кафедра меңгерушісі
филология ғылымдарының кандидаты
E-mail: rusyazilit@bk.ru
Мұқанов көшесі 1, № 8 ғимарат
Instagram
Профессор Ғ.А. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының білім беру қызметі 3 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға бағытталған. Олар: «Орыс тілі мен әдебиеті»,«Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «Филология».
Кафедра түлектері бакалавриат бағдарламасын аяқтағаннан кейін магистратурада оқуын «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Қолданбалы филология» білім беру бағдарламалары бойынша жалғастыра алады, сонымен қатар «Филология» бағдарламасы бойынша докторантураға түсе алады (филология факультетінде докторлық диссертацияларды қорғауға арналған кеңес бар).
Білім беру бағдарламалары шеңберінде оқытудың негізгі траекториялары төмендегідей: орыс тілі мен әдебиеті бойынша мұғалімдер дайындау, оның ішінде орыс тілінде оқытпайтын мектептерде, «Орыс тілі шет тілі ретінде», «Аударма ісі», «Редакторлау», «Заң тілтанымы».
Бакалавриаттың оқыту бағдарламаларына «Қазіргі заманғы аударманың әдіснамалық негіздері», «Жазбаша аударманың теориясы мен практикасы», «Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың теориясы мен әдістемесі», «Орыс тілі шет тілі ретінде» «Кәсіби бағдарланған оқыту», «Теориялық және қолданбалы лингвистика», «Лингвистикалық сараптама», «Лингвистикалық конфликтология», «Әдеби шығармашылық психология» сияқты өзекті және практикаға бағдарланған пәндер кіреді. Магистратура бағдарламалары бойынша білім алушылар «Мәтін және дискурс теориясы», «Жарнама теориясы мен практикасы», «БАҚ-ты филологиялық қамтамасыз ету», «Коммуникация теориясы және тілдік манипуляция», «Спичрайтинг және медиаторика» пәндері бойынша дайындықтан өте алады.
Кафедра түлектері білім беру ұйымдарында (жалпы білім беретін мектептерде, педагогикалық колледждерде, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында, білім департаменттерінде) жұмыс істей алады. Білім беру мамандықтарының негізгі кәсіби бағыттары –білім беру ұйымдарында орыс тілі мен әдебиетін, оның ішінде шет тілі және екінші тіл ретінде оқыту; білім беру саласындағы әкімшілендіру (орта, кәсіптік-орта және жоғары білім бөлімдері); әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің басқа салалары (мәдениетаралық коммуникация және т.б.) болып табылады .
«Филология» және «Қолданбалы филология» мамандықтары түлектерінің кәсіби қызмет саласы ғылым (ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкері); мәдениет (мәдениет мекемелерінің қызметкері); баспа ісі (баспа өнімінің корректоры, редакторы); БАҚ, оның ішінде Интернет (газеттер, радио, теледидар, журналдар редакциясының қызметкері); білім беру (орта және орта арнаулы оқу орындарының оқытушысы) болып табылады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары төмендегідей бағыттардың әзірлемесімен байланысты: орыс әдебиетінің теориясы мен тарихы мәселелері, орыс және Батыс Еуропа әдебиетінің жанры мен стилі мәселелері, тілдің онтологиясы мен эпистемологиясының теориялық мәселелері, жоғары оқу орындары мен мектептерде орыс тілі мен әдебиетін оқытудың лингводидактикалық негіздері, орыс тілін оқытудың лингвистикалық базасы ретінде әртүрлі жүйелік тілдерді салыстыру, тілдік бірліктердің деңгейаралық байланыстарын құрылымдық-семантикалық талдау, көптілділік жағдайында орыс тілінің қолданылуы мен дамуы мәселелері.