кафедра меңгерушісі
педагогика ғылымдарының кандидаты
доцент
Телефон: +7 72 12 35 12 50
E-mail: d61975@rambler.ru
Карбышев көшесі, 7, № 11 ғимарат
Facebook, Instagram
Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасы мектепке дейінгі білім беру және психологиялық-педагогикалық бағыттағы мамандарды даярлауды жүзеге асырады. Кафедра бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын ұсынады.
Кафедра студенттері келесі траекториялар бойынша оқуға мүмкіндік алады: «Педагогика және психология» және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу». Оқыту бағдарламасына «Мектепке дейінгі педагогика», «Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеуін дамыту әдістемесі», «Бала психологиясы», «Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы», «Жас ерекшелік және педагогикалық психология», «Коучинг негіздері», «Сын тұрғысынан ойлау», «Девиантология негіздері», «Практикалық психология» секілді пәндер кіреді. Студенттер мектепке дейінгі білім беру, педагогика және психология саласында арнайы білім алады.
Кафедра түлектері білім беру ұйымдарында, балалар үйінде, арнайы түзету ұйымдарында, санаторий және спорт мектептерінде психолог; мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші, әдіскер, меңгеруші; жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде мектепалды даярлық пәнінің мұғалімі; педагогикалық колледждерде психологиялық-педагогикалық пәндер оқытушысы; білім бөлімдерінде әдіскер, жетекші маман болып жұмыс істей алады.
Студенттер алғашқы күннен бастап университеттің ғылыми және мәдени өміріне белсенді түрде қатысады: пәндік олимпиадаларға қатысып (жыл сайын жүлделі орындарға ие болады), ғылыми конференциялар мен форумдарда баяндама жасайды, шығармашылық конкурстарға, спорттық жарыстарға қатысады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары болашақ педагогтардың кәсіби дайындығын жетілдірумен, жоо студенттеріне азаматтық тәрбие беру негіздерін қалыптастырумен, жоғары мектеп жағдайында нағыз ұлт өкілін тәрбиелеумен, мектепке дейінгі ұйымдарда этномәдени сәйкестілікті қалыптастырумен байланысты.