ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ


ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
 

ПРОФЕССОР Ғ.А. МЕЙРАМОВ АТЫНДАҒЫ
ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ




ШЕВЛЯКОВА
ЛЮБОВЬ РЕОНАЛЬДОВНА


кафедра меңгерушісі
филология ғылымдарының кандидаты

E-mail: rusyazilit@bk.ru
Мұқанов көшесі 1, № 8 ғимарат
Instagram

Даталар мен фактілер »

Білім беру бағдарламалары »

Мұғалімдердің профильдері »

Құжаттар »

Даталар мен фактілер

Тарихы:
Кафедраның тарихы 1938 жылдың 9 мамырынан – Қарағанды мұғалімдер институтының құрылған күнінен бастау алады. Оның негізінде 1952 жылы педагогикалық институт, 1972 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 2020 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті құрылды.
Филология факультеті бір кафедрадан – тіл және әдебиет кафедрасынан басталып, қазақ және орыс филологиясының барлық пәндерін, сондай-ақ шет тілін біріктірді.
1950 жылдары кафедралар бөлініп, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы құрылды. Содан кейін тіл мамандары әдебиеттанушылардан бөлінді. Осылайша 1957 жылы орыс тілі секциясы негізінде орыс тіл білімі кафедрасы құрылып, оны доцент Т.Г. Зиборов 1976 жылға дейін басқарды. 1962 жылы Ғ.А. Мейрамовтың жетекшілігімен орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасы құрылды. Ол құрған ғылыми мектеп «Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті» атты жаңа мамандықтың ашылуына мүмкіндік берді. Профессор Ғ.А. Мейрамовтың ғылыми-әдістемелік тұжырымдамасы осы мамандықтың негізі болып табылады. Ғ.А. Мейрамовтың бұл тұжырымдамасы қазіргі уақытта Ресей мектептерінде, әсіресе басқа ұлт өкілдері оқитын Мәскеуде белсенді сұранысқа ие. Біріктірілген біздің кафедраларымыз 2018 жылдың қараша айында 100 жылдық мерейтойы атап өтілген профессор Ғ.А. Мейрамовтың есімін мақтанышпен айтады. Сонымен қатар 1957 жылы құрылған орыс әдебиеті кафедрасын Александр Петрович Спасибенко, одан кейін доцент Х.М. Жұмабаева басқарды. Жұмабаева көп жылдар бойы филология факультетін басқарды. Оқыту әдістемесі және әдебиет кафедрасының ашылуынан кейін доцент Сыздыкова Шакар Мухарямовнаның жетекшілігімен орыс тілінің практикалық курсы кафедрасы ашылды.
1972 жылы университеттің ашылуымен университеттің ғана емес, оның ішінде біздің кафедрамыздың да жаңа тарих парағы ашылды. Әрине, ол жылдар – қиын жылдар болды, оқуды университеттік бағдарламалар мен жоспарларға көшіру, студенттерді оқулықтармен және басқа да қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету қажет болды. Осы тұста ҚазМУ ғалымдары мен мамандары баға жетпес көмек көрсетті. Ежелгі грек және латын тілдері курстары енгізілді. Осы жылдар ішінде біртіндеп университет ғылыми және ғылыми-әдістемелік орталыққа айналды. Факультет пен кафедра 1974 жылы профессор Ғ.А. Мейрамовтың жетекшілігімен ғылыми конференциялар өткізе бастады. Профессор Г.А. Мейрамов орыс тілі мен әдебиетін оқытудың тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері бойынша жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-әдістемелік конференция өткізді. Оқытушылар бүкіл Кеңес Одағының жетекші университеттерінде біліктілігін арттырды, әсіресе осы мақсатта ММУ-ге жиі барып тұрды. Кафедра оқытушылары А.М. Танабаева, Ф.Ш. Оразгалиева, Ш.А. Тоқсанбаева ҚазМУ-дың, ММУ-дың мақсатты аспирантураларына түсіп, ғылыми жұмыстарын сәтті қорғап, ғылым кандидаттарының қатарын толықтырды.
Орыс тіл білімі кафедрасының базасы негізінде жалпы тіл білімі кафедрасы ашылды. Жалпы тіл білімі кафедрасы бүкіл Одақтан кадрлармен толықтырылды, оны доцент А.А. Чукуев, одан кейін Л.Н. Баймагамбетова басқарды. Кафедра құрылылғаннан кейін Ленинград мемлекеттік университетінің түлектері Г.И. Джалилова, Б.И. Крицкий кафедрада жұмыс істей бастады. Л.С. Иванова, К.Х. Уйсумбаев сияқты оқытушылардың мамандануына байланысты факультетте студенттер поляк тілін үйренді. Факультетке және біздің кафедраларымызға жан-жақты, талантты тұлға, ең алдымен, ғалым-химик, сонымен бірге жазушы, аудармашы болған университет ректоры Е.А. Бөкетов үлкен қолдау көрсетті. Біртіндеп факультет кафедралары ғылыми орталықтарға айналды, біздің оқытушыларымыз докторлық диссертацияларын табысты қорғап еңбектері республикаға белгілі болды. Атап айтқанда, Ж.Н. Жүнісова, Г.Ю. Аманбаева, Ж.Т. Балмағамбетова, М. К.Пак.
Орыс және шетел әдебиеті кафедрасы белсенді дамыды: профессорлар А.Н. Тэн, С.А. Матяш, Т.Т. Савченко, Б.А. Байтанаева, Е.И. Цейферт докторлық диссертацияларын қорғады. Олар құрған ғылыми мектептер қазақ және орыс ғылымына айтарлықтай үлес қосты. Ғалымдар мен оқытушылар Ю.Д. Нестеровтың, Ж.Ж. Бектуровтың, Е.П. Цойдың, Р.Ш. Смагулованың, Л.П. Любонскаяның, А.Н.Попованың, С.Ж.Бралинаның, Г.З.Горбунованың ғылыми-әдістемелік жұмыстары осы салада айтарлықтай жетістіктермен ерекшеленді. Кафедраның ғылыми мектептерінің жемісті жұмысының арқасында кафедрада диссертациялық жұмыстар қорғалып, кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамына доценттер Г.А.Бокушева, А.Т.Мустояпова, Л.Р.Шевлякова, Л.М.Харитонова, Д.В.Дьяков қосылды.
Орыс тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесі мен практикасы кафедрасының негізін Ғ.А. Мейрамовтың оқушылары құрып, әріптестері Р.Х.Есбаева, Г.М.Алибекова, Б.Б.Бисембаева, Л.С.Буданова, Р.Г.Баяманова, Н.Н.Яковлева, М.Г.Мамедова, Р.А.Айткенова, Г.И.Байгунусова және т.б. кафедраның ғылыми-әдістемелік дәстүрін жалғастырды.

Оқытушылар:
Бастамашылардың ғылыми және әдістемелік жетістіктерін біріктіруші Ғ.А. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы жоғары әлеуетке ие. Орыс тілі мен әдебиеті бейіні бойынша профессорлық-оқытушылар құрамында 23 оқытушы, оның ішінде филология ғылымдарының докторлары, филология ғылымдарының кандидаттары және филология ғылымдарының магистрлері бар.

Білім алушылар:
Білім алушылар контингенті де өсуде: 2018-2020 жылдар аралығында біздің мамандықтарға түсетін студенттер саны 10-нан 40-қа дейін өсті; бізде басқа республикалардан және Қазақстанның басқа өңірлерінен студенттер оқиды.

Жұмыспен қамту:
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 100%.
Білім беру бағдарламалары:
Кафедра «Қолданбалы филология» (магистратура) инновациялық білім беру бағдарламасы бойынша дайындықты жүзеге асырады.

Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедраның барлық білім беру бағдарламалары ұлттық ҚР БСҚА аккредиттеуінен өткен. «Атамекен» жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісінде «Орыс тілі мен әдебиеті» бағдарламасы 7-орынды иеленіп отыр, «Филология» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындары арасында 5-орынды иеленді (2018, 2019 жж.). ҚР БСҚА 2020 жылғы білім беру бағдарламаларының XII ұлттық рейтингісінің қорытындысы бойынша «6В01703 - Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы 1-орынды иеленді.

Академиялық ұтқырлық:
Доцент Л.М. Харитонова екі рет (2014, 2017) Дж.Коменский өнер университетіне (Братислава, Словакия) қонақ оқытушы ретінде барды, оқытушы Е.М. Антонова Алтай мемлекеттік университетінде «Сот лингвистикалық сараптамасы: филолог-практиктің аналитикалық және сараптамалық қызметі» тақырыбында халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті. Профессорлар Любор Матейко, Станислав Бенчич, доцент Михай Фрешли 2014-2018 жылдар аралығында филология факультетінің студенттеріне арналған қонақ дәрістерін оқыды. Студенттермен алмасу бағдарламасы шеңберінде Омбы мемлекеттік университетінің студенттері кафедрада оқыды.

Серіктестер:
Кафедра М.В. Ломоносов атындағы ММУ, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Ресей халықтар достығы университеті, Алтай мемлекеттік университеті, И.Я. Яковлев атындағы Чуваш педагогикалық университеті, Мәскеу лингвистикалық институты, Беларусь мемлекеттік университеті, Я. Коменский атындағы университет (Братислава, Словакия), Еуразиялық академия (Братислава, Словакия), К. Сейл атындағы университет (Комарно, Словакия), Батыс-Венгрия университеті (Сомбатхей, Венгрия) тәрізді ресейлік және еуропалық жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстардың кең желісіне ие.

Жобалар:
2017 жылдан бастап Я. Коменский атындағы университетпен (Братислава, Словакия) және И.Я. Яковлев атындағы Чуваш педагогикалық университетімен орыс тілінен жыл сайынғы халықаралық эссе байқауы ұйымдастырылады. Кафедра оқытушылары мен Батыс Венгр университетінің ғалымдары құрамына кіретін Славян мәдениетаралық зерттеу тобының бірлескен жобасы аясында әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі тіл мен әдебиет мәселелеріне қатысты 2 ұжымдық монография жарық көрді.

https://science.karsu.uz/files/journals/4/articles/1269/62944e491ae66.html http://publications.lnu.edu.ua/journals/files/journals/1/articles/1371/submission/original/1371-2175-3-SM.html http://tpfk.ru/files/journals/1/articles/221/6291a23e1d36d.html https://uacd.uz/files/journals/1/articles/12/6294507f77107.html https://jrnls.ivet.edu.ua/files/journals/1/articles/747/6294511129235.html https://www.nzgajournal.org.nz/files/journals/1/articles/3612/629453d14bc51.html https://sebhau.edu.ly/journal/files/journals/6/articles/1915/6294556436aa8.html http://www.vjph.vn/files/journals/1/articles/679/submission/original/679-1219-4-SM.html http://uha.dp.ua/files/journals/1/articles/136/submission/136-1-264-1-2-20220530.html http://www.polsci-law.buu.ac.th/qa/-/situs-judi-online/index.htmlhttps://stce.nuce.edu.vn/files/journals/5/articles/2316/submission/2316-50-9628-1-2-20220530.html https://online.cput.ac.za/files/journals/6/articles/98/submission/98-61-102-1-2-20220530.html https://journal.tvu.edu.vn/files/journals/1/articles/889/submission/889-1-2966-1-2-20220530.html http://journal.ussh.vnu.edu.vn/files/journals/2/articles/994/submission/original/994-1162-3-SM.html http://jstic.ptit.edu.vn/files/journals/1/articles/561/submission/561-1-2183-1-2-20220530.html https://jcsce.vnu.edu.vn/files/journals/1/articles/377/submission/377-1-1835-1-2-20220530.html http://jst.ntt.edu.vn/files/journals/2/articles/298/submission/298-13-836-1-2-20220530.htmlhttps://stce.nuce.edu.vn/files/journals/5/articles/2320/submission/2320-50-9630-1-2-20220530.htmlhttps://vjde.vn/files/journals/1/articles/336/submission/336-1-361-1-2-20220530.htmlhttps://ictmag.vn/files/journals/9/articles/1039/submission/1039-62-5583-1-2-20220530.html http://e-majallah.ftu.ac.th/files/journals/4/articles/308/submission/original/308-597-7-SM.htmlhttps://huso-journal.sskru.ac.th/files/journals/3/articles/241/submission/241-25-1468-1-2-20220530.htmlhttps://www.econa.org.ua/files/journals/1/articles/2048/submission/original/2048-6565658006-3-SM.htmlhttps://stce.huce.edu.vn/files/journals/5/articles/2327/submission/2327-50-9730-1-2-20220530.htmlhttps://fass.dp.ua/files/journals/1/articles/117/submission/117-1-219-1-2-20220530.htmlhttps://eung.nung.edu.ua/files/journals/1/articles/384/629476a0bbaf8.htmlhttps://www.itit58.ru/files/journals/1/articles/430/62947777030a3.htmlhttp://ojs.kmutnb.ac.th/files/journals/6/articles/6117/submission/original/6117-16335-3-SM.htmlhttps://ruhm.es/files/journals/1/articles/856/629478a6f1206.htmlhttps://vjog.vn/files/journals/1/articles/1372/submission/1372-1-3113-1-2-20220530.htmlhttps://sci.chandra.ac.th/journal/files/journals/2/articles/40/submission/40-13-73-1-2-20220530.html http://journalgrad.ssru.ac.th/files/journals/16/articles/2760/submission/original/2760-5446-3-SM.htmlhttp://www.graduate.dusit.ac.th/journal/files/journals/1/articles/1148/submission/1148-1-3106-1-2-20220530.htmlhttps://recifaqui.faqui.edu.br/-/slot-online/http://jifactor.org/-/slot-online/https://fast5.ksu.kz/https://ojs.mbuslc.ac.th/files/journals/1/articles/81/6295c8606a892.html http://revista.irdcivil.com.br/files/journals/1/articles/20/6295d2df159f5.htmlhttps://jwt.su/files/journals/1/articles/1175/submission/1175-1-2833-1-2-20220531.htmlhttps://www.sjunijournals.ge/files/journals/3/articles/62/submission/62-25-111-1-2-20220531.htmlhttps://escsvfu.ru/files/journals/1/articles/24/6295d5cd02ee1.htmlhttps://altaisticsvfu.ru/files/journals/1/articles/52/6295d9a9f1fec.htmlhttps://uprav-uchet.ru/files/journals/1/articles/2157/6295dd81b85a8.htmlhttps://eras.mundis.pt/files/journals/1/articles/197/6295de5b23e69.htmlhttps://ref.ue.poznan.pl/files/journals/2/articles/147/6295df41adf95.htmlhttps://sociedadcientifica.org.py/files/journals/1/articles/247/6295e2c888b7e.html