кафедра меңгерушісі
РhD докторы
Қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 35-64-16
E-mail: gtp_326@mail.ru
Университет көшесі, 28, №1 ғимарат
Facebook, Instagram
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы өзінің қалыптасу және даму тарихы бар кафедра. Кафедра жетекші рөлге ие бола отырып құқықтану саласында жоғары білікті мамандар даярлауды жолға қойған. Заң факультетінің қалыптасуындағы ең күрделі мәселелердің бірі білім беру процесін ғылыми және педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету болды. Бұл мәселе басқа университеттердің жетекші ғалымдарын шақыру арқылы шешілді. Сондықтан 1975-1977 жылдар аралығында азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасын Калининград мемлекеттік университетінің доценті, з.ғ.к. И.В.Гущин басқарды. Кафедрада оқу үдерісін жүзеге асыруда Беларусь мемлекеттік университетінен келген доцент А.М.Туезарова, оқытушы А.Е.Тимшкевич, А.А.Жданов атындағы ЛМУ бітіргеннен кейін жас мамандар Е.Н.Нургалиева (қазір заң ғылымдарының докторы, профессор), әл-Фараби атындағы ҚазМУ түлегі Т.П.Щеголевалардың (қазір заң ғылымдарының докторы, профессор, Орынбор аграрлық университетінің деканы) және тағы басқалардың келуі үлкен көмек болды.
70-ші жылдардың соңында азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы және ауылшаруашылық және еңбек құқығы кафедрасы болып екіге бөлінді, алайда 1995 жылы қайта біріктірілді.
Қазіргі уақытта кафедра «Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы» деп аталады.
Кафедраны әр жылдары доцент В.С.Ем, доцент Т.П.Иосифиди, аға оқытушы З.Т.Нурабаева, доцент Т.Р.Кенжетаев, з.ғ.к., доцент С.Б.Идрисова, з.ғ.к., доцент М.Ж.Муканова, з.ғ.к. В.В.Зинченко басқарды. 2008 жылдан 2019 жылға дейін азаматтық және еңбек құқығы кафедрасын Қарағанды университеті заң факультетінің 1997 жылғы түлегі з.ғ.к., доцент А.С.Киздарбекова басқарды.
2019 жылдан бастап кафедраны з.ғ.к., профессор Ильясова Гульжазира Актуреевна басқарады.
Оқытушылар:
Кафедрада барлығы 16 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде заң ғылымдарының кандидаттары, философия докторлары (PhD), заң ғылымдарының магистрлері, 3 оқытушы – республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері бар.
Білім алушылар:
2020-2021 оқу жылында: кафедрада 84 білім алушы мамандандырудан өтуде.
Инновациялық білім беру бағдарламалары:
5В030100 - «Құқықтану» (бакалавриат);
6В04202 - «Бизнесті заңдық қамтамасыз ету» (бакалавриат) (2019 жылдан бастап жүзеге асырылуда);
7М04207802.01 - «Бизнесті заңдық қамтамасыз ету» (бейіндік магистратура) (2019 жылдан бастап жүзеге асырылуда);
7М04207802 - «Бизнесті заңдық қамтамасыз ету» (ғылыми-педагогикалық магистратура) (2019 жылдан бастап жүзеге асырылуда);
6D030100 - «Құқықтану» (докторантура).
Жұмысқа орналастыру:
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 75%-ды құрайды.
Диссертациялық кеңес:
6D030100-«Құқықтану» бағыты бойынша докторлық диссертацияларды қорғау бойынша.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
«Құқықтану» білім беру бағдарламасы БСҚТА-да ұлттық аккредиттеуге ие және ұлттық рейтингілерде лайықты орындарды еншілеген: 6М030100 «Құқықтану» бағдарламасы 2019 және 2020 жылдары БСҚТА рейтингісінде 1-орын алды; 8D04207801 «Құқықтану» бағдарламасы АРТА рейтингісінде 2019 жылы 3-орын және 2020 жылы 2-орын алды.
Тағылымдамалар:
Кафедра оқытушылары Германия, Чехия, Болгария, Әзірбайжан, АҚШ-тың жетекші халықаралық білім беру орталықтарында, «Өрлеу» АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бағдарламалары бойынша біліктіліктерін арттыруда. Кафедра профессоры А.С.Киздарбекова 2013 жылы «Interkulturelle Weiterbildungs Gesellschaft e.V.» халықаралық білім беру және ғылыми ақпарат орталығында (Дюссельдорф қ., Германия), 2016 жылы PennStateLow-да (Пенсильвания, АҚШ) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті.
Профессор Г.А.Ильясова 2014 жылы Генрих Гейн атындағы Дюссельдорф университетінің базасында «Interkulturelle Weiterbildungs Gesellschaft e.V.» (Германия, Дюссельдорф қ.) халықаралық білім беру және ғылыми ақпарат орталығында шетелдік тағылымдамадан өтті. 02.11-02.12.2020 жылы профессор Г.А.Ильясова Мемлекеттік инфрақұрылым және технологиялар университетінің заң факультеті базасында «ХХІ ғасырдағы заң ғылымының дамуының өзекті тапсырмалары мен бағыттары» тақырыбы бойынша қашықтықтан халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті (Киев, Украина).
Аға оқытушы Г.Б.Асетова 11.09.-30.09.2017 жылы Әзірбайжан Республикасы ІІМ Полция Академиясының азаматтық құқық кафедрасында «Әзірбайжан Республикасында кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу» тақырыбы бойынша ғылыми тағлымдамадан өтті (Баку, Әзірбайжан).
Жобалар:
Кафедра шетелдік ғылыми-білім беру орталықтарының өкілдерімен белсенді ынтымақтастық жасайды. Шет елдердің ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде кафедраның ПОҚ цивилистік ғылым мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді, халықаралық ғылыми-білім беру жобаларын іске асыруға қатысады.
2013-2015 жж.: доцент А.С.Киздарбекова, профессор Г.А.Ильясова, доцент М.Т.Акимжанова TEMPUS-VI бағдарламасы бойынша «Орталық Азияның жоғары білім беру жолында: тюнинг құрылымы және сапалы мәдениетті құру» (TuCAHEA) халықаралық ғылыми-білім беру жобасын іске асыруға қатысты.
2015-2017 жж.: кафедра профессоры Г.А.Ильясова «Қазақстанда және қазіргі әлемде ювеналды жүйенің қалыптасуы мен дамуында баланың құқықтарын конституциялық-құқықтық қорғау және қамтамасыз ету» іргелі грант тақырыбын орындаушы ретінде (ҰШЖ) жүзеге асыруға қатысты.
2021 жылы республикалық конкурс нәтижесінде кафедра оқытушылары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021-2023 жж. арналған ИРН AP09259787 «Мемлекеттік тілдегі нормативтік-құқықтық актілердің сапасын қамтамасыз етудің теориясы және тәжірибесі (азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамалары саласында)» іргелі тақырыбы бойынша грантқа ие болды. Ғылыми жетекшісі з.ғ.к., профессор Г.А.Ильясова.
Серіктестер:
Кафедра докторанттардың кеңесшілері болып тағайындалған Әзірбайжан Республикасы ІІМ полиция академиясының құқық бойынша философия докторы Р.Ю.Мамедов (Әзірбайжан), құқық бойынша доктор, «Неофит-Рильский» Оңтүстік-Батыс университетінің профессоры Д.Чанкова (Болгария), заң ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік инфрақұрылым және технологиялар университетінің шаруашылық және көлік құқығы кафедрасының меңгерушісі Е.Н.Клюева (Украина) сияқты шетелдік профессорлармен ынтымақтастық туралы шарттар жасасты.
Кафедра оқытушылары шетелдік ғалымдармен бірлесіп Scopus базасына кіретін рейтингтік журналдарда, ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар жариялайды.