кафедра меңгерушісі
PhD докторы
доцент
Телефон: +7 7212 51-66-06
E-mail: istkaz_kargu@mail.ru
Гоголь көшесі 38, №4 ғимарат
Facebook, Instagram
Кафедра университет факультеттерінде «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні бойынша студенттерді дайындауды жүзеге асырады. Оқу барысында кафедра студенттердің бойында әлеуметтік маңызды отансүйгіштік қасиеттер мен құндылық ұстанымдарын қалыптастырады. Кафедра оқытушылары білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттайды.
Кафедрада тарих ғылымдарының докторлары, кандидаттары, магистрлері, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін марапатталған Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты қызмет атқарады.
Кафедра Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралары қауымдастығының құрамына кіреді, Қарағанды облысының ҚХА-мен, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасымен, С.Торайғыров атындағы ПМУ-н, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерімен ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Кафедра жанында демонстрациялық кабинет жұмыс істейді, онда көрнекі-демонстрациялық материалдар, презентациялар, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі бойынша депозитарий қойылған.