбек әлеуеті мен әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуға қосқан үлесін дұрыс бағалауға мүмкіндік бермейді.
Президент К.-Ж. Тоқаевтың бастамасы бойынша 2020-ші еріктілер жылы болып жарияланды, осыған байланысты осы мәселені жан-жақты әзірлеу өзекті болып отыр.
Қазіргі уақытта еріктілік белсенді дамуда, бірақ ғылыми-әдістемелік және экономикалық аспектілер жеткілікті әзірленбеген. Инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарды кедергісіз қолжетімді әлеуметтік және білім беру ортасына қосуға бағытталған, сондықтан волонтерлердің көмегімен әлеуметтік-педагогикалық іс-шараларды жүзеге асыру және тетіктерді дамыту талап етіледі, бұл инклюзияның дамуына ықпал етеді және волонтерлік қызметтің тиімділігін арттырады.
Мақсаты.
Инклюзивті білім беру аясында студенттердің волонтерлік қозғалысының қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу тұдырымдамасы мен моделін әзірлеу.
Волонтерлік қызметті ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамыту, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, азаматтық ұстанымды жандандыру, студенттердің ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғалармен ерікті қызметтің педагогикалық әлеуетін сезінуі үшін тиімді психологиялық-педагогикалық тәсілді таңдауға ықпал етеді.
Күтілетін және қол жеткен нәтижелер.
2020жыл
Күтілетін нәтижелер. ҚР және шетелдердегі волонтерлік қызметтің мәні мен ерекшелігі, заңнамалық негіздері мен технологиялары туралы толық түсінік алынады, білім беру және әлеуметтік ортаға Білім алуда ерекше қажеттілігі бар (БАҚЕ) тұлғалардың инклюзиясы шеңберінде еріктілікті дамытудың негізгі проблемалары мен перспективалары зерттеледі.
Алынған нәтижелер:
-еріктілер қозғалысының әлемдік тәжірибесіне жалпышолу және талдау жүргізілді; оның ішінде студенттердің БАЕҚ бар тұлғалармен еріктілер қозғалысын ұйымдастырудың және ғылыми-әдістемелік аспектілерінің ресейлік тәжірибесі зерттелді;
-волонтерлік қозғалысының пайда болу тарихы, қазіргі жағдайы және оны ұйымдастырудың перспективалары,инклюзивті білім беру шеңберінде ұйымдастврылуы, оның ішінде Қазақстан Республикасында осы бағытты реттейтін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету үдерісі зерттелді.
2021жыл
Күтілетін нәтижелер.Инклюзивті білім беру аясында БАҚЕ тұлғалардың проблемаларының әлеуметтік-педагогикалық сипаты анықталады, волонтерлік қызметке қажетті студенттердің жеке-тұлғалық бейімділігі мен типологиясы анықталады.
Алынған нәтижелер:
-Беларусь Республикасы студенттерінің волонтерлік қызметін ұйымдастыру тәжірибесі, оның ішінде М. Танк атындағы БМПУ волонтерлікке дайындау тәжірибесі педагогикалық мамандықтардың студенттерін кәсіби дайярлау процесінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылды;
-инклюзивті білім беру шеңберінде ЕҚБ бар тұлғалармен волонтерлік әрекетті ғылыми-әдістемелік сүйемелдеудің әлеуметтік-педагогикалық шарттарыанықталды:
1) инклюзивті білім беру шеңберінде волонтерлік қызметте студенттердің өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін молайту; әлеуметтік маңызы бар жобалардың бастамаларын қолдау;
2) студенттердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдармен волонтерлік қызметке деген толерантты көзқарасын қалыптастыру;
3) инклюзивті білім беру шеңберінде әлеуметтік жобалау технологиялары негізінде волонтерлік стратегиясын әзірлеуде студенттердің дербестігін ынталандыру;
4) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар оқушылармен студенттердің волонтерлік қозғалысын ұйымдастыру мазмұнының практикаға бағдарлануы;
5) әртүрлі санаттағы тұлғалармен волонтерлік жұмысты ұйымдастыру және іске асыру үшін қажетті құзыреттерді қалыптастыратын арнайы курстарды әзірлеу;
6) кәсіптік даярлық аспектілерінің бірі ретінде болашақ педагогтерді волонтерлікке дайындау проблемасының ғылыми-әдіснамалық негіздемесі;
- инклюзивті білім беру аясында ерекше қажеттеліктері барадамдардың кезедесетін проблемаларының әлеуметтік-педагогикалық негіздері екі аспект бойынша зерттелді: педагогикалық тұрғыдан алғанда, бұл білім беру жүйесінде туындайтын қиындықтар және әлеуметтік тұрғыдан алғанда-дені сау адамдар қоғамы жасайтын кедергілер, олар мүгедектерге немқұрайдылықпен немесе аяушылықпен, шамадан тыс қамқорлықпенқарайды, өз кезегінде бұл да теріс әсер етеді;
- волонтерлік жұмысқа дайындықтың мотивациялық, жеке, эмоционалды-еріктік және коммуникативтік компоненттерін анықтау үшін сауалнама пайдалана отырып, волонтерлікке студенттердің жеке тұлғалық бейімділігінің деңгейлері анықталды;
- шетелдік және отандық спикерлердің қатысуымен студент жастардың волонтерлік қызметінің озық тәжірибесін тарату мақсатында «Ерікті қызметтегі жастардың азаматтық ұстанымын жандандыру» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізілді;
-дөңгелек үстел және ғылыми-практикалық конференция жұмысында баяндамамен қатысу жүзеге асырылды, сондай-ақ, педагогикалық мамандық студенттерімен оқыту тренингтері мен семинарлары өткізілді.
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөндері идентификаторларымен (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID,егер профильдеріне сілтемелері болса).
1. Жетекші - Абильдина Салтанат Куатовна,педагогика ғылымдарының докторы, профессор-зерттеуші, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі.
Scopus Author ID -56128026400
ResearcherID- https://publons.com/researcher/4355527/
ORCID -0000-0002-8324-8444
2.Орындаушы - Дюсембинова Райфа Кыдыровна, педагогика ғылымдарының докторы, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессоры.
Scopus Author ID - 56818982300
ORCID - 0000-0001-9625-7940
3. Орындаушы - Рымханова Айнагуль Рымбековна, философия докторы (PhD), арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының асс. профессоры.
Researcher ID: https://publons.com/researcher/4187792
ORCID ID: https://orcid.org/0000-0003-3177-4810
Author ID Scopus: 57193953755https://www.scopus.com/authid
Жарияланымдар мен патенттер тізімі (сілтемелерімен).
2020 жыл:
Абильдина С.К.,Дюсембинова Р.К., Рымханова А.Р. Қазақстанда волонтерлік қозғалыстың қалыптасуы мен даму болашағы/Еуразия гуманитарлық институтыныңхабаршысы. – Нұр-Сұлтан, 2020.- №4. – Б.179-186.https://egi.edu.kz/wp-content/uploads/2020/12/Vestnik
2021 жыл:
1. Рымханова А.Р., Касымбекова М.Д.Социально-педагогические основы проблем лицс особыми потребностями в условиях инклюзии./
Международный журнал экспериментального образования. - 2021. - №4. С. 25-29. Импакт –фактор РИНЦ (двухлетний) – 0,839.
https://expeducation.ru/ru/article/view?id=12051
2. Дюсембинова Р.К., Рымханова А.Р., Абильдина С.К., Ранова Г.А. Социально-педагогические условия организации волонтерского движения студентов в рамках инклюзивного образования./Мир педагогики и психологии. -2021. - №10 (63).РИНЦ
3. Рымханова А.Р.,Абильдина С.К., Дюсембинова Р.К., Рыскулова А.А.Волонтерская деятельность студенческой молодежи как средство формированияличностных и профессиональных качеств у будущих специалистов / Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. - Караганда, 2021. – № 2(102). С.105-111.DOI 10.31489/2021Ped2/105-111
4. Абильдина С.К., Дюсембинова Р.К., Рымханова А.Р., Риза С. Жоғары оқу орны студенттерін волонтерлік қызметке даярлаудың педагогикалық шарттары / Вестник Карагандинского университета. Серия Педагогика. - Караганда, 2021. – № 3(103). С. 7-13.DOI 10.31489/2021Ped3/7-13
2020 ж. – PEDOT:PSS полимерінің құрылымын модификациялаудың оның оптикалық, электрофизикалық және құрылымдық қасиеттеріне әсерін зерттеу.
2021 ж. – PEDOT:PSS полимерінің модификациясының ұяшықтың фотовольтаикалық параметрлеріне әсерін және фталоцианиндердің наноқұрылымдарының заряд тасымалдаушыларын генерациялауға және тасымалдауға жүйелік өлшемділіктің әсерін зерттеу.
2020 ж.
- полимерлі қабықшаны этил және изопропил спирттерімен модификациялау қабықша бетінің морфологиясы мен кедір-бұдырлығының өзгеруіне әкелетіні анықталды.
- PEDOT:PSS қабықшасын модификациялау кезінде спирт буларында, жұтылу спектрінде PEDOT максималды жұту деңгейінің спектрдің қысқа толқындық аймағына ауысуы байқалады.
- рентгенофазалық талдау этил мен изопропил спирттеріндегі бетті өзгерткеннен кейін PEDOT және PSS тізбектері бензоидты құрылымнан хиноидты құрылымға ауысатынын көрсетті. Модификацияланған PEDOT:PSS оптикалық жұтылу спектрінде PSS хош иісті фрагментінің жұтуының төмендеуі байқалады.
- PEDOT:PSS қабықшаларының импеданс спектрлеріне зерттеулер жүргізілді. PEDOT:PSS беттік морфологиясының құрылымдық ерекшеліктері көрсетілген қабықшалардың электрофизикалық параметрлеріне әсер етеді. PEDOT:PSS қабықшасының бетін өзгерту қабықшалардың электртасымалдаушылық қасиеттерін жақсартуға әкелетіні анықталды.
2021 ж.
- жұтылу спектріндегі байқалған өзгерістер PSS хош иісті фрагментінің жұтылу спектрінің бір бөлігінің төмендеуімен байланысты;
- PEDOT:PSS/электрод интерфейсінің сапасын жақсарту кемтіктердің жылдам енгізілуін және тасымалдануын қамтамасыз етеді, ITIC-пен кемтіктердің рекомбинация ықтималдығын және сыртқы электродта кемтіктердің жиналу тиімділігін төмендетеді;
- металлсыз фталоцианиннің наноленталары χ фазада, мыс және кобальт β-фазада, мырыш α-фазада болатындығы анықталды. Металлсыз фталоцианин мен мырыш фталоцианинінің наноөткізгіштері β-фазада, мыс пен кобальт α-фазада болады. Барлық зерттелген металлофталоцианиндердің нанобөлшектері β-фазада болады.
- фталоцианиндердің наноқұрылымдарының жұтылу спектріндегі Q және B диапазондарындағы жолақтардың кеңеюі және максимумдардың жылжуы фазалық ауысумен байланысты;
- электрофизикалық сипаттамалардың байқалған өзгерістері наноқұрылымдарда фталоцианин молекулаларының өзін-өзі ұйымдастыруы кезінде пайда болатын өлшемдік шектеулермен байланысты. Нәтижесінде наноленталарда өткізгіштік жоғарылайды, заряд тасымалдаушылардың тұзақтарда болу уақыты қысқарады.
5. Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, олардың идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, бар болған жағдайда және тиісті профильдерге сілтемелер.
Аймуханов А.К. – Researcher ID – U-6141-2018, Scopus Author ID – 35321945000, ORCID ID – 0000-0002-4384-5164.
Зейниденов А.К. –Researcher ID – Q-4520-2017, Scopus Author – 56386144000, ORCID ID – 0000-0001-9780-5072
Омарекова Г.И. – ORCID ID – 0000-0002-0755-6832
Рожкова К.С. – Researcher ID – U-6167-2018, ORCID ID – 0000-0003-3048-6171
Мұқаметқали Т.М. – ORCID ID – 0000-0003-2685-2976
Қамбар Д.C. – ORCID ID – 0000-0003-4742-2000
Сейсембекова Т.Е. – ORCID ID – 0000-0002-1497-0759
2021 ж.
1. A. Aimukhanov, A. Zeinidenov, A. Zavgorodniy Influence of the size effect on the generation and transport of charge carriers of phthalocyanines // Optical Materials. – 2021. – Vol. 116. – P.111099. (IF 3.08; WoS Q2; Процентиль Scopus 74) https://doi.org/10.1016/j.optmat.2021.111099
2. A.K. Zeinidenov, A.K. Aimukhanov, D.S. Kambar, B.R. Ilyassov, A.V. Zavgorodniy Effects of phthalocyanine nanostructure on photovoltaic performance of its polymer composite thin films // Materials Chemistry and Physics. – 2021. – Vol. 267. – P.124680. (IF 4.094; WoS Q1; Процентиль Scopus 77) https://doi.org/10.1016/j.matchemphys.2021.124680.
3. А.К. Aimukhanov, X.S. Rozhkova, А.К. Zeinidenov, Т.E. Seisembekova Influence of surface structure and morphology of PEDOT:PSS on its optical and electrophysical characteristics // Bulletin of the Karaganda university. Physics series. – 2021. – № 3(103). – P.93-100. DOI 10.31489/2021Ph3/93-100.
4. Аймуханов А.К., Рожкова К.С., Сейсембекова Т.Е. Влияние спиртового растворителя на морфологию плѐнок PEDOT:PSS при отжиге в вакууме // Сборник научных трудов X Международная конференция по Фотонике и информационной оптике (27-29 января). Москва, 2021. – С. 219-220.
5. Аймуханов А.К., Омарбекова Г.И., Камбар Д.С. Исследование фазовых состояний нанолент CоPc и H2Pc // Сборник научных трудов X Международная конференция по Фотонике и информационной оптике (27-29 января). Москва, 2021. – С. 223-224.
6. Аймуханов А.К., Рожкова К.С., Камбар Д.С. Влияние паров спиртов на морфологию пленок PEDOT:PSS при отжиге в инертной атмосфере // Материалы VII Международной конференции «Лазерные, плазменные исследования и технологии» ЛАПЛАЗ-2021 (23-26 марта). – Москва, 2021. – С. 161-162.
7. Зейниденов А.К., Омарбекова Г.И., Сейсембекова Т.Е. Изменение структуры пленок PEDOT:PSS при модификации полимера в парах спиртового растворителя // Материалы VII Международной конференции «Лазерные, плазменные исследования и технологии» ЛАПЛАЗ-2021 (23-26 марта). – Москва, 2021. – С. 209-210.
8. Аймуханов А.К., Рожкова К.С., Абдигалиева А.М. Влияние модификации полимера PEDOT:PSS на его оптические характеристики // Материалы Республиканской научно-практической онлайн конференции, посвященной 85-летию видного ученого, первого декана физического факультета, доктора педагогических наук, профессора, академика Академии педагогических наук Казахстана Арынгазина Канапии Мубараковича (13–15 мая). Караганда, 2021. – С. 45-48.
9. Aimukhanov A.K, Rozhkova X.S, Omarbekova G.I. Effect of alcoholic solvent on electrophysical characteristics of PEDOT:PSS thin films // Book of abstracts of 5th International Symposium on Molecular Photonics dedicated to the memory of Academician A.N. Terenin (1896–1967) (May 6–7). St. Petersburg, 2021. – P.59.
2020ж.
2021ж.
57215856503, ORCID https://orcid.org/0000-0001-6113-6065
6.Жарияланымдар тізімі
1) «Аспекты изучения CLIL технологии в условиях дистанционного обучения»/Вестник КарГУ. Серия Педагогическая. - № 4(100). – 2020. С.130-135 (авторы Жетписбаева Б.А., Дьяков Д.В., Шункеева С.А.);
2) «Из опыта использования CLIL технологии в условиях дистанционного образования»/ Вестник Торайгыров университета. Серия Педагогическая.- №1.– 2021.– С.32-42 (авторы Жетписбаева Б.А., Хамитова Г.А., Алиясова А.В.);
3) «Особенности применения CLIL-технологии в условиях дистанционного обучения в организациях образования Республики Казахстан»/ Вестник Карагандинского университета, Серия Педагогика.- № 2 (102).- 2021.- С.188-194 (авторы Жетписбаева Б.А., Дьяков Д.В., Шункеева С.А., Хамитова Г.А.);
4) «CLIL Integration Issuesand Distance Learning Technologies»/ Journal of Siberian Federal University - Humanities and Social Sciences, 2021-14(9):1322-1330 (авторыЖетписбаеваБ.А., ДьяковД.В., ШункееваС.А., ТусуповаА., СыздыковМ.Ж.);
5) «Методические рекомендации для ППС вузов по применению CLIL- технологии в условиях дистанционного образования»/ Караганда: Изд-во КарУ, 2021. – 64 с. (авторы Жетписбаева Б.А., Дьяков Д.В., Хамитова Г.А., Муратбекова А.А.)
Зерттеудің өзектілігі: Металдардың нанобөлшектерінің (НБ) локализацияланған плазмондық резонансы (ЛПР) оптикалық қозу кезінде екі орталардың бөліну шекарасындағы когерентті ұжымдық электрондық тербелістердің салдарынан пайда болады. Өте күшті локализацияланған электр өрісінің арқасында плазмондар НБ бетіне жақын орналасқан органикалық молекулалардың электрондық-қозу күйлерінің қасиеттеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Бұл мамандардың плазмон–индукцияланған фотоүдерістерге және осы құбылысты практикалық пайдалануға қызығушылығын ынталандырады. НБ мен органикалық молекулалар арасындағы қашықтыққа байланысты, сәуле шығару және сәулеленбейтін ішкі молекулалық электрондық өтулердің жылдамдығы ұлғаяды немесе азаяды. Бұл әсерлер берілген қасиеттері бар орталарды, сондай-ақ жоғары сезімтал люминесцентті сенсорларды, оптоэлектронды құрылғыларды, нанолазерлерді жасау кезінде оптикалық нанотехнологияларда қолданылуы мүмкін. Бояғыштардағы лазерлердің белсенді ортасына металдардың НБ-ін қосу генерация шегінің төмендеуіне әкеледі. Алайда, осы әсерлердің практикалық маңыздылығына қарамастан, қазіргі уақытқа дейін металл НБ-дің спектральды-люминесцентті қасиеттерге және олардың химиялық құрылымына байланысты бояғыштардың еріксіз сәулеленуіне әсерін жүйелі зерттеу жүргізілген жоқ. Электрондық энергия алмасудың молекулааралық үдерістері аз зерттелген, оларды фотовольталық құрылғыларда оксидті жартылай өткізгіштерді сенсибилизациялау кезінде қолдануға болады. Металл НБ-дің жақын өрісінде органикалық қосылыстардың триплет-қозған электрондық күйлері арқылы өтетін фотофизикалық үдерістер іс жүзінде зерттелмеген күйінде қалып отыр.
Жаңалығы: бұл жобаның негізгі жаңалығы мен айырмашылығы – гибридті металорганикалық жүйелеріндегі ішкі және молекулааралық фотопроцестердің жылдамдығы мен тиімділігіне металл НБ плазмондық әсерін кешенді және жан-жақты зерттеу. Конденсирленген ортадағы жарық энергиясының трансформациясына НБ-інің плазмондық әсерінің жалпы заңдылықтарын анықтау мақсатында органикалық молекулалардың электронды қозған күйлерін ЛПР шартында генерациялау және дезактивациялау процестері кезең-кезеңімен зерделенетін болады. Алғаш рет металл наноқұрылымдарының жақын өрісіндегі органикалық қосылыстардың триплеттік күйлерінің қатысуымен фотореакциялар жан-жақты қарастырылады.
Ғылыми маңыздылығы: плазмондардың бірдей және әртүрлі спиндік мультиплеттілігі бар молекулалардың қозған электрондық күйлерін генерациялауға және дезактивациялауға әсер ету механизмдері орнатылатын болады. Электронды-қозған молекулалардың плазмондық НБ-мен электродипольді өзара әрекеттесуі жағдайында органикалық люминофорлармен жарық энергиясын трансформациялауды оңтайландыру жолдары анықталды.
Практикалық маңыздылығы: іргелі зерттеулердің нәтижелері молекулалық фотоника, фотовольтаика, фотокатализ және детектор құрылғыларындағы сипаттамалар мен дабылдарды плазмондық модуляциялаудың перспективті әдістерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты – конденсирленген молекулалық жүйелердегі ішкі және молекулааралық электрондық үдерістерге металл НБ-інің плазмондарының әсерін зерттеу. Плазмондардың бірдей және әртүрлі спиндік мультиплеттілігі бар молекулалардың қозған электрондық күйлерін генерациялауға және дезактивациялауға әсер ету механизмдері орнатылатын болады. Электронды-қозған молекулалардың плазмондық НБ-мен электродипольді өзара әрекеттесуі жағдайында органикалық люминофорлармен жарық энергиясын трансформациялауды оңтайландыру жолдары анықталды.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:
– табиғи түрде өзгеретін химиялық құрылымы бар симметриялы индополикарбоцианин бояғыштары синтезделді;
– К1 – К3 индополикарбоцианинді бояғыштардың кванттық-химиялық есебі жүргізілді. Еріткішті ескере отырып, вакуумдағы есептелген мәндерге қатысты жұтылу максимумдарының гипсохромды ауысуы, сондай-ақ электронды тығыздықты қайта бөлуге қатысатын молекулалық орбиталдар санының өсуі байқалады;
–Ag HБ-нің қатысуымен катионды симметриялы индополикарбоцианиндердің спектрлік-люминесценттік қасиеттері зерттелді. Олардың ерітінділеріне Ag HБ-ін қосқан кезде, жұтылу қарқындылығының тұрақтылығымен бояғыштардың флуоресцентті қабілетінің жоғарылауы байқалады. Бұл ретте плазмонды НБ-і бар ерітінділердегі I/I0 бояғыштардың флуоресценция қарқындылығының ұлғаю коэффициенті К1 – К3 бояғыштарының винилді қатарында өседі. Эксперименттік деректер математикалық модель негізінде қарастырылады;
– молекулаларының құрылымы әртүрлі полиметинді бояғыштардың (ПБ) флуоресценциясына локализацияланған плазмондық резонанстың әсер ету ерекшеліктері зерттелді. Энергияны бояғыштан Ag HБ-не тасымалдау плазмондық әсерге қатысты бәсекелес процесс болып табылады, бұл флуоресценцияның плазмондық күшеюіне корреляция жасайды. Ag плазмондық резонансы анионды бояғыштың флуоресценциясына көбірек әсер ететіні анықталды;
– этанол ерітінділеріндегі M1 және M2 мероцианин бояғыштарының және K1 полиметиннің спектрлік-люминесценттік қасиеттерінің концентрациялық тәуелділігі зерттелді. Этанолдағы М2, М3, К1 бояғыштарының мәжбүрленген сәулеленуі алынды. М3 бояғышы мәжбүрленген сәулеленудің ең төменгі генерация шегіне ие;
– этанол ерітінділеріндегі бейтарап мероцианинді бояғыштардың винилдік қатарындағы спектрлік-люминесценттік және генерациялық қасиеттеріне күміс НБ-нің әсері зерттелді. Этанол ерітінділеріндегі мероцианиндерге күміс НБ қосу бояғыштардың мәжбүрленген сәулеленуінің генерация шегінің мтөмендеуіне әкеледі;
– эозиннің органикалық люминофорының мысалында Ag нанобөлшектерінің жақын өрісінде радиациялық және сәуле шығарусыз арналары арқылы молекулалардың қозған синглеттік және триплеттік күйлерінің жылдамдатылған дезактивациясы жүретіні анықталды. Жарқыраудың барлық түрлерін максималды күшейтуге қол жеткізілетін оңтайлы қашықтығы сәуле шығарусыз индуктивті-резонанстық процестің ферстерлік радиусымен сәйкес келеді;
Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөндері және олардың идентификаторы:
№
|
Аты-жөні, лауазымы |
Ғылыми дәрежесі, атағы |
ORCID ID |
Web of Science (ResearcherID) |
Scopus AuthorID |
1 |
Ибраев Н.Х., БҒҚ, жоба жетекшісі |
Ф.-м.ғ.д., профессор |
|||
2 |
Ищенко А.А., бас ғылыми қызметкер |
Х.ғ.д., профессор |
|||
3 |
Селиверстова Е.В., аға ғылыми қызметкер |
PhD докторы |
|||
4 |
Афанасьев Д.А., аға ғылыми қызметкер |
PhD докторы, қауымдастырылған профессор |
|||
5 |
Деревянко Н.А., ғылыми қызметкер |
специалист |
|||
6 |
Темирбаева Д.А., кіші ғылыми қызметкер |
Магистр |
|||
7 |
Канапина А.Е., кіші ғылыми қызметкер |
Магистр |
0000-0001-7819-4667 |
Басылымдар тізімі:
Clarivate Analytics және Scopus журналдарында жарияланған мақалалар:
1. Seliverstova E., Ibrayev N., Omarova G., Ishchenko A., Kucherenko M. Competitive influence of the plasmon effect and energy transfer between chromophores and Ag nanoparticles on the fluorescent properties of indopolycarbocyanine dyes // Journal of Luminescence. – 2021. – Vol. 235. – Р. 118000. https://doi.org/10.1016/j.jlumin.2021.118000 (IF 3,599; WoS Q1; Процентиль Scopus 83)
2. Ibrayev N., Afanasyev D., Ishchenko A., Kanapina A. Influence of silver nanoparticles on the spectral-luminescent and lasing properties of merocyanine dyes solutions // Laser Physics Letters. – 2021. – Vol. 18. – P. 085001. https://doi.org/10.1088/1612-202X/ac0e3f (IF 2,016; WoS Q3, Процентиль Scopus 75.
Scopus журналдарында жарияланған мақалалар:
3. Ibrayev N.Kh., Afanasyev D.A., Omarova G.S. Features of stimulated emission of a merocyanine dye in the pores of anodized aluminum // Eurasian Physical Technical Journal. – 2021. – Vol. 18(2). – P. 29–34. doi:10.31489/2021No2/29-34 (Scopus Процентиль 23).
халықаралық конференциялар материалдарында жарияланған мақалалар:
республикалық конференциялар материалдарында жарияланған мақалалар: