кафедра меңгерушісі
PhD докторы
доцент
Телефон: +7 7212 51-66-06
E-mail: istkaz_kargu@mail.ru
Гоголь көшесі 38, №4 ғимарат
Facebook, Instagram
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Кафедраның көпжылдық тарихы бар. Қазақстан тарихы кафедрасы 1997 жылы құрылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ш.Р.Момынова (1997-1998 жж.) болды. Кейінгі жылдары кафедраға басшылық еткен адамдар: профессор Т.А. Алимбаев (1998-2001 жж.; 2004 - 2006 жж.); т.ғ.к., доцент Б.С. Малыбаева (2002 - 2004 жж.); т.ғ.д., профессор В.В. Козина (2006 - 2012 жж.); т.ғ.к., доцент Д.А. Джумабеков (2012 - 2019 жж.). 2019 жылдан бастап кафедраны PhD доктор, доцент А.З. Жұманова басқарады.
Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша ізденушілік қызметін атқарды. Осы уақыт ішінде кафедраның 11 оқытушысы кандидаттық диссертацияларын қорғады.
2015 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан тарихы кафедрасы Қазақстан тарихы және ҚХА кафедрасы болып өзгертілді.
Кафедра дәстүрлері:
Кафедраның құрылған уақытынан бастап жыл сайын дәстүрге айналған іс-шаралар жүзеге асырылып келеді. 1998 жылдың желтоқсан айынан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан тарихы кафедрасы «Қазақстан – менің Отаным» атты ғылыми-тәжірибелік студенттік конференциясын өткізіп келеді. 2015 жылы конференция Республикалық мәртебеге ие болды. Конференцияға ҚарМУ-дың барлық факультеттерінің студенттері қатысады, олардың ішіндегі белсенділік танытқандары грамоталармен және дипломдармен марапатталады. 2012 ж. кафедра тарихында тұңғыш рет оқытушылардың жетекшілігімен дайындалған студенттердің үздік жұмыстары жарияланған «Қазақтар әлемі» жинағы жарық көрді.
Кафедра қаланың және аймақтың студент жастарының кездесу орнына, республикалық студенттік акцияларды, конференцияларды, пікірталастарды, дөңгелек үстелдерді өткізу орталығына айналды. Кафедра оқушылар мен колледж студенттері арасында «Тарих тағылымы» атты ғылыми жобалар мен бейнероликтер байқауын, «Тарих сабақтары» ғылыми жұмыстар байқауын, Қарағанды облысы оқушыларының Қазақстан тарихы бойынша олимпиадасын, оқушылардың «Мәңгілік Ел – болашақтың бастауы» атты облыстық конференциясын ұйымдастырады. Іс-шаралар Елбасы Н.Ә.Назарбаев белгілеген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы басымдықтарды іске асыруға бағытталған. Отандық тарихи-мәдени мұраны насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Өткізілетін ғылыми-білім беру, әлеуметтік-мәдени іс-шаралар, акциялар Қазақстандағы азаматтық бейбітшілік пен этносаралық толеранттылықты сақтауға және нығайтуға бағытталған.