«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі (бұдан әрі - Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі) атқарушы органға тәуелсіз өз өкілеттіктерін жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше болып табылады және Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді.
Қызмет жұмысының негізгі мақсаты Қоғамның, оның қызметкерлеріні мен білім алушылардың Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, Корпоративтік әдеп кодексін, ішкі тәртіп қағидаларын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Қызмет міндеттеріне келесілер жатады:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.
Осыған байланысты, Қоғамның оң имиджін одан әрі сақтау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтарды болдырмау, анықтау және азайту, корпоративтік мәдениетті дамыту және қолдау, мүдделер қақтығысын, кемсітушілікті, әдепсіз мінез-құлықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың өзге де бұзушылықтарын жою үшін «Жедел» желі өзектендірілді.
Өтініштің құпиялылығы мен анонимділігіне (жүгінген тұлғаның қалауы бойынша) КЕПІЛДІК БЕРЕМІЗ.
Қоғамның Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 2 маусымдағы шешімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы болып Василий Иванович Олейник тағайындалды, телефоны: 8 776 129 82 30.
Кері байланыс үшін өтініштерді барлық тұлғалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мынадай байланыс арналары арқылы бере алады:
«Жедел» желі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және корпоративтік саясатты әлеуетті бұзу фактілері туралы хабардар етудің қауіпсіз әрі сенімді тәсілі. «Жедел» желі демалыссыз жұмыс істейді, Қоғам қызметкерлері үшін де, өзге де мүдделі тұлғалар үшін де қолжетімді. Бұл ретте телефон қоңыраулары дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Жұмыстан тыс уақытта, мереке және демалыс күндері түскен өтініштерді өңдеу өтінішті алғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ынтымақтастық пен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамыз!