кафедра меңгерушісі
педагогика ғылымдарының кандидаты
доцент
Телефон: +7 72 12 35 12 50
E-mail: d61975@rambler.ru
Карбышев көшесі, 7, № 11 ғимарат
Facebook, Instagram
Білім беру бағдарламалары
6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу: бакалавриат. Бағдарлама мектепке дейінгі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымды басқару дағдылары қалыптасқан, бәсекеге қабілетті педагогтарды дайындаумен байланысты. Оқу барысында студенттер ерте, мектепке дейінгі және мектепалды жастағы балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту туралы білім алады. Түлектер бакалавр дәрежесін алады және мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші, әдіскер, меңгеруші; жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде мектепалды даярлық мұғалімдері; педагогикалық колледждердегі психологиялық-педагогикалық пәндердің оқытушылары; білім беру бөлімдеріндегі әдіскерлер, жетекші мамандар; педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарында мектепке дейінгі тәрбие бойынша маман болып жұмыс істей алады.
7М01200201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу: магистратура. Бағдарлама нағыз кәсіпқой болуға, қазіргі заманғы міндеттерді шешуге, бәсекелестік ортада, педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінде алған білімдері мен дағдыларын басшылыққа алуға, қазіргі ғылыми-практикалық деңгейде педагогикалық қызмет саласындағы әлеуметтік маңызы бар міндеттерді жоғары кәсібилікпен шешуге; білім беру жүйесінің жалпыұлттық басымдығын дамыту үшін негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді. Түлектер педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және барлық типтегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында; білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында; білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдарда әртүрлі деңгейдегі маман болып жұмыс істей алады.
6B01101-Педагогика және психология: бакалавриат. Бағдарлама білім беру және менеджмент саласында кәсіби құзыреттілікке ие, бәсекеге қабілетті педагог-психологты даярлаумен байланысты. Оқу барысында студенттер педагогикалық ортадағы әртүрлі психологиялық проблемалар бойынша диагностикалық және түзету жұмыстарын жүргізеді, оқушыларға, олардың ата-аналарына және мұғалімдеріне кеңес береді. Психологиялық білім беруді жүргізеді және білім беру субъектілерінің психологиялық-педагогикалық процесінің тиімділігін арттыру үшін психологиялық қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Түлектер бакалавр дәрежесін алады және білім беру ұйымдарында, балалар үйінде, арнайы түзету ұйымдарында, санаторий және спорт мектептерінде психолог ретінде; практикалық психологтар; педагогикалық колледждерде, лицейлер мен гимназияларда психологиялық-педагогикалық пәндердің оқытушылары; әртүрлі типтегі білім беру мекемелерінде әдіскер ретінде жұмыс істей алады.
7M01100101-Педагогика және психология: магистратура. Бағдарлама нағыз кәсіпқой болуға, заманауи міндеттерді шешуге, қазіргі бәсекелестік ортада, білім беру жүйесінде сұранысқа ие басқарушылық және ғылыми-зерттеу қызметінде алған білім мен дағдыларды басшылыққа алуға мүмкіндік береді. Түлектер педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алады және жалпы орта білім беретін мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдарда, интернаттарда, гимназияларда, лицейлерде, мектептен тыс білім беру мекемелерінде, педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтарында психолог, педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытушы; педагогикалық ғылыми мекемелердің қызметкері болып жұмыс істей алады.
8D01101-Педагогика және психология: докторантура. Бағдарлама білім алушының теориялық, практикалық және жеке дайындығын жетілдіреді; педагогикалық бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын және теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіби қызметке дайындықты қалыптастырады; педагогика мен психология саласында кәсіби білім мен практикалық дағдыларды меңгереді; ғылыми зерттеулердің кешенді процесін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру дағдыларын; жаңа және күрделі идеяларды сыни талдауды, бағалауды және қорыту дағдыларын игереді. Болашақ докторанттар ғылыми еңбек ұйымдастыруды, зерттеу бағытындағы жүйелі білімді зерделейді, ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру білігін; зерттеу нәтижелерін жоспарлау және болжау білігін; ұлттық және халықаралық деңгейде жарияланымға лайық ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өзіндік ерекше зерттеулермен үлес қосу білігін қалыптастырады. Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында, біліктілікті арттыру институттарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу институттарында, білім департаменттерінде жұмыс істей алады.